Ндірістік практика IІI


Өндірістік практика III мақсаты



бет2/13
Дата08.04.2023
өлшемі47,95 Kb.
#80682
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Өндірістік практика ІІI Турик тили Сонгысы 02.02.2023 (1)

Өндірістік практика III мақсаты:
Аталмыш практика 6B02333 – Шетел филологиясы: түрік тілі білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің төмендегідей кәсіптік дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді:
- мамандығы бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсібилігі мен біліктілігін жетілдіру;
- білім беру мекемелерінің ғана емес, туристер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ мәдени-рухани бағытта қызмет атқаратын орындардың қызметтерінің нақты жағдайларына бейімдеу;
- оқу үдерісі кезінде алған теориялық білімдерін практикада қолдану арқылы одан ары дамыту, жетілдіру;
- практикалық іс-әрекеттің дағдыларын үйрену, озық тәжірибелерді меңгеру және мамандыққа сәйкес өндірістік практикада қолданылатын әдіс-тәсілдерді игеру;
- мұғалімдік қызмет атқаруда керекті өмірлік тәжірибе жинау, ұйымдастыру, басқару, жоспарлау, ұжыммен және көпшілікпен қарым-қатынас жасаудың этикалары мен нормаларын үйрену;
- ғылым мен қызметтің әр түрлі салалары бойынша қызығушылығын арттыру, ынталандыру, сыни және салыстырмалы көзқарас қалыптастыруға бағыттау, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
- іскерлік, моральдік қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдау т.б.
Өндірістік практика III негізгі міндеттері:
- өндірістік практиканың негіздері мен қағидаларын меңгерту;
- өндірістік қызметтің бастапқы тәжірибесі мен өндірістік шеберліктің негіздерін үйрету;
- мекеменің бекітілген қызметімен, бағдарламаларымен, алғышарттарымен, жоспарларымен, мүмкіншіліктерімен танысу, бақылау жүргізуге бағыттау;
- заманауи технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдіс-тәсілдерін игеру;
- қоғамдық саяси, ресми іс-қағаздарды және ғылыми-техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктерін меңгерту;
- туристерге қызмет көрсету, аударма жасау секілді салалар бойынша тәжірибелі мамандармен бірге жұмыстар атқару;
- қоғамдық жұмыстарды өз бетінше жоспарлап, өз бетінше жүргізудің және іскерлік қарым-қатынас пен көпшілікке қызмет етудің машықтары мен дағдыларына баулау;
- ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет