Пререквизиттері: - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
- Тұлғааралық коммуникация психологиясы
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
- Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
- Түрік тілінің практикалық грамматикасы
- Түрік тілінің теориялық фонетикасы
- Түрік тілі (морфология)
- Түрік тілінің лексикологиясы
- Түрік тілі (Синтаксис)
Өндірістік практика III соңғы нәтижелері (құзыреттері): Білім беру мекемелерінде, туристер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ мәдени-рухани бағытта қызмет атқаратын орындарда жүргізілетін Өндірістік практика III жоспарланған міндеттер мен бағдарламада көрсетілген бағыттар негізінде ұйымдастырылып, жүзеге асырылған жағдайда білімгерлердің 6B02333 – Шетел филологиясы: түрік тілі білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби біліктілігін жетілдіруіне, ұжымдық қарым-қатынас жасау арқылы қоғамдық, мәдени-рухани, ғылыми орталарда өзін-өзі ұстаудың нормалары мен этикаларын меңгеруіне, дербес және ұжымдық жұмыстарды атқару дағдысын арттыруына, түрік тілінің стильдік нормаларына сәйкес әр түрлі функционалды бағыттағы ауызша және жазбаша мәтіндерді аудару теориясын өз практикасында қолдана отырып, кәсіби деңгейдегі аудармашы болып қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Яғни, Өндірістік практика IІІ арқылы білімгерлер болашақ қызметінің қыр-сырын тікелей практика жүзінде сезініп, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтеді.
Өндірістік практика IІІ болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында білімгерлердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Білімгерлердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, өндірістік ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.
Өндірістік практика IІI бағдарламасындағы соңғы нәтижелерге сәйкес курс келесі құзыреттердің дамуына бағытталған