Жоспары: Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары



бет1/9
Дата05.09.2023
өлшемі1,7 Mb.
#106131
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дидактика каз


Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі

Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың негізгі ұғымдары.

 
Жоспары:
1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары
2. Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері мен атқаратын қызметтері
3. Оқытудың әдістері,классификациясы
А.Байтұрсынұлы мұрасынан:
«Білім - қарудың бір түрі.
Терең білімді адам шеберлікке бейім:
ол не істесе де, зор құрметке лайық»
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
1. Дидактиканың мақсат, міндеттері, обьектісі, пәні, негізгі категориялары
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
  • Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?
  • Кімді оқытамыз(оқыту субьектілері)?
  • Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)?
  • Неге оқытамыз(білім беру , оқыту мазмұны)?
  • Оқытуды қалай ұйымдастырамыз(оқытуды ұйымдастыру формасы)?
  • Оқытуға қандай құралдар қажет(оқулықтар , оқу құралдары , компьютерлік бағдарламалар , дидактикалық бағдарламалар және т.б.)?
  • Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер мен өлшемдер )?
  • Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?

Дидактиканың негізгі категориялары – білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері әдістері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес. Оқыту туралы ол «өтеді», ол «жүзеге асырылады» және «іске асады», ол адамға белгілі бір «білімдердің, іскерліктердің , дағдылардың берілуі», ол сондай –ақ оқушының білім алу мәселесі«шешілетін оқытушы мен оқушылардың мақсаты бағытталған өзара әрекеті», деп көп айтылып та, жазылып та жүр. Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне, шығармашылық қабілеттерін , дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға, оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет