Не информатика кафедрасы


Медициналық мәлімет базасымен жұмыс: кесте арасындағы байланыс, сұраныс, макрос



бет3/12
Дата20.04.2023
өлшемі276,59 Kb.
#84771
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Медициналық мәлімет базасымен жұмыс: кесте арасындағы байланыс, сұраныс, макрос
Мәліметтер қоры бірнеше кестелер жиынтығынан құрылады. Кестелер өзара бір-бірімен байланыста болу қажет. Кесте арасындағы мәліметтерді байланыстыруды кеңінен қарастырамыз. Мәліметтердің арасындағы байланыс типтері:

  • Бірдің – бірге

  • Бірдің – көпке

  • Көптің – көпке

Кестелер арасындағы байланыс қалай жұмыс істейді?


К елтірілген мысалда бес кестедегі өрістер бір сүраудың мәліметтерін көрсететіндей етіп байланысуы қажет. Бұл байланыс кестелер арасындағы байланысты орнату арқылы орындалады. Кестелер арасындағы байланыс екі кестеде де бірдей аттары бар кілтті өрістер сәйкес келетін мәндер арасында қатынастар орнатады. Көп жағдайда әрбір жазбаның уникалды идентификаторы болып табылатын бір кестенің кілтті өрісімен басқа кестенің сыртқы кілті байланысады. Мысалы, қызметкерлерді олар жауап беретін заказдармен байланыстыру үшін «Сотрудники» және «Заказы» кестелері арасында «КодСотрудника» өрістерінің көмегімен байланыс құру қажет.
« Бірдің-көпке» қатынасы

«Бірдің-көпке» қатынасы кестелер арасындағы байланыстың ең жиі қолданылатын қатынасы болып табылады. «Бірдің-көпке» қатынасында А кестесіндегі әр жазбаға В кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келеді, бірақ В кестесіндегі жазбаның А кестесіндегі сәйкес жазбасы бірден аспауы керек.


« Көптің-көпке» қатынасы

«Көптің-көпке» қатынасы кезінде А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді, ал В кестесіндегі бір жазбаға А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыстың бұл типі тек үшінші (байланыстырушы) кестенің көмегімен ғана мүмкін бола алады, оның бастапқы кілті А және В кестелерінің сыртқы кілттері болып табылатын екі өрістен тұрады. «Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен екі «бірдің-көпке» қатынасы болып табылады. Мысалы, «Заказы» және «Товары» кестелері арасында «көптің-көпке» қатынасы «Заказано» кестесімен екі «бірдің-көпке» қатынасын құру арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет