«Бірдің-бірге» қатынасы. «Бірдің-бірге» қатынасы кезінде А кестесіндегі жазбаның В кестесіндегі бір жазбамен ғана байланысы болады және керісінше. Бұл типті қатынастар сирек қолданылады, өйткені осылайша байланысқан мәліметтердің көбі бір кестеге орналасуы мүмкін. «Бірдің-бірге» қатынасы өте үлкен кестелерді бөлуге, кестенің бір бөлігін бөлуге, сонымен қатар басты кестедегі жазбалар көпшесіне қатысты мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, қызметкерлердің спорттық жарыстарға қатысуды тексеретін кесте құруға болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау. К естелер арасындағы байланыс байланысатын кестелерді «Схема данных» терезесіне қосу жолымен және кілтті өрісті бір кестеден екінші кестеге апару арқылы анықталады. Сонымен қатар байланыстарды пернетақта көмегімен анықтауға болады.
Microsoft Access-те құрылған байланыстың қатынас типі байланысқан өрістерді анықтау тәсіліне тәуелді.
«Бірдің-көпке» қатынасы өрістердің біреуі кілтті немесе уникалды индексі бар болғанда ғана құрылады.
«Бірдің-бірге» қатынасы байланыстаны екі өріс те кілтті немесе уникалды индекстері бар болғанда ғана құрылады.
«Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен «бірдің-көпке» екі қатынасы болып табылады, оның бастапқы кілті басқа екі кестенің сыртқы кілттерінен тұрады.
Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шартты қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс обьектісі не жай сұраныс деп атайды. Яғни, сұраныс – дегеніміз пайдаланушының шартын қанағаттандыратын шарт.
Access –те сұраныстың екі типін құруға болады: QBE-сұранысы, SQL-сұранысы.
QBEсұранысы (Query By Example) — бұл сұраныс конструкордың көмегімен құрылған сұраныс.
SQL-сұранысы — бұл сұраныс SQL (Structured Query Language — структурированный язык запросов) нұсқауының жиынтығы бойынша құрылған сұраныс.
Барлық сұраныстар екі топқа бөлінеді: таңдау сұранысы, әрекет (действие) сұранысы.