Не журналистика кафедрасы



бет31/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Қамтылатын мәселелер:
- Қазақстандағы әдеби-теориялық ой-пікірлердің дамуы.
- А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтың бұрынғы еңбектері. әдеби стиль өлең құрылысы мен өлең сөздің теориясы, сөз өнері жайлы зерттеу еңбектері.
- Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының бүгінгі күйі, проблемалары.
Көркемдік дәстүр мен әдеби процесс мәселелері, әдеби шығарманың көркемдік-идеялык, эстетикалық жарытылысы туралы 80-жыддардағы әдебиеттану ғылымының жаңа бір жетістігі академик З.Қабдоловтын "Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі" /Алматы, 1986/ атты еңбегі болды. Еңбекте М.Әуезовтің өмірі мен өнер жолы, оның шығармашылығындағы дәстүр мен жалғастық, ұлы суреткердің творчествосының жанрлыкқ құрамы мен тақырыптық идеялық тұтастығы, алуан қырлы шеберлік сырлары әңгімеленеді.
60-80 жылдардағы зерттеулерде әдебиет дамуындағы жалғастық, дәстүр мен оның жаңғыруы секілді мәселелерді зерттеуге арналған еңбектер кеңінен көрініс берді. Әдебиеттану ғылымында дәстүр, оның жалғасуы туралы академик М.Қаратаевтың әр жылдарда жарық көрген еңбектеріңдегі ғалымның тұжырымдары социалистік реализм аясында болғанымен, нақты каламгерлер туралы пікірлері маңыздылығын жойған жоқ. Ғалымның бұл саладағы ецбектерінде дәстүр мен жалғастық мәселесі әр қырынан қарастырылды.
Филология ғылымының докторы Ә.Дербісалиннің "Дәстүр мен жалғастық" /1976/ монографиясында ақындық дәстүр мен XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының арақатынасы қарастырылса, Б.Наурызбаевтың ""Қазақ прозасындағы Б.Майлин дәстүрі" /1979/ атты монографиясы да — сөз болып отырған мөселе туралы қазақ әдебиеттану ғылымыдағы құнарлы зерттеулердің бірі болды. Ш.Елеукеновтің "От фольклора до романа-эпопей", "Замандас парасаты", Е.Ғабдировтің "0 национальном и интернационалыном в советской литературе" еңбектері осындай бағыт-бағдарымен ерекшеленді. Аталған еңбектердің авторлары әдебиеттің басты теориялық принциптеріне, халықтық дәстүр мен жаңашылдық: жалғастық және тарихи деректер мен көркемдік шындык, психологиялық секілді ірі пробдемаларына, методолошялық категорияларға тоқталып, талдаулар жасайды. Дәстүр мен әдеби процесс, дәстүрдің жалғасу заңдылыктары бұл проблеманың табиғатын болмысын тереңінен камту зерттеуші үлкен дайындықты талап етеді. Бір әдеби кезең мен кейінгі бір әдеби кезең, жекелеген суреткерлер арасындағы дәстүрлік қатынасты, творчестволық әсер және осы сипаттағы құбылыстарды анықгау бүгінгі әдебиет үшін теориялық әрі практикалк маңызы жоғары проблема болып табылады. Осы саладағы ізденіс, ғылыми терендік "Дәстүр мен жаңашьлдық" атты ұжымдық монографияда кең көрініс тапқан. Аталған еңбекте қарастырылып отырған мәселенін ішкі мазмұны, ерекшелігі және зерттелу аясы, даму арналары мол әдеби материалдар негізінде карастырылды. "Әдебиеттің халықтағы және дәстүр жалғастығы", "Прозадағы психологизм", "Прозадағы лиризм және тарихи дәстүр".. "Повесть және қаһарман", "Образ жасаудағы ізденістер", "Қазақ романдарындағы замандас бейнесі", "Дәстүр тағылымы - драмада", "'Қазақ әдеби сыны жаңа міндеттер алдында" атты тарауларда әдебиеттің әр жанры саласында дәстүр дамуы, жаңашылдық секілді мәселе әр бағытта ашылып, жаңа тұжырымдар жасалды.
Көрнекті жазушы, М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың «Қылбұрау» («Ұлы даланың ұлы қайғысы» (2003) атты романында Қазақ елінің бірнеше ғасыр бойы Ресейдің отары болған кезеңдерінің зардаптары тақырып нысанына алынған, идеясы – ұлттық-тәуелсіздік жолындағы күрескерлік іс-әрекеттері өрістеткен қайраткерлер тұлғаларын даралау.
Романда қазақ халқының ұлттық-тәуелсіздік алуы жолындағы күрес-керлер Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Нұрдәулет Бабахановтың тарихи тұлғалары әдеби-көркем бейне деңгейінде алынған.
«Қылбұрау» романының композициясы мынадай бөлімдер мен тараулардан құралған: Бірінші бөлім: «Үміт пен үрей» (тоғыз тарау); Екінші бөлім: «Тайталас» (он бір тарау); Үшінші бөлім: «Жанталас» (он екі тарау) [164].
Роман композициясының тұтас желісіндегі оқиғалар барысында басты кейіпкер әр түрлі көлемдегі қамтылуымен ерекшеленеді. Мол қамтылғаны –Нұрдәулет.
Романдағы басты кейіпкерлердің өмір кезеңдерін эпикалық уақыт кеңістігімен қамту жүзеге асырылған. Романның алғашқы бөліміндегі тарауларда басты кейіпкерлердің өмірбаяндық деректері негізіндегі баяндалған, суреттелген жерлері шығарманың реалистік негізділігін танытады. Романның алғашқы тарауындағы кейіпкерлердің, жас бозбалалар Ахметтің, оның досы Нұрдәулеттің өзара достығын, оларды құрметтеген ата-аналарының көңіл-күй жағдайларын реалистік болмысымен көрсетеді:
«...Нұрдәулеттің жасы Ахметтен үлкендеу. Он бестен асқан кең иықты, мығым денелі Нұрдәулет жігіт көрінетін. Оның қасында Ахмет арық, үш-ақ жас кіші болса да, әлжуаз бала сияқты.
Балалар кеше келген, олардың екеуін де Бабахан әкеліп еді. Ахметті, қалыптасқан салт бойынша, үлкен той жасап, құрметті қонақ ретінде қарсы алған. Ауылдың бар ақсақалы, тіпті кәрі Жұмабайдың өзі, Бабаханға деген ежелгі өкпесін ұмытып, оған сәлем беруге келген.
...Нұрдәулет Бабаханов пен Ахмет Байтұрсынов аралас орыс-қазақ мектебінің пансионында бірге болған, екеуі елді сағынған сәттерінде, ұзақ түнде бір-біріне туған жердің сұлулығын суреттеуге жалықпайтын. Сондай күндердің бірінде әке-шешелерінен екеуін кезек-кезек бір-бірлерінің үйіне қонаққа жіберіп тұруларын өтінуге келіскен. Ахметтің әкес Байтұрсын және оның кіші інісі Ақтас Шошақов Сібірде, уезд бастығы Яковлевке бағынбағаны үшін аймақ сотының үкімімен айдауда болатын. Анасының рұқсатымен алыс Торғайдан, екі күндік жол жүріп, жол-жөнекей Жыландыдағы алыс туысқанының үйіне бір қонып, екі досты Құсұяға Бабахан алып келген» [164, 8-9 бб].
Роман композициясында Алаш көсемдерінің іс-әрекеттері саяси-әлеуметтік оқиғалар желісінде көрінеді. Романның алғашқы тарауында мінез-құлық дағдылары, көзқарастары үйлескен екі бозбаланың достық қарым-қатынастарын табиғи жағдайда сезінеміз. Екі достың Құсұя мекеніндегі Жалдама өзенінде суға түсіп, балықтарды (сазан, табан балық, шортан, алабұға, сыла, майшабақ, т.б.), аңдарды («Кенет қамыстың ар жағынан жолбарыстың қорқынышты ырылы естілді»), құстарды (Ақбас қыран, бүркіттер) көріп серуендеп жүргендегі көңіл-күйлері мен сөйлескен сөздері арқылы олардың атамекен, халық тағдыры туралы дүниетаным көзқарастарын аңғартады. Екі достың өзара пікірлесуі барысында әрқайсысының өмірлік шындыққа сәйкес көзқарастары, тереңдіктері де аңғарылады. Мысалы, бозбала Ахметтің осы өздері шомылып, демалып отырған мекенді түсінде көргенін баяндауы да әсерлі. Қазіргі өңінде көріп отырған табиғат сұлулығын өңіндегідей суретімен, қозғалыстарымен тұтастай түсінде көргендігін көзімен де, ойымен де білдіріп тұрған жас Ахметтің романтикалық-эстетикалық әсердегі көңіл-күйін жазушы оқырманның көз алдына елестеді.
«Өзеннің мүк басып балдыр өскен таяз жерінде құс қаптап жүретін. Көкқұтандар ұзын сирақтарын маңғаз басады. Бір аяған жылытып алғысы келгендей түбіттей үлпілдеген бүйірлеріне, бауырларына басып екінші аяғымен тапжылмай тұра береді. Сәлден кейін жылыған аяғымен жер басып, екінші аяғын бауырына алады. Алма-кезек аяқтарын ауыстырып, маңғаздана жүрген жүрістері сымбатты-ақ. Тұмсықтарын суға тығып, таяз жерге жүзіп келе қалған балықтарды немесе жапырақ астында тығылып отырған бақаны ұстап жейді. Кекіліктер, дуадақтар жортып жүреді, бөденелер ұшып келеді.
Әріде жағаны бойлап өскен қызанақ арасында бір аңның қозғалғаны, жүргені байқалады. Сұғанақ торғайлар мен сауысқандар еш нәрсеге көңіл аудармай, қызарған жемістерді шұқып жеп жатыр. Айналаның бәрінен керемет хош иіс мүңкіп, әсіресе жусанның иісі жан сарайыңды ашады. Жусанның дәл мұндай иісі бұл аймақта бұрындары сезілмеуші еді.
– Не деген сұлулық! Дәл осы жерді мен түсімде көргенмін. Бірақ мен содан кейін атыма міндім, ал мені аяқ асты пайда болған біреулер қап-қара, қорқынышты біреулер қуды! ... – Әрең-әрең естілердей сыбырлады Ахмет» [164, 10-11 бб].
Бұл – Алаш көсемі Ахмет Байтұрсыновтың балалық, жастық шағынан бастап өзі өмірден өткенінше ұлтшыл – Отаншыл көзқараспен өмір сүрген қайраткерлік ұстанымының да көрінісі. Бұл – сұлу табиғатының кеңістігіндегі адамдар да, аңдар да, құстар да, жұпар иісті өсімдіктері де тұтасқан ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН – ОТАНЫН сүйген күрескердің дүниетанымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет