Не журналистика кафедрасы



бет27/51
Дата02.11.2022
өлшемі462,36 Kb.
#46937
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
keshen s n tar.2022-2023

Бақылау сұрақтары:

- Қазіргі қазақ фольклористикасындағы типологиялық және жүйелі функционалдық зерттеу әдістері қандай?
- Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» еңбегінің маңызы қандай?
- М. Әуезовтің қазақ халқының ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жариялауға қосқан үлесі, қазақ фольклоры жайлы ой-пікірлері қандай?
Пайдалынылатын әдебиеттер:

  1. Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996

  2. Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974

  3. Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974

  4. Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997

  5. М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970

11-лекция: Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектері. Абай мұрасы Қ.Жұбановтың, М. Әуезовтың еңбектері. . ХХІ ғ.б. қазақ прозасындағы көркемдік шешім мен тілдік, стильдік ерекшеліктер. А.Мекебаев повестерінің көркемдік ерекшеліктері. Ж.Әлмашұлы шығармаларындағы ұлттық-этнографиялық ерекшеліктер. Ж.Ахмадидің әңгіме, повестерінің стильдік ерекшеліктері.
Қамтылатын мәселелер:
- Шоқан, Ыбрай, Абай шығармашылығы жайлы жаңа еңбектер.
- Ә.Марғұлан, Ш. Сәтпаева, З.Ахметов, Қ. Мұхаметханов, Ж.Ысмағұлов, М. Мырзахметов, Абайтанудың тарихы ондағы қайшылықты жағдайлар.
- Абай мұрасы Қ.Жұбановтың, М. Әуезовтың еңбектерінде. С.Мұқановтың соңғы жылдардағы зерттеулері.
1940 жылы Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай ақын мұрасын игеру істері жандана түсті. Абай шығармаларының толық жинағы басылып шықты. Онда М.Әуезов жазған ақынның толық өмірбаяны берілді. Ақын өлеңдерінің алғаш рет орыс тілінде «Абай Кунанбаев. Лирика и поэмы» (Москва, 1940) деген атпен басылып шығуы қазақ әдебиеті үшін айтулы оқиға болды. Е.Ысмайылов пен Қ.Беқхожиннің құрастыруымен ақын шығармаларының библиографиялық көрсеткіші тұңғыш рет басылып шықты. Абай шығармаларының толық жинағының қазақ және орыс тілдерінде шығуы, библиографиялық көрсеткіштің жасалуы абайтанудағы айтарлықтый жетістік болды.
Абайдың мұрасы жайлы баспасөз бетінде көптеген материалдар жарияланды. Ақын поэзиясы хақында әдебиет сыншылары мен ғалымдар, ақын-жазушылар кеңінен пікір алысты. М.Бөжеевтің «Абайдың аударма еңбектері (Абай мен Пушкин)» («Әдебиет және искусство», 1940, №2), Е.Ысмайыловтың «Кемеңгер Абай» («Әдебиет және искусство», 1940, №9), «Абай образы» («Абай» пьесасы жөнінде) («Әдебиет және искусство», 1941, №3), Қ.Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» («Әдебиет және искусство», 1940, №12), «Абай ұлы реалист ақын» («Әдебиет және искусство», 1941, №4), Қ.Қалиевтің «Абайдың «Толық жинағы» (Лениншіл жас. 1941, 11қаңтар), т.б. мақалаларында бұрынғы Абай феодал ақыны деген сияқты таптық тұрғыдағы танымынан гөрі қазақ әдебиетінің классигі ретінде тануға ұмтылушылық байқалды. Е.Ысмайылов «...Қараңғылық, әділетсіздік қаптаған кәрі дүниемен алысып, өз халқын жарық, нұрлы ғылым дүниесіне бастап кеткен кемеңгер Абай...» («Әдебиет және искусство», 1941, №3, 111-б.)-деп жазды. Қ.Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» атты мақаласында ақын поэзиясын зерттей келіп, оның тіл мәдениетін, сөз қолданылу ерекшелігін аса жоғары бағалады. Абай поэзиясының тілін «ең көркем, ең алдағы тіл. Абайды қазақ тілінің энциклопедиясы деп толық айта аламыз» («Әдебиет және искусство», 1940, №12, 61-б.)-деген пікір білдірді. «Әдебиет және искусство» журналының 1940 жылғы тоғызыншы саны түгелге жуық Абайға арналды. Е.Ысмайыловтың «Кемеңгер Абай» мақаласымен ашылған басылымда Абайдың жарияланбаған өлеңдерінен, Онегиннің екінші хаты, ақынның жұмбақтары, ғақлия сөздері, нақыл сөздері, Уасила Абайқызының, Абайдың келіні, ақын Әбубәкірдің әйелі Қимаштың естеліктері, Абайдың ақын шәкірттері Әубәкірдің, Әсеттің, Нармамбеттің өлеңдері берілген.
Қазіргі қазақ прозасы дамуы желісіндегі бірқатар эңгімелер жинағы кітаптарымен («Найзашың», «Сүлуды сүю», «Пенде мен періште». романдарымен («Үмытылған ұрпак», «Оянған үрпақ»), драмалык шығармаларымен («Сүю серті», «Абакты ғүмыр» - трагедия, «Сана дерті» - драма-элегия, «Бәйтерек басындағы кездесу») танымал қаламгер жазушы Жолтай Әлмашүлының да осы күрделі жанрды дамытудағы өзіндік үлесі бар.
Жазушының «Күлкі мен көз жасы» атты екі кітаптан қүралған роман- дилогиясы (2007) да казіргі әдеби дамудағы жаңа көрсеткіштер қатарында танылады.
Екі кітаптан қүралған роман-дилогияның тақырыбы - XX ғасырдың 1900-1954 жылдары арасындағы халық тағдыры, идеясы - қайшылықты тіршілік қозғалысындағы адамгершілік асыл сезім қуаттылығын дәлелдеу.
Романдағы басты кейіпкерлер қоғамдық-элеуметтік ортасына, тіршілік қозғалысындағы іс-әрекеттеріне қарай жүйелене көрінеді. Біріншісі - қазақ ауылдарындағы аталық-эулеттік жүйедегі дэулеттілер мен олардың отбасылары (әйелдері, балалары), түрмыстык-элеуметтік қарым- қатынастардағы эртүрлі адамдар. Мысалы, басты кейіпкер Нарша және оның үрпақтары (балалары - Жасыбай, Исабай, немерелері - Шәдібай, Әдібай, Қалдан, Жәлден, т.б.); әйелдері (Сэнімай, Сырғалы, Әзинүр); Наршамен қатарлас Тақыр, Шарай, Қосым байлардың түрмыстық-элеуметтік жағдайы уақыт шындығына сәйкес берілген.
Роман қүрылысындағы сөз, эуез өнері үлағатын ұстанушы көркем бейнелер келесі тобы да тарихи деректілігін сактай бейнеленген. Үлттық эдебиетіміздің тарихындағы көрнекті ақындар Бүдабайдың, Молда Мүсаның (Мүсабектің), Құланның, Құлыншақтың, Нарынбай шешеннің, сонымен бірге Әлшекей күйшінің эдеби-көркем бейнеленуі эпикалық туындының романтикалық-реалистік сарынды көркемдік-идеялық желісін ширата түскен.
Романдағы әдеби бейнелер тобының үшіншісі - қазақ даласын иелену, отарлау саясаты жүргізуші жат жұрттыктар (Қоқан, Хиуа хандықтары, Ресей патшалығы, Кеңес окіметі билігі) мен солармен қосыла халықты қуғын- сүргінге босқыншылыққа ұшыратқан көзкамандар - мәңгүрттер.
Романындағы мол жинақтала дараланған бас кейіпкер - Нарша бай. Ол - бұрынғы-соңғы қазақ прозасы романдарындағы әдеби коркем бейнелерге карағанда қаламгердің жаңашыл көркемдік шешімімен сомдалған кейіпкер. Ол - романның алғашкы беттерінде ауыл-аймағын озінің билік уысында
ұстаған, маңайындағы өзімен бақталас, бәсекелес байлармен (Такыр. Шарай. Қосай, Делеу) ағайындық-туыстық тарихи-этнографиялық негізділікті сактай отырып, қақтығыстар пайда болғанда үнемі ауызбірлік, татулық шешімін жасайтын ел ағасы тұғырындағы төбебидей ақылдылығы айқын танылатын тұлға. Оның өзімен үзеңгілес, замандас аталған дәулеттілердің балаларын Түркістандағы мектепте оқытуды үйымдастырған көсемдігі, туған жерді. ата- мекенді перзенттік махаббатпен сүйген отаншылдығы, үнемі казактың болашақ тағдырына алаңдаулы мүңды, алаң көңілі, т.б. - бэрі де қаламгердін шындық пен қиял қосындысы араласқан көркемдік шешімімен эдеби бейне гүлғасына жинақталған.
Жазушы басты кейіпкерлерін мінездеуде шығармадағы жанама кейіпкерлердің ішкі монологтарымен де, кейде диалогтарымен де жүзеге асыру тәсілін қолданған. Мысалы, романның басты кейіпкерлерінің іс- эрекеттерін, мінез-қүлық психологиясын даралай бағалау сюжеттік бөліктердің оқиғаларды арқылы дәйектелсе де, Наршаның жанындағы ақылмандарының бірі Көреген Көбелектің жанына ерген қылжақбас Бүкір- Шүкірмен, Наршаның үлкені Жасыбаймен бірге ежелгі қонысты басқалардың иеленіп қоймауын байқауға аттанып келе жаткандағы ойлары арқылы шығармадағы басты кейіпкерлердің мінезделуін танимыз:
«... Кәріқүлақ Қаратаумен ескі Сырдын екі арасында тіршілік кешіп келе жатқан төрт-бес ықпалды, дәулетті кісілер - Нарша, Шарай, Қосай, Делеу байлардың басы піскен кезі жоқ. Бірде жер дауы, бірде жесір дауы... Бірде бақталасы, бірде тақ таласы... Әйтеуір бітпес, әйтеуір аякталмас, байлықтың буымен келген дүние ірілігі, көкірек ірілігі...
... Көбелек Көбелек болғалы көріп келе жатканы осы. Алайда, байдың да байы бар. Бәрі де бір қалыптан шыққандай десе, онда бүл қателеседі. Шарай - үндемес. Делеу - далақбай. Қосай - қызғаншак. Ал, Нарша... Осы кісіні қанша ойланса да, неше рет ой елегінен өткізіп байкаса да, тегі түсіне алар емес. Нарша, бір есептен, жомарт, жоққа бір бүйрегі бүрып түратын жан. Тағы бір жағынан ... қаталдығы да бар. Қадалған жерден қан алатын қаттылығын да көрген. Сойтсе де таразы басын басып кете беретін ерекше мінезі сол - ол елмен, көппен бірге болғанды колай көреді. Коп ішінде отырып-ақ өз ойындағысын орындата алатын ықпалды адам. ... дау- дамайдың, арлы-бергі ырқы-жырқы әңгіменің бэріне үндемей, білдірмей от үрлеуші - кешегі кедей, бүгін бай болып аскактап отырған Тақыр екен-ау. Тақыр бүгін жай Тақыр емес, бай Такыр. Бірак, ол - күшеншек бай. Дүниені дүниеқоңыз мінезімен, сараңдығымен жинаған эзер деп енді ғана бай қатарына ілініп жүрген кешер «жоқ-жітік» [20, 24-6.].
Әлеуметтік тобы тектес осы, кейіпкерлер арасынан Нарша бай роман қүрылысындағы оқиғалар желісінде өзінің казак тарихындағы текті түлғалар шындығын оқырманға айқын елестетеді. Өздерімен қоңсылас кедей жатақтар ауылын Қосай байдың озбырлығынан корғап, казақ тарихының атақты би- шешендерінің, ақын-жырауларының хакім жаңа жазба Алаш әдебиеті классигі хакім Абайдың, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулаговтың, Нәзір Төреқүловтың, т.б. қайраткерлердің бағытымен оқымысты немересі Жәлден арқылы қанығады. Нарша - 1916 жылдын және Кеңес үкіметінің аласапыраны кезінде де туған жерінен кетпеген таоанды казақ дэулеттілерінің жинақталған тұлғасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет