Тұқымға арналған астықты сақтау тәртіптері. Астық қабылдау кәсіпорындарына сондай-ақ сурыпты дәнімен мамандандырылған астық қабылдау кәсіпорындары және кейбір туқым шаруашылығы зауыттары дайындайтын туқымдық дәнде түседі. Осындай кәсіпорындар қызметкерлерінің негізгі міндеті дәнді түқымдық қорға дер кезінде қүю, оларды сақтауға төзетіндей күйге келтіру, сапасын егіс кондициясына жеткізу, бүкіл сақтау мерзімі бойы дәнге мүқият бақылау жасап отыру. Сақтауға қойылган түқымдық дәнге салгырт қарау оның өнгіштігін құрт төмендетуі ықтимал.
Егіске көп түқым жүмсалатын біздің елімізде оның өнгіштігінің болмашы төмендеуінің өзі орасан шыгынга үшыратады, себебі бүдан әр гектарга жүмсалатын себу нормасы көбейеді. Бидай 60-65 млн гектар жерге себілетін болса, өнгіштіктің 1 пайыз нашарлауы себу нормасын 70 мың тоннага дейін өсіреді. Оның есесіне өнбейтін дән азықтық және жемдік мақсатқа пайдалануга әбден жарамды.
Әр түрлі дақылдардың сортты және будан түқымдары мемлекеттік қорға сақтық қор есебінде және ауыл шаруашылыгына тандаулы аудандастырылган және перспективалы сорттар енгізу үшін келіп түседі.
Түқым жинау және дайындау басталғанға дейін түқым шаруашы- лықтары астық қабылдау кәсіпорындарында сортты егістерді апробациялау актілері мен жүгері егісін зерттеу актілерін тапсыруга тиіс. Бұл қүжаттар егістерді апробациялау жөніндегі нүсқага сәйкес толтырылады.
Сортты түқым партиялары сорттық және егістік сапасын куәлан- дыратын арнайы қүжаттармен бірге әкелінеді. Оған жататындар: түқым аттестатын (түқым анықтамасы, түқым куәлігі) және кондиция- лылығы туралы куәлік. Қүжат болмаган жағдайда сортты түқым қабылданбайды.
Астық қабылдау зертханасының қызметкерлері қүжаттар мен актілер мәліметтер дүрыстыгын тексереді, одан соң партияларды орналастыруга қажетті сапалық көрсеткіштерді анықтау, сондай- ақ толық тауарлық және ауыл шаруашылық талдау жасау үшін дән үлгісін алады.
Сортты дән жоспарга сәйкес таңдаулы қоймаларға орналастыры- лады, бұл дәнді оның сорттық тазалыгы мен кондициялылыгын сақтауға, ягни олардың сапасының егістік дән жөніндегі стандартқа сай болуын қамтамасыз етеді.
Дән партиялары дақылдар, сорттар, репродукциялар, сорттық тазалық категориясы, түқымдық стандарт класы ішінде ылғалдылығы бойынша бөлек орналастырылады. Класқа жатпайтын түқым сапасына қарай бөлек қойылады. Оларды орналастырылуда түқымның сорттық тазалығын сақтауға басты назар аударып, әр түрлі сорттар мен дақылдардың араласып кетпеуіне сақ болған жөн.