«Не өзгерді?» Ойын шарты



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі23,23 Kb.
#23157
1   2   3
Байланысты:
Дидактикалық ойын

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет (қыс көріністері, жазғы ойындар, көктемгі еңбек, қыс қызықтар т.б.бейнеленген көлімдері 9×9см карточкалар.)

Ойын іс-әрекеті: сурет жұмбақтап әңгімелеу және оның шешімін табу.

8-ойын


«Қол соғу» ойыны

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру.

Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс.

Ойынның мазмұны.

1 вариант. Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.

2 вариант. Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды.

9-ойын


«Сипаттамасы бойынша тап» ойыны.

Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуан-жіңішке, үлкен–кіші, оң-сол, ұғымдарын қайталау.

Керекті материалдар. Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.

Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.

10-ойын


«Жұбын тап»

Мақсаты:Балалардың шыны,пластмасса,тері және резина материалдары туралы

білімдерін бекіту.



Ойынның барысы:Тәрбиеші балаларға шыныдан,теріден,пластмассадан және резинадан жасалған заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді.Балалар топқа бөлінеді.Тәрбиешінің белгісі бойынша,лолар өздеріне жұп табу керек,яғни нақты сол материалдан жасалған заты бар баланы табу керек.Балалар өздерінің екінші жұптарын тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрыс-бұрыстығын тексереді,олардан неге дәл осы суретті таңдағанын сұрайды.

11-ойын


«Кім тапқыр?»

Мақсаты: Берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,

жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.



Көрнекілігі:берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер,

ойыншықтар,жалаулар.



Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында,

соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс



сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет