Ойын шарты: Суретшінің қатесін табу керек. Телефондағы нөмірлер дұрыс орналаспаған, сондықтан шеңбер дискісіне сандар топтамасын дұрыс ретпен орналастыру қажет.
6-ойын
«Суретті құрастыр»
Мақсаты: Баланы бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтас суретті құрастыра білуге үйрету, төзімділікке, бастаған істі аяқтауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Сурет бөліктерін таңдағанда қателеспеу, кім тез өз суретін құрастырып, дұрыс атайды сол жеңімпаз атанады.
Ойын іс-әрекеті:Тұтас суретті құрастыру үшін тиісті бөлшектерін іздестіру.
Қажетті құралдар: Бірнеше бөлікке бөлінгентүрлі заттардың суреттері.(көлімдері 7×8см карточкалар).
7-ойын
«Бұл қай кезде болады»
Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.
Ойын шарты: Бала өз суреті бойынша әңгімелейді, ал әңгіме қай мезгіл туралы айтылғанын, бағыттаушы кімге көрсетсе сол жауап береді. Жауап дұрыс болған жағдайда ғана сурет балаларға көрсетіледі.