Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет105/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121
 Індеттік жағдай. Жабық мекеме ретінде саналатын құс фабрикасында 
100 мың тауық орналасқан. Фабриканың өз инкубаторы, оқшауланған бала-
пандар тұратын орындары бар. Инкубатор территориясында жұмыртқалар 
сақтайтын қоймалар орналасқан. Соңғы бірнеше жылдар бойы құс фабри-
касы инфекциялық аурулардан сау деп саналады, вакцинация жүргізілмеген. 
Фабриканың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. 
Кезекті жұмыртқа партияларын инкубациялағанда, 30% жағдайда жұм-
ыртқадан балапандар шықпаған. Алынған балапандардың арасында пулло-
розға тән іш өту жаппай байқалды. 
Т а п с ы р м а: 
а) Ауруға балау қою үшін жүгізілетін зерттеулер схемасын құру;
ә) Тауық фабрикасына пуллороздан шектеу қоюға шешім дайындау; 
б) Індет ошағынан арылу шараларының жоспарын құру. 
 
26-зертханалық сабақ. Құстың микоплазмасы мен вирустық
ауруларын балау және күрес шаралары 
Қажетті жабдықтар. Құстың вирустық ауруларын балауға және дауа-
лаға қолданылатын биологиялық препараттар жиынтығы, дезифекциялық 
жабдықтар - САГ 1, САГ 2 (қысқартылған орысша атаулары), слайдтар. 


189 
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер құстың негізгі ауруларын (шешек, жұқпалы ларинго-
трахеит, жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті, 
тұмау, Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз) 
талдап, оларға тән клиникалық белгілер, патологиялық өзгерістер, індет-
танулық ерекшеліктер бойынша ажыратып балау кестесін құрады. 
Вирустық аурулармен күрес шаралары жүйесінде серологиялық балау 
әдістері маңызды орын алады. Соңғы жылдары заманауи серологиялық 
тесттер (ГАР, ИФР, ДПР, ИФТ, т.б.) түрлі қойылымдарда патологиялық 
материалдардан тек қана вирус антигенін анықтауға ғана емес, вакцина-
циялау алдында иммундық фонды, ал иммунизациядан кейін вакциналық 
иммунитеттің деңгейін анықтауға кең түрде қолданылады.
Вирустық ауруларды д а у а л а у және і н д е т о ш а ғ ы н а н
а р ы л у шаралары жіті өршіп, тез тарайтын вирустық ауруларды 
болдырмауға, ал індет ошағы анықталған жағдайда, одан тез арада арылуға 
бағытталған. Бұл ауруларға қарсы күрес шаралары кешенінде ұсталынатын 
негізгі қағидалар:
а) құс өндірісінде технологиялық процестердің дұрыс орындалуы;
ә) ветеринария-санитариялық режимдердің сақталуы;
б) құс өсіру технологиясында «бәрі бос-бәрі бос емес» қағидасының 
сақталуы. 
Түрлі вирустық аурулар анықталған жағдайда індет ошағында жүргізі-
летін арнайы шаралар, олармен қарсы күрес шаралары нұсқауында 
көрсетілген ережелерге сәйкес орындалады.
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма: 
1. Құстың вирустық ауруларына (шешек, жұқпалы ларинготрахеит, 
жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті, тұмау, 
Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз) 
індеттанулық ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық-
анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау кестесін құру.
2. Індеттік жағдай. Тауық фабрикасында 500 мың жұмыртқалайтын 
тауықтар орналасқан. Мекеменің тауық балапанын шығаратын инкубаторы 
бар. Вирустық ауруларға қарсы құстар иммунделмеген, аяқ астынан тауық 
балапандарының жаппай қырылуы байқалған, аурудың нозологиялық балауы 
- Ньюкасл ауруы. Індеттанулық талдау негізінде инфекцияның инкубатор-
дағы балапандардан таралғаны белгілі болды. 
Т а п с ы р м а: 
а) құс фабрикасында Ньюкасл ауруынан арылу шаралары жоспарын 
құру; 
ә) қатер төнген аймақта Ньюкасл ауруының таралмауына қарсы жалпы 
және арнайы шаралар жоспарын құру. 


190 
3. Індеттік жағдай. Асыл тұқымды құс фабрикасы жұмыртқа өндірумен 
және сатумен айналысады. Фабрика инфекциялық аурулардан таза деп сана-
лады. Бірақ соңғы уақытта тұтынушы құс шаруашылықтарынан рекламация 
келіп түскен. Онда сатып алынған жұмыртқалардың 20-40 %-ы пуллорозбен 
зақымданған.
Т а п с ы р м а: 
а) аурудың нақты балауын қою үшін және асыл тұқымды жұмыртқа 
өндіретін құс фабрикасында тауықтың пуллорозға шалдығу пайызын, 
індеттік көрсеткіштерді анықтау үшін жүргізілетін әдістемелер схемасын 
құру; 
ә) асыл тұқымды жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тауықтың 
пуллорозынан сауықтыру шараларын жоспарлау; 
б) тұтынушы шаруашылықта пуллороздан арылу шараларының жоспа-
рын құру. 


191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет