Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


қалдықтарын жою, көңдi зарарсыздандыру



Pdf көрінісі
бет48/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121
қалдықтарын жою, көңдi зарарсыздандыру 
 
Сабақтың мақсаты. Өлексенi, мал өнiмдерiнiң қалдықтарын жою және 
көңдi зарарсыздандыру тәсiлдерiн талдау. 
Қажеттi жабдықтар. Бейнетаспалар, суреттер, схемалар. 
Орны және жүргiзiлу әдiстемесi. Сабақ кафедра дәрiсханасында немесе 
шаруашылықта жүргiзiледi. Студенттер өлекселердi жинау, тасымалдау және 
оларды утильдеу әдiстерiмен танысады.
Сабаққа студенттер көңдi зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық 
және физикалық жолдарын арнайы оқулықтардан оқып келулерi қажет.
 Өлексенi зарарсыздандыру. Жануардың өлекселерi қазiргi кезде 
ветеринариялық-санитариялық утиль зауыттары мен цехтерде өртеу немесе 
биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады. Мал шаруашылықтарында, 
ауылдық аймақтарда малдың әртүрлi себептермен өлiмге шалдығуы жиi 
байқалады. Сонымен қатар шаруашылықтарда, қасапханаларда тастандылар 
(шу, түсiк, қасапхана қалдықтары) кездеседi. Олар ауру қоздырушысының 
сыртқы ортада ұзақ мерзiмге сақталуына мүмкiндiктер тудырады. Мысалы 
туберкулез қоздырушысы өлекседе 17 ай, пастереллез – 4 ай, шошқа тiлмесi – 
9 айға дейiн сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы “Мирный” елдi мекенiнде терiсi бағалы қара 
түлкiлер арасынан топалаңның шығуына Аягөз қаласының утиль зауытынан 
әкелiнген қой өлекселерi себеп болған.
Зарарсызданбаған өлексе немесе басқа да қалдықтар ит, жабайы аңдар 
мен құстың қорегi болуы мүмкiн. Олар инфекциялық аурулармен өздерi ғана 
ауырып қоймай, ауру қоздырушысының бастауы немесе тасымалдаушы 
ролiн атқарып, сыртқы ортаға инфекцияны кең түрде таратады. Мысалы ит, 
басқа да етқоректi аңдар топалаңның өлексесiн жеу арқылы өздерi ауырмаса 
да, нәжiс арқылы сыртқы ортаға 3 аптаға дейiн топалаң қоздырушысының 
спорасын тарата алады. 
Мұнымен бiрге жақсы зарарсыздандырылған өлексе мен мал 
шаруашылығының қалдықтары, калориясы жоғары концентратталған 
белокқа бай мал азығы немесе өсiмдiктерге тыңайтқыш ретiнде 
қолданылады. 
Ө л е к с е н i, б а с қ а д а қ а л д ы қ т а р д ы ө ң д е п, е т - с ү й е к ұ н ы н д а й- 
ы н д а й т ы н з а у ы т т а р. Бұл өте жоғары деңгейде механизацияланған 
мекемелер. Олардың негiзгi мақсаты маңындағы елдi мекендерден 
өлекселердi, басқа да мал шаруашылық қалдықтарын жинап, утильдеу. 
Қалдықтарды арнайы жабдықталған автотранспортпен жинайды. Зауыт елдi 
мекеннен және трассадан кем дегенде 1 км қашықтықта орналасуы қажет. 
Оған кiрiп-шығатын арнайы жолдар белгiленедi. Зауыттың iшкi террито-
риясы асфальттанып, жан-жағы биiктiгi 2 метрлiк қоршаулармен қоршалып, 
3 метрлiк сыртқы периметрi бойынша (айналасы) жасыл ағаштар егiледi.


78 
Кiрiп-шығатын транспортқа арналып дезинфекциялық тосқауыл 
құрылады. Оның ұзындығы – 9 м, тереңдiгi – 25 см болуы қажет.
Зауыт территориясы 2 бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншiсi санитариялық жағдай 
бойынша сау емес, екiншiсi – сау. Сау емес зонада сырттан әкелiнген 
өлекселер, сонымен қатар арнайы қазандар орналасады. Ал екiншi сау зонада 
өлексенi өңдейтiн, дайын зауыт өнiмдерiн сақтайтын орындар орналасады. 
Зауыт жабық мекеме түрiнде жұмыс iстейдi.
Зауытта ветсанитариялық шараларды бақылауда негiзiнен әр зонаның 
оқшаулануына баса назар аударылады. 
Санитариялық жағдай бойынша сау зонада дезинфекцияны ай сайын 
жүргiзiп отырады. Осы мақсатта күйдiргiш натрий, хлорлы әк, формальдегид 
ерiтiндiлерi қолданылады.
Сау емес зонада дезинфекция 5 күнде 1 рет 4%-ды күйдiргiш натрийдың 
ыстық ерiтiндiсiмен немесе хлорлы әктiң 3%-ды ерiтiндiсiмен жүргiзiледi. 
Соңғы ерiтiндiнi қолданғанда ондағы хлордың белсендiлiгi 3%-дан кем 
болмауы керек.
Жұқпалы аурулардың белгiлi бiр мемлекет аралық шекарасы болмайды. 
Бұл тұрғыда Қазақстан мемлекетi халықаралық ұйымдардың (FAO, WHO, 
OIE) зоосанитариялық ережелерi мен iндеттi бақылау моделiн жүргiзiлген 
ғылыми iзденiстер негiзiнде елiмiздiң экономикалық жағдайына, табиғи ерек-
шелiктерiне, өндiрiлетiн биологиялық препараттарға байланысты сәйкестiрiп 
қолдануы кажет. 
Ветеринария-санитариялық шаралар жұқпалы ауруларды дауалау немесе 
одан арылу мақсатында жүргізілетін шаралар кешенінде маңызды орны бар. 
Оларға шаруашылық фермаларын инфекциядан қорғау (дезинфекциялық 
тосқауыл, ветсанитариялық жібергіш, зоналарға бөлу, бос, бос емес 
қағидаларын сақтау, т.б.), жануарлар тұратын нысандарды дезинфекциялау, 
дезинсекция, дератизация, қиды биотермиялық жолмен зарарсыздандыру, 
сүтті пастеризациялау, т.б. жатады.
Індеттің таралу механизміне қарсы арнайы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды жүргізгенде, ауру қоздырушысының негізгі таралу 
жолдарына мән берілуі керек .
Санитариялық тұрғыдан сүт фермасы мен кешені сыртқы және ішкі 
қорғаныстармен қамтамасыз етілген жабық кәсіпорындар қатарына жатады. 
Сондықтан, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен санита-
риялық жібергіш арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма территориясы ақ 
және қара зоналарға нақты бөлініп, мал тұратын - өндірістік, яғни ақ зонаға 
санитариялық өткел арқылы өту қарастырылуы қажет.
11-тәжірибелік сабақ. Жәндіктермен күрес шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет