35
2.1. Реакция нәтижесі оптикалық тығыздығы (ОТ) бойынша фотоколори-
метриялық әдіспен спектрофотометрді (492 нм) қолдану арқылы немесе
көзбен көру арқылы оқылады. Қойылымның дұрыстығы бақылаулық сынама
үлгілерімен қадағаланды.
2.1.1. Спектрофотометрмен есепке алғанда
теріс қан сарысуының ОТ-
нан зерттелген қан сарысуының ОТ-ы 1:400-ден 2 рет және одан жоғары
болса, ол оң нәтиже ретінде саналады (ОТ зерт.сарысу/ОТ теріс сарысу).
2.2. Көзбен көру арқылы реакцияны оқығанда, дұрыс қойылымда
бруцеллезге позитивті қан сарысуы қызғылт қоңыр түске боялады, негативті
сынама түрі өзгеріссіз қалады немесе сарғыш реңде байқалады.
2.3. Реакция нәтижелерін бағалау: ++++ (4 плюс) қызғылт қоңыр, +++ (3
плюс) сары қоңыр, ++ (2 плюс) сары, + (1 плюс) ашық сары, – (минус) қоспа
реңі өзгеріссіз немесе сарғыш реңге боялған.
3. Н е г і з г і т ә ж і р и б е н і б а қ ы л а у. Негізгі тәжірибемен бірге
келесі позитивті және негативті қан сарысуларымен бақылаулар қойылады.
3.1. Бруцеллезге позитивті сиырдың қан сарысуы 1:100-ден соңғы титрге
дейін қойылады.
3.2. Негативті қан сарысуы 1:100 және 1:200 сұйылтындыларда қойы-
лады.
4. Р е а к ц и я н ә т и ж е л е р і н д и а г н о с т и к а л ы қ т ұ р ғ ы
д а б а ғ а л а у.
4.1. Вакцина қолданылмаған сиырдың
қан сарысуын ИФТ-мен бруцел-
лезге зерттегенде: 1:100 сұйылтындыда екі плюс реакцияны – дүдәмал, ал
1:200 және одан жоғарғы сұйылтындыларды – позитивті балау титрлері
ретінде есептеледі.
4.2. Штамм 82 вакцинасымен егілген сиыр малының (иммундеуден 6 ай
өткеннен кейін) қан сарысуын ИФТ-мен бруцеллезге зерттегенде 1:200
сұйылтындыда төрт плюс реакцияны – дүдәмал, ал 1:400 және одан да
жоғарғы сұйылтындыларды – позитивті балау титрлері ретінде есептеу
ұсынылады (1:400 сұйылтындыда бруцеллезге оң реакция ретінде,
тек төрт
плюс реакция берген қан сарысулары ғана есептелуі қажет).
Соңғы жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттiк Агротехни-
калық Университеттiң ғалымдары (профессор А.Булашевтiң жетекшiлiгiмен)
даярлап шығарған “БРУ–СЕРОТЕСТ” (ТУ 7100РК40345157-РГП-002-2004)
деп аталатын иммуноферменттiк талдау тәсiлiмен сиыр бруцеллезiн балауға
арналған реагенттер жиынтығы Қазақстандағы ветеринариялық лаборатория-
ларда кең түрде қолданыла бастады.
Студенттердiң өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар:
1. Реферат тақырыптары:
а) серологиялық реакциялар (гемагглютинация, конглютинация, т.б.)
негiздерi және оларды қою әдiстемелерi (әр студентке кең түрде
қолданылатын әдiстердiң бiрi берiледi).
36
ә) серологиялық реакцияларды класификациялаудың негiзгi прин-
циптерi және серологиялық зерттеудiң iндетке қарсы шаралар кешенiндегi
ролi.
Төмендегi сұрақтарға жауап беру:
а) Қан алуға қандай құрал-жабдықтар қажет?
ә) Доңыздан, иттен, мысықтан, қояннан,
теңiз тышқанынан қан алу тә-
сiлдерi қандай?
б) Қан сарысуларын консервациялау тәсiлдерi?
в) ИФТ реакциясының механизмін түсіндіріңіз?
г) Генетикалық зондтар көмегімен іске асырылатын молекулалық гибри-
дизация әдісінің мақсаты және ДНҚ-зондты қандай жолдармен алады?
ғ) Химиялық жолмен синтездеу арқылы алынған нуклеотидті қандай
заттармен таңбалауға болады және ДНҚ-зондты қандай реакциялардң
көмегімен анықтайды?
д) Полимеразалық тізбекті реакциясының принципі.
ж) Амплификация дегеніміз не? Табиғи жағдайда ДНҚ репликациясы
қандай сатыдан тұрады?
з) Полимеразалық тізбекті реакциясының кезеңдері және полимеразалық
тізбекті реакцияға арналған жиынтық компоненттері қандай?
и) Полимеразалық тізбекті реакция зертханасында қойылатын талаптар
және амплификация өнімдерінің детекциясы қалай жүргізіледі?
Іскерлік ойын.
Сәйкес жауабтарын табыңыз:
А. компонеттері таңбаланған реакциялар:
Ә. компоненттері тасымалдаушыда адсорбцияланған реакциялар:
Б. компонеттері нативті реакциялар:
а)
Сайдулдин, Кумбс, комплементті байланыстыру;
ә) агглютинация, преципитация;
б) латекс агглютинация, коагглютинация;
в) тік және
жанама гемагглютинация;
г) флуоресценция, иммунды диффузия;
д) флуоресценция, иммунды ферментті талдау.
1-А-а,ә,д; 2-А-а,ә; 3-А-б,д; 4-Ә-б,в; 5-Ә-б,г; 6-Ә-а,ә; 7-А-а,г; 8-Ә-
б,д,г; 9-Б-ә,а; 10-Б-а,д; 11-Б-а,в; 12-Б-г,д; 13-А-а,д; 14-Ә-г,д; 15-Б-в,д; 16-
Б-а,в,д; 17-А-а,г,д.
Достарыңызбен бөлісу: