48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



жүктеу 3.12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата19.01.2017
өлшемі3.12 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

                
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
Е. И. ҚАСЫМОВ 
 
 
 
 
 
 
 
 
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ 
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР  
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ 
НЕГІЗДЕРІМЕН 
 
“Ветеринариялық медицина”, “Ветеринариялық санитария” 
мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына 
арналған оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2013 
                                                      
 
 


 
УДК 378 (075.8):576.8 
ББК 48 я 7 
Қ 17 
 
 
Пiкiр жазғандар: 
Сайдулдин Т.С., ветеринария ғылымдарының докторы,  
                             профессор, ҚР ҰҒА академигі.  
Әбутәліп Ә.,   ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. 
 
 
Қасымов Е.И. 
Қ 17   Iндеттану және инфекциялық аурулар ветеринариялық-
санитария  негіздерімен. //Оқу құралы. -Алматы, ҚазҰАУ, 2013. -210 бет. 
 
ISBN 978-601-241-313-7 
 
Оқу  құралында  кредиттiк  оқу  жүйесiне  сәйкес  «Індеттану  және 
инфекциялық  аурулар»,  «Індеттану  және  инфекциялық  аурулар  ветерина-
риялық-санитария  негіздерімен»,  «Серология»,  «Індеттанулық  мониторинг» 
«Зоонозды  инфекциялар»  пәндерінен  зертханалық,  тәжірибелік  сабақтарды 
жүргізу  әдістемелері,  практикада  туындалатын  түрлі  iндеттiк  жағдайлар, 
оларды  шешуге  арналған    тапсырмалар,  iскерлiк  ойындар,  өндiрiстiк 
практика өту нұсқауы, курстық, өзіндік, дипломдық жұмыстар тақырыптары, 
оларды орындауға қажетті әдебиеттер берілген.  
Басылымда  ОІЕ-дің  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күресте  ұстанған  негізгі 
критерийлері,  параметрлері,  кітап  авторының  ғылыми-инновациялық 
ұсыныстары қамтылған. 
Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, PhD-докторанттарға,  эпизо-
отологтарға, эпидемиологтарға арналған. 
 
УДК 378 (075.8):576.8 
ББК 48 я 7 
 
Қазақ  ұлттық  аграрлық  университетінің  Оқу-әдістемелік  кеңесі  қарап, 
басып шығаруға ұсынған (№ 5 хаттама, 02. 03. 2012.). 
 
 
ISBN 978-601-241-313-7 
 
 
© Қасымов Е.И., 2013 
© «Айтұмар» баспасы, 2013  


 
 
 
Еркін Игенбайұлы Қасымов 
 
Кітап  авторы  –  ветеринария  ғылымының  докторы,  профессор.  1953 
жылы  Семей  облысы  Мақаншы  ауылында  туған.  1980  жылы  Семей 
малдәрігерлік-зоотехникалық институтын ветеринария мамандығы бойынша  
үздік  бітірген.  1980-1986  жылдары  Мақаншы  аудандық  «Ет-сүт  және  тағам 
өнімдерін  бақылау»  станциясының  меңгерушісі,  аудандық  ветеринария 
лабараториясында  химик-токсиколог,  серолог,  бактериолог  маманы, 
директор кызметін атқарған. 
1987-1990  жж.  Алматы  малдәрігерлік-зоотехникалық  институтында 
аспирантура,  1993-1997  жылдары  Түрік  мемлекетінде  Ph.D.  докторантура 
бітіріп,  1990  жылы  кандидаттық,  ал  2003  жылы  қазақ  тілінде  докторлық 
дисертация қорғаған. 
Ана  тілімізде  шыққан  тұңғыш  оқу  құралының  «Бірнеше  түлікке  ортақ 
жұқпалы  ауруларды  балау  және  күресу  шаралары»,  1992;  ғылыми 
монографияның  «Сиыр  бруцеллезiмен  күрес  шаралары»,  2003  (222  бет); 
«Ағылшынша-қазақша-орысша  ветеринария  сөздiгi»,  2005  (235  бет); 
«Індеттану  және  инфекциялық  аурулармен  күрес  шаралары»  оқулығының, 
2009  (302  б.);    «Адам  және  жануарлар  үшiн  ортақ  аурулардың  алдын  алу 
және  күресу  жөнiндегi  ветсанитариялық  және  санэпидемиологиялық 
Ережелерi»  құжатының  (ҚР  АШМ  2004  бекiткен),  10  ғылыми  жаңалық  пен 
патенттiң,  3  биопрепараттың,  66  қазақ,  орыс,  түрік,  ағылшын  тілдерінде 
жарияланған ғылыми мақалалардың авторы. 
Індеттану,  иммунология,  серология  саласы  бойынша  халықаралық 
конференциялар  мен  конгрестерде    (Түркия  1994-1996,  Ливан  1996,  Канада 
2002, Венгрия 2008, Франция 2011, Қазақстан 2003-2013) баяндамалар жасап,  
конструктивтi  ұсыныстары  үшiн  БҰҰ-ның  ДДС  ұйымының  және    Халық-
аралық  Індетке  қарсы  бюроның  арнайы  сертификаттарымен  марапатталған. 
2002-2004 жылдары «Ғылымның өндiрiспен байланысы»  атты халықаралық 
CIDA  жобасымен  жұмыс  iстеген.  Ғылым  кандидатын  және  магистрлерді 
дайындаған. 
ҚР Білім және ғылым минстрлігі   тағайындаған «Жоғары оқу орнының 
үздік  оқытушысы»  грантының  2007  жылғы  иегері.  Орыс,  түрік,    ағылшын 
тілдерін  меңгерген.  Қазір  ҚазҰАУ-нің  «Биологиялық  қауіпсіздік»  кафедра-
сында профессор қызметін атқарады. 
 
 
 
 
 
 


 
 
КIРIСПЕ 
 
«Iндеттану  және  инфекциялық  аурулар»  (051212  –  Ветерина-
риялық  медицина  мамандығы  бойынша),  «Індеттану  және  инфек-
циялық  аурулар  ветеринариялық-санитария  негіздерімен»  (051202-
Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша)  пәндерiн оқыту-
мен  өндiрiске  кәсiби  ветеринария  дәрiгерлерiн  даярлау  аяқталады. 
Ұсынылып  отырылған  «Iндеттану  және  инфекциялық  аурулар 
ветеринариялық-санитария негіздерімен» оқу құралы білім алушы-
лардың  кредиттiк  оқу  жүйесiне  сәйкес  интерактивтi  әдiстердi 
пайдалану  арқылы  зертханалық,  тәжірибелік  сабақтар,  студенттің 
өзіндiк  жұмыстары  (СӨЖ),  оқу  және  өндiрiстiк  практикалары 
негізінде  (оқу  құралы  ретінде)  ветеринария  мамандықтарын 
меңгерулеріне  арналған.  Онда,  аудиториялық  сабақтардың  әдісте-
мелері,  бiлiм  алушының  өзіндiк  жұмысын  жандандыру,  белсендi-
лiгiн арттыру мәселелері, эпизоотолог ретiнде дәрiгерлiк ой қорыту 
жүйесін  қалыптастыруға  арналған  сұрақтар,  iндеттiк  жағдайға 
байланысты тапсырмалар, мысалдар, іскерлік ойындар қамтылды.  
Iндеттанулық  балаудың  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күрес 
шаралары  жүйесiнде  маңызды  орын  алатыны  ескерiлiп,  iндет 
ошағы  анықталғанда  инфекцияның  шығу,  таралу  себептерiн 
анықтау,  iндет  процесi  мен  iндет  ошағына  толық  сипаттама  беру 
үшiн  iндеттанулық  мониторинг  жүргiзудiң    нақтылы  әдiстемелерi 
ветеринариялық  практикада  алғаш  рет  құрастырылып,  ұсынылып 
отыр.  «Жұқпалы  аурудан  (бруцеллез,  туберкулез  т.б.)  сау  емес 
пункттi  iндеттанулық  зерттеу»  әдiстемелерi,  «сырттан  әкелінген 
асыл  тұқымды  аналық  малды  профилактикалық  карантиндеу» 
жүйесін  жетілдіру,  «індеттен  сау  емес  пункт»,  «індет  ошағы», 
«індет  ошағының  ядросы»,  «қатер  төнген  аймақ»  категорияларын 
қазіргі  талаптар  тұрғысынан  нақтылау,  індет  ошағының  құрам 
бөліктерінің  шекарасын  анықтау,  «бруцеллезден  сау  емес  пунктті 
жедел  сауықтыру»  тәсілдері  оқу  құралы  авторының  ғылыми 
жетiстiктерiне  (10  авторлық  куәліктермен,  патенттермен  раста-
лынған),  эпизоотолог  ретiнде  қалыптасқан  тәжiрибелерiне  (індет 
орын  алған  шаруашылықтарды,  ауылдық  округтерді  сауықтыру 
кезінде  жинақталған),  iндеттанулық  тұрғыда  талдау,  ойлау, 
синтездеу ұғымдарына негiзделiп дайындалған.  


 
Лабораториялық  сабақтардың  зертханаларда,  ал  тәжірибелік 
сабақтардың    мал  фермалары,  ет  комбинаты,  ветеринариялық 
клиника, оқшаухана жағдайларында өткiзiлуi қажет. 
Мал  фермаларында  студенттер  iндеттанулық  мониторинг 
жүргiзу,  жануарлардан  жаппай  қан  алу,  малды  аллергиялық 
зерттеу,  иммундеу  әдiстерiн,  ал  ет-сүт  комбинаты,  қасапхана,  вет. 
клиника,  оқшаухана  жағдайларында  клиникалық,  патология-
анатомиялық зерттеулер, лабораториялық тексерулерге тiрi малдан 
сынамалар,  өлекседен  патологиялық  материал  алу  тәсілдерін 
үйренедi. 
Сонымен 
бiрге 
ветсанитариялық 
обьектілерде 
дезинфекция, дератизация, дезинсекция әдiстерiн меңгередi.  
Аудиториялық  сабақтарда  оқу  құралы  және  қажетті  жаб-
дықтармен  қатар:  ветеринариялық  заң  кiтаптары,  әдiстемелiк 
нұсқаулар, слайдлар, бейнетаспалар, интерактивті тақта болуы тиiс. 
Олар  инфекциялық  ауруларды  дауалау,  індет  ошағынан  арылу 
шараларын  меңгеру  мақсатында  практикада  туындалатын    түрлi 
iндеттiк  жағдайларды  шешуге  арналған  арнайы  тапсырмаларды 
студенттердiң ізденіп, орындауларына қажет.  
Жұқпалы  аурулар  аналогты  басылымдардағыдай  жануарлар-
дың  түр  ерекшеліктері  (күйістілер,  тақтұяқтылар,  т.б.)  бойынша 
емес,  бірнеше  түлікке  ортақ,  жылқы,  сиыр,  қой,  түйе  шаруашы-
лықтарында,  доңыз  фермаларында,  құс  фабрикаларында,  ит 
питомниктері  мен  терісі  бағалы  аң  фермаларында,  омартада,  су 
қоймалары  мен  тоғандарда  инфекциялық  аурулармен  күрес 
шаралары тарауларымен топтастырылды.  
Әдiстемелiк  ұсыныстар,  іскерлік  ойындар,  мысалдар  арқылы 
студенттердiң  негізінен  өздігінен  iзденiп  оқып-үйренулерiне,  ал 
оқытушының  iзденушiлерге  теориялық  білімді,  ғылыми-иноваци-
ялық  жетістіктерді  өндірістік  тәжірибемен  байланыстыруда  дұрыс 
бағыт  берiп,  ұйымдастырушы  рөлiн  атқаруына  баса  мән  берілдi. 
Сонымен  қатар  ветеринария  терминдерін  қазақ  тілінде  нақтылау, 
орнықтыру  мәселелері  әркез  назарда  ұсталды.  Талғамы  жоғары 
оқушы  қауымның  кітап  жайында  ұсыныс,  тілектері  болса,  оларды 
қабыл аламын. 
                                                                                    
 
 
  


 
БЕЛГIЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 
 
АР – агглютинация реакциясы 
DLM – dosis letalis minima 
DIM – dosis infectiosis minima 
КБР – комплементтi байланыстыру реакциясы  
КҰБР – комплементтi ұзақ байланыстыру реакциясы 
РБС – роз-бенгал сынама 
ШР – шығыршық реакциясы 
ГАР – гемагглютинация реакциясы 
ИФР – иммунды-флуоресценция реакциясы 
КР – Кумбс реакциясы 
СР – Сайдулдин реакциясы 
ИФТ – иммунды-ферменттi талдау 
S, SR, R – культуралды-биохимиялық, иммуногендiк, реактогендiк және 
агглютиногендiк  қасиеттерi  бойынша  ерекшеленетiн  штамм  B.  abortus  82 
вакцинасының клондары 
ТМД  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы  
БҰҰ – Бiрiккен Ұлттар Ұйымы 
FAO  (Food  and  Agriculture  Organization)  –  Азық-түлiк  және  Ауылша-
руашылық Ұйымы 
WHO  (World  Health  Organization)  –  Дүниежүзiлiк  Денсаулық      сақтау  
Ұйымы 
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлiгi 
ОIЕ  (International  Office  of  Epizootics)  –  Халықаралық    Індетке  қарсы 
Кеңсе 
МЕМСТ – Мемлекеттiк стандарт 
КСРО – Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы 
ДПР – диффуздық преципитация реакциясы 
О-ПС антиген (О-полисахаридный антиген) – О-полисахаридтi антиген 
ТКР – тура конглютинация реакциясы 
ККАР – конглютиндеушi комплементтi адсорбциялау реакциясы 
ККБР – конглютиндеушi кешендi байланыстыру реакциясы 
ИКАР – иммунды кешендi агрегациялау реакциясы 
ВИЭВ  (Всесоюзный  Институт  Экспериментальной  Ветеринарии)  – 
Бүкiлодақтық Экспериментальдық Ветеринария Институты 
ПР – преципитация реакциясы  
 салыстырмалы зерттеу нәтижелерiнiң маңыздылық деңгейi 
Р>0.1  –  көрсеткiштер  айырмашылығы  статистикалық  анық  емес 
(елеусiз)  
Р<0.01– көрсеткiштер айырмашылығы статистикалық анық (елеулi) 
ЖШС – жауаптылығы шектелген серiктестiк 
НТҚ – нормативтiк-техникалық құжат 


 
ТШ – техникалық шарттар  
ӨН – өндiру нұсқауы 
ГОСТ  (Государственный  общесоюзный  стандарт)  –  Бүкiлодақтық 
мемлекеттiк стандарт 
РР – Риванол реакциясы 
ПТР – полимераздық тізбектеу реакциясы  
VH – вирусты бейтараптау реакциясы 
ELISA – иммундыабсорбциялық ферменттiк талдау 
AGID – Агар гелiндегi иммундық  диффузия   
FAVN – флюоресценттi антиденелермен вирусты бейтараптау 
реакциясы 
FPA – флюоресценттiк поляризация әдiсi 
NPLA – байланысқан пероксидазаны талдау  
BBAT –  буферленген Brucella антигенiмен тест 
Agg – агглютинация реакциясы 
Agent  id  –  патогендi  ауру  қоздырушысының  түрiн  анықтау  (идентифи-
кациялау)  
DTH – баяу типтi сезiмталдық (аллергиялық әдiс)  
PRN –  оба вирусын бейтараптау  
IFA – антидененi жанама иммунды флюоресценттеу 
CF – комплементтi байланыстыру реакциясы  
HI – гемагглютинацияны ингибирлеу  
MAT – микроагглютинация реакциясы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1-бөлім. ЖАЛПЫ ІНДЕТТАНУ 
 
1-тарау.  ИНФЕКЦИЯЛЫҚ  ПРОЦЕСС 
 
Ветеринарияның  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күресте  ұстанған  басты 
бағыты  iндеттiң  дер  уақытында  (ерте)  алдын  алу  (дауалау,  яғни  профи-
лактикалау). 
 Жұқпалы  аурулардың  дер  уақытында  алдын  алу  үшiн  инфекциялық 
және iндет процестерiн, олардың  даму заңдылықтарын бiлу қажет. 
Инфекцияның  1-суретте  көрсетілген  түрлерін,  байқалу  ерекшеліктерін 
білу,  жұқпалы  ауруға  дер  уақытында  балау  қойып,  оның    індет  ошағында 
жалпы және арнайы шараларды тиімді жіргізуге мүмкіндік береді.  
Бұл  бөлiмдегi  тақырыптар  жалпы  iндеттану  бойынша  студенттердiң 
дәрiс материалдарынан, оқулықтардан (тақырыптары: «Инфекция және жұқ-
палы  аурулар»,  «Иммунитет  және  иммунологиялық  икемдiлiк»,  «Iндет 
процесi  және  оның  қозғаушы  күштерi»,  «Індет  ошағы»,  «Індеттанулық 
мониторинг», «Індетке қарсы шаралар жүйесі») алған теориялық дайындық-
тарына негiзделген.  
Алдымен  жұқпалы  ауруларға  шалдыққан  жануарлармен,  жұқпалы 
материалдармен  және  iндетке  қарсы  шаралар  жүргiзген  кезде  жеке  бастың 
сақтық  шараларымен,  жұқпалы  аурумен  ауырған  жануарлар  тұратын 
оқшауханалармен  танысып,  инфекциялық  ауруларды  анықтауға    қолданы-
латын нозологиялық балау әдiстерiн зертханалық жағдайда меңгередi.  
Зертханалық  және  практикалық  сабақтарда  инфекциялық  ауруларда  
қолданылатын  түрлi  құрал-жабдықтарды  жұмысқа  дайындау,  оларды  қол-
дануды меңгерiп, ветеринариялық клиника немесе шаруашылық жағдайында 
тiрi  малдан  қан,  нәжiс,  зәр,  т.б.,  өлекседен  патологиялық  материал  алу, 
оларды  бактериологиялық,  вирусологиялық,  серологиялық,  биологиялық 
зерттеулерге  жiберу  тәсiлдерiн,  iндеттанулық  зерттеу  әдiстерiн  үйренедi. 
Нәтижесiнде,  студенттер  жұқпалы  ауруларға  қарсы  қолданылатын  ұйым-
дастыру-шаруашылық,  ветеринария-санитариялық  және  арнайы  шараларды 
орындауды бiлулерi керек. 
Материалдық жабдықтау. “Оқшаухана құрылымы макетiнiң схемасы”; 
“Аса  қауiптi  зооантропоноздар,  олардың  адамға  жұғу  жолдары”  (плакат); 
арнайы  киiмдердiң  толық  жиынтығы;  сабын;  дезинфекциялық  ерiтiндiлер; 
орамал; жеке салфеткалар, адамдарға бiрiншi көмек көрсетуге арналған дәрi-
дәрмектер;  йод  тұнбасы;  спирт-ректификат  700;  дәке;  стерильдi  мақта; 
пинцет;  скальпель;  қайшы,  т.б.  жабдықтар,  ветеринариялық  заңдылық 
кiтаптары,  түрлi  шаруашылық  субъектiлерiне  (мал,  аң,  құс  т.б.    шаруашы-
лықтар) арналған ветеринариялық объекгiлердi жобалау нормативтерi. 
 
 
 

10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Байқалуы                             Толеранттылық 
                                               Микробиоз     
Ауруға тән                            Жасырын инфекция   
Атипикалық  
                                                                                (Микроб өсiп-өнбейдi,  
өршуi                                                                 иммунитет жүйелерi 
                                                                                 әсерiнен қорғаныс, 
Аса жiтi                                                                   яғни иммунитет  
Жiтiден төмен                                                         қалыптасады) 
Жiтi 
Созылмалы 
 
Қоздырушының  
орналасуы бойынша                            Сатылары 
 
Ошақты                                  Инкубациялық кезең     
Бактеремия                            Продромальды кезең 
Септицемия                           Клиникалық белгiлердiң 
Виремия                                 байқалуы 
Токсемия 
Пиемия                                  
Септикопиемия 
 
Асқынуы                                   Соңы 
 
Рецидив                                  өлiм 
Суперинфекция                     сауығу 
Реинфекция                           сауығу, бiрақ салдарының  
Қосалқы инфекция             қалуы (толық немесе жартылай   
                                                салдану, артроз, т.б.) 
 
1-сурет. Инфекциялық процесс және оның байқалуы. 
 
 
 
Инфекциялық процесс 
Инфекциялық ауру 
Микроб алып 
жүру 
Иммундеушi 
субинфекция 

11 
 
1-тақырып. Жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстеу 
ережелерi. Оқшауханалар мен инфекциялық клиникаларды 
ұйымдастыру 
 
1-тәжірибелік сабақ. Инфекциялық ауруларға шалдыққан малмен жұмыс 
iстеу. Оқшауханалар және олардың құрылымы 
 
Сабақтың  мақсаты:  Инфекциялық  клиникалар,  малдәрiгерлiк  емдеу 
мекемелерiндегi  инфекциялық  бөлiмдер,  мал  шаруашылықтарындағы 
оқшауханалар  жағдайларымен,  оларға  қойылатын  талаптармен  танысу  және 
инфекциялық  ауруларға  шалдыққан  малмен  жұмыс  iстеу  тәртiптерiн 
меңгеру.  
Орны  және  жүргiзу  тәртiбi:  Сабақ  кафедрада  және  ветеринариялық 
клиникада  жүргiзiледi.  Клиникада  инфекциялық  бөлiм  мен  оқшаухананың 
орналасу схемаларымен танысып, ондағы арнайы жұмыс киiмдерi мен құрал-
жабдықтарды  қарап,  инфекциялық  ауруларға  шалдыққан  малмен  жұмыс 
iстеу  ережелерiмен  танысады.  Оқытушы  клиникадағы  малды  қолдану 
арқылы  клиникалық  зерттеу  әдiстерiн  көрсетедi.  Студенттер  өз  беттерiмен 
оқытушының  тапсырмасы  бойынша  түрлi  мал  дәрiгерлiк  емдеу  мекемелерi, 
мал  шаруашылықтарына  арналған  инфекциялық  бөлiмдер,  оқшаухана 
(изолятор)  жобаларын  жасап,  жұқпалы  аурулардан  сақтану  шараларына 
реферат дайындайды.   
 
Сабаққа  студенттер  келесi  сұрақтар  бойынша  дайындалып  келулерi 
қажет:   
1.
 
Iндеттану ненi оқытады? 
2.
 
Жұқпалы  аурулардың  жұқпалы  емес  аурулардан  айырмашылығы 
қандай? 
3.
 
Iндеттанудың  тарихи  жетiстiктерi  және  басқа  ғылымдармен 
байланысы?  
4.
 
Жаңа экономикалық тұрғыда туындалған iндеттанудың мақсаттары?  
Инфекциялық  бөлiмдер  және  оқшауханалар.  Жұқпалы  аурумен 
ауырған  малдарды  оқшаулау,  iндеттiң  таралмауына  қарсы  қолданылатын 
шаралардың  басты  бiр  элементi  болып  саналады.  Осы  мақсатта  ветери-
нариялық  емдеу  мекемелерiнде,  шаруашылықтарда  жұқпалы  ауруларға 
күдiктi  және  инфекциялық  ауруларға  шалдыққан  малдар  үшiн  арнайы 
инфекциялық бөлiмдер, оқшауханалар ұйымдастырылуы қажет.    
И  н  ф  е  к  ц  и  я  л  ы  қ    б  ө  л  i  м  ветеринариялық  емдеу  мекемелерiнде 
арнайы  ұйымдастырылуы  қажет.  Оған  кiрiп-шығатын  арнайы  жеке  есiктер 
бөлек  болады.  Инфекциялық  бөлiмге  түскен  малдар  тек  бiр  бағытта  ғана 
қозғалуы  тиiс.  Есiктерде  арнайы  дезинфекциялық  төсенiштер  орнатылады. 
Бөлiм  жеке  қолжуғышпен,  сабынмен,  дезинфекциялық  ерiтiндiмен  (0,2% 

12 
 
хлорамин немесе 0,1% “Дезоксон-1”,болмаса т.б.), құралдарды стерильдеуге 
арналған жабдықтармен қамтамасыз етiледi. 
Ауру  малды  қабылдағаннан  кейiн  қолданылған  құрал-жабдықтар  15 
минут  қайнатылады.  Егер  мал  изоляторға  жiберiлетiн  болса,  байлауға 
қолданылған  жүген-ноқта,  т.б.  қолданылған  құрал-саймандар  дезинфекция-
ланады. Оқшауханаға кiргiзер алдында, малдың тұяғы жуылып, тазаланады. 
Ауруға  қойылған  диагноз  бойынша  қайшылықтар  болмаса,  мал  сабынмен 
жуылып,  дезинфекцияланады.  Ауру  малды  қабылдаған  ветеринар  маманы 
қолын  жуып,  алшалғышты,  қолғапты,  пiскек  т.б.  жабдықтарды  үнемi 
ауыстырып отыруы тиiс, мүмкiншiлiк болмаған жағдайда дезинфекцияланып 
отырылуы керек. 
О қ ш а  у х а н а   жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге 
арналған  орын.  Ветеринариялық  заңдылықтарға  сәйкес  оны  малдәрiгерлiк 
емдеу  мекемелерiнде,  шаруашылықтарда  ұйымдастырады.  Ветеринариялық 
мекемелер  (емдеу  пунктi,  оқшаухана)  мал  мен  терiсi  бағалы  аңдар 
фермаларынан  200  м,  құс  фермаларынан  –  500  м,  автокөлiк  және  темiр-
жолдардан – 300 м, облысаралық жолдардан – 150 м, жергiлiктi жолдардан – 
50  м,  елдi-мекеннен  (ауыл,  поселок,  т.б.)  –  500  м  арақашықтықта орналасу-
лары шарт. 
Оқшаухана  басқа  да  ветеринариялық  объектiлермен  қатарласып 
орналасса, оның жан-жағы 2 м жабық қоршаумен қоршалып, кiрiп-шығатын 
есiк бөлек болуы қажет. Изолятордағы жылқы тұратын бөлменiң биiктiгi 2,7 
м, басқа малдардiкi – 2,4 м, қабырғалары тегiс болып, ол ылғалға шыдамды, 
ақшыл  түске  боялады.  Оқшаухананың  сиымдылығы  шаруашылықтағы  мал 
басына  байланысты.  Ол  сиыр  малы  байлаулы  ұсталғанда  3-5%,  сиыр  мен 
жылқы  байланып  ұсталғанда  2-3%,  доңызға  –  1-2%,  қойда  2,5-3%,  ал  терiсi 
бағалы аңдар мен қоянда  барлық мал басының 1%-ы.  
Оқшауханада  ауру  малды  емдейтiн  және  құрал-сайманды,  азықты 
қоятын  арнайы  орындар  болуы  тиiс.  Ондағы  мал  серуендеуге  шығарыл-
майды.  Оқшауханада  жүктi  әйелдер,  кәмелеттiк  жасқа  толмаған  жасөспi-
рiмдер  жұмыс  iстеуiне  тиым  салынады.  Ауру  малмен  жұмыс  iстейтiн 
санитарлар жұқпалы аурулармен ауырған малдармен жұмыс iстеу ережелерi 
жайында вет-санитариялық минимумдармен танысулары керек. 
Оқшаухана  мен  ветеринариялық  клиникалардың  инфекциялық  бөлiм-
дерiнде  қолданылған  су  және  малдың  сұйық  қиы  мiндеттi  түрде  арнайы 
бөгеттерде  зарарсыздандырылып  (хлормен,  сөндiрiлген  әкпен  немесе  басқа 
да дезинфектанттармен), тек сонан кейiн ғана жалпы құбырға жiберiлуi шарт. 
 
СТУДЕНТТIҢ ӨЗIНДIК ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА: 
 
1.Түрлi мал объектiлерiне (фермаларға), емдеу мекемелерiне (ветерина-
риялық  клиникаларға)  ветеринариялық-санитариялық  тәртiптерге  сәйкес 
оқшаухана жобасын жасау. 

13 
 
2-тәжірибелік сабақ. Инфекциялық ауруларға шалдыққан 


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет