Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді:
Энергия тепе-теңдігін сақтау
Тамақ құрамындағы қоректік заттар ұтымды үйлестірілген болу керек. – Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы 1:1:4,6.