Негізгі алмасу Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны


Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі



бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі82,72 Kb.
#107057
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зат алмасу

Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе-теңдігі (балансы) тексеріледі.

Азот тепе-теңдігі

Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен соң, денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын азоттың мөлшері тең болса, бұл азот тепе-теңдігі деп аталады. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі оң деп есептеледі (өсіп кележатқан жас организмде, екі қабат әйелдерде кездеседі). Сыртқа шығарылған белок қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса, азот тепе-теңдігі теріс деп аталады. (белогы аз тағамдармен тамақтанғанда).

Белок алмасуының реттелуі.

Белок алмасуының реттелуі.

Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді.

Көмірсу алмасуы.

Көмірсу алмасуы.

Көмірсу- энергия көзі, денеге ди-полисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді.

Көмірсу алмасуының реттелуі.

Көмірсу алмасуының реттелуі.

Көмірсу алмасуына ми қыртысы, гипоталамус, ішкі сөлініс бездер әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуынан адреналин глюкозаның қанға өтуін күшейтеді бауырдағы гликогенолиз үрдісін ативтеу арқылы . Парасимпатикалық жүйке гликоген түзілуін күшейтеді-(гликогенез үрдісін жоғарлатады).

Май алмасуы.

Май алмасуы.

  • Май негізгі энергия көзі, пластикалық маңызы. Тәулігіне -70-100г майы керек. Майдың ыдырау өнімдері (моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен мицелла түрінде, ішек эпителиіне өтеді (пиноцитоз жолымен). Одан шыққан өт қышқылдары қанға сіңеді, эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдардан адамға тән май түзіледі. Май мен холестерин, белок молеклалары хиломикрон құрып, эпителий мембранасынан өтіп, лимфаға, қанға сіңеді.
  • Май алмасуының реттейтін арнайы орталық гипотаталамуста орналасқан. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Парасимпатикалық ж.ж. май алмасуына керісінше әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет