Негізгі бөлім 4 Майлар құрамының жалпы сипаттамасы 4


Негізгі бөлім 1.Майлар құрамының жалпы сипаттамасы



бет2/10
Дата09.05.2023
өлшемі39,86 Kb.
#91190
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Íåã³çã³ á?ë³ì 4 Ìàéëàð ??ðàìûíû? æàëïû ñèïàòòàìàñû 4

Негізгі бөлім

1.Майлар құрамының жалпы сипаттамасы


Табиғи өсімдік майлары мен жануарлар майлары химиялық таза зат емес. Олар триглицеридтер және олармен ілескен заттарының қосындысы болып табылады. Бұл тұста 95-97 % триглицеридтердің үлесінде, ал қалған 5-3 % - триглицеридтерге ілескен заттардың, соның ішінде 0,05-0,3 % судың есебінде. Триглицеридтердің негізгі құрылымды элементтері болып үш атомды глицерин спирті мен майлы қышқылдар саналады. Майлы қышқылдарға қарағанда, глицерин - триглицерид молекулаларының өзгермейтін құрамы болып табылады. Триглицеридтердің физикалық және химиялық қасиеттері майлы қышқыл молекуласының құрамымен, құрылымымен және орналасуымен анықталады.


Майлы қышқылдар
Майлы қышқылдар әртүрлі липидтер топтарының молекулалық құрамына кіреді: триглицеридтер тіпті 90 % май қышқылдарынан тұрады; олар фосфатидтер мен балауыздар, стериндер мен витаминдердің құрамдас бөлшегі болып табылады. Майларда көміртегі атом саны 6-дан 26-ға дейін (сүт майларында, С4-тен бастап) болатын майлы қышқылдар бар. Біздің елде көп таралған күнбағыс, мақта, соя, арахис, зығыр майларын және жануар майларын 95 %-ға дейін көміртегі атомы 18 болатын (жоғары молекулалы май қышқылдары) май қышқылдары құрайды. Төмен молекулалы қышқылдар (С6-дан С14-ге дейін) негізінде майларда аз мөлшерде кездеседі.

1.1.Қаныққан май қышқылдары.


Бұндай қышқылдардың жалпы формуласы СnН2nО2. Бұл гомологиялық қатардың (С4-тен С20-ға дейін) қышқылдары. Қаныққан май қышқылдарының физикалық қасиеттері әртүрлі және олардың молекулалық массасына байланысты өзгеріске ұшырайды.Май қышқылдарының қайнау температурасы молекулалық массаның көбеюіне қарай өседі. Гомологиялық қатардағы балқу температурасы өседі, бірақ біркелкі емес. Жұп көміртегі атом санды қышқыл тақ көміртегі атом санды қышқылға қарағанда аса жоғары температурада балқиды. Шекті май қышқылдарының қату температурасы негізінде балқу температурасынан бірқатар төмен болады. Жұп және тақ көміртегі атом санды қаныққан карбон қышқылдарының өзара айырмасы олардың балқу температурасымен ғана сипатталмайды, сонымен қатар олардың химиялық және биологиялық қасиеттерімен де айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет