Проблемалық оқыту туралы негізгі түсінік
Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау жəне т.б.) мен оқушылардың ізденіс əрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық ситуацияның, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің жəне т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мəлім тəсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол бəрінен гөрі көбінесе мектеп оқушысының ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы дамуын жəне сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді .
Проблемалық оқытудың мақсаты – оқушыларға білімді даяр күйінде бəрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау, қызықтыратындай мəселе туғызу.
Проблемалық оқыту – проблема, проблемалық сұрақ, проблемалық тапсырма, проблемалы жағдаят (ситуация) деген ұғымдарды қамтиды. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыларға дайын жауап не үлгі болмайды жəне ол өзінің білетінін не білмейтінін арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген тапсырманы шешуге керекті білімнің немесе тəсілдің жетпей тұрғанын сезінеді.
Проблемалық міндет дегеніміз – қиын жағдаятты іздеу, зерттеу барысында шешілетін мəселе міндет мазмұны деп, белгілі ізделініп отырғанын арасындағы қайшылық нəтижесінде пайда болған проблеманы айтамыз. Мұның жауабын практикалық олперациялар арқылы табуға болады. Сондықтан кез келген міндет проблема бола бермейді.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білімдер жүйелері мен ақыл-ой жəне практикалық қызмет тəсілдерін меңгеруі;
- мектеп оқушыларының танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- білімдерді творчестволық меңгеру дағдыларына тəрбиелеу (логикалық əдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тəсілдерін қолдану);
- білімдерді шығармашылық қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияларға қолдану) жəне оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тəрбиелеу;
- шығармашылық қызмет тəжірибесін жинақтау (ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу жəне шындық болмысты көркем бейнелеу методтарына ие болу т.б.).
- Проблемалық оқытудың барлық міндеттері ішінен аса маңызды екі міндетті бөлу қажет. Біріншісі – оқытудың ғылыми дəрежесін арттыру; екіншісі – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру.
Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоймайды, сонымен қатар, оны дұрыс шеше білу тəсілдерін меңгеруді де жақсы қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалында кездесетін ой, пікір, қайшылықтарын дұрыс аңғарылуына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тəсілдерін меңгеруге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |