Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім: а) Проблемалық оқыту туралы негізгі түсінік
б) Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың
заңдылықтарына байланысты кезеңдері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақ тілін проблемалық тұрғыдан оқытудың мақсаты - студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту үдерісінің ерекшеліктерін теориялық жəне практикалық тұрғыдан меңгерту. Кəсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нəрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.
Қаралатын мәселелер:
1.Проблемалық оқыту туралы түсінік
2. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту
3. Проблемалық оқыту технологиясының міндеттері
4. Проблемалық оқыту технологиясының тиімділігі
Оқушылырдың шығармашылық ойлауы мен шығармалық əрекетін, белгілі бір сұрақтардың түйінін шешу үшін жəне тілдік тапсырмалар орындау дағдыларын алу үшін проблемалық əдісті қолданудың берері мол.
Проблемалық оқытуға қатысты іргелі еңбектер 60-70 жылдардағы Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.Н.Махмутов, В.Оконь жəне басқалардың жұмыстары болып табылады.
Проблемалық оқыту мəні проблемалық ситуация тудыру жəне ол ситуацияларды саналы меңгеру, қабылдау, шешуді мұғалім мен оқушының біріккен іс-əрекеті ретінде ұйымдастыру болып табылады.
Проблемалық оқыту қажетті білім, білік жəне дағдылар жүйесін қалыптастырып қана қоймай, оқушының ақыл-ойы дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізіп, олардың өз бетінше білім алу қабілеттілігін дамытуды қамтамасыз етеді. Проблемалық оқытуда оқушылар алдына проблема қойылады, мұғалімнің тікелей қатысуымен не өз бетінше оны шешу жолдары мен тəсілдері зерттеледі, яғни болжам жасалады, оның дұрыстығын тексеру жолдары белгіленіп, негізделеді, экперимент, бақылау өткізіледі де, оның нəтижесі талқыланады, дəлелденеді . Проблемалық оқытуды жекелеген педагогтардың өткінші əуестенушілігі ретінде жоққа шығарған, оны оқытудың біресе формасы, біресе құралы, біресе методтарының бірі деп есептеген. Ал қазір жалпы мектеп мұғалімнің проблемалық оқыту идеясын қабылдап қана қоймай, сонымен бірге оны практикада қолдануға да тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |