Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
. Әбу Насыр әл-Фарабидің өміріне шолу
. Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағыты
. Әл- Фараби есімінің әлемдік рөлі
. Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Әбу Насыр Әл-Фараби… бізге ол осы есімімен ақ танымал,әрі жақын ғұлама еді.Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. «Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Ғалымның туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар «Барба-Фараб» деп атап кеткен. Сондықтан «әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Тарихи деректерде Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Сонымен қатар, Фараб (Отырар) қаласы – ірі саяси, мәдени және сауда орталығы, ортағасырлық Еуропа мен Азияны байланыстырып, көптеген саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтыратын Ұлы жібек жолының керуен жолдарының торабы болды. Әбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды. Мұнда оның Отырар кітапханасының философиялық және ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі болды. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші кітапхана болып саналды Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Ғалым алғашында Бұхарада, Самарқанда, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Ол Хамада қаласында араб тілін үйренді. Білімін жалғастыру үшін Әбу Насыр Араб халифатының мәдени және саяси орталығы болған Бағдадқа барады. Дәл осы жерде әйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеді. Олар Платон, Аристотель, Гален, Евклидтің еңбектерін аударып, бұл еңбектерге ғылыми түсініктемелер жазатын. Бағдадта Әбу Насырдың тәлімгерлері Джуханна ибн Хайлан және араб тіліндегі ежелгі мәтіндердің атақты аудармашысы Абу Бишр Матта болды. Ғалым әл-Фараби ондаған тілдер мен диалектілерді меңгерді, ал түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген, оның дәлелі – жазған еңбектері. 20 жылдай Бағдат қаласында тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген”. Сондай-ақ ғұлама ойшыл медицина ғылымындарын меңгеруге де бар күшін салады. Ол біраз жыл Бағдат шаһарында ғылыми ізденістермен айналысып тұрақтап қалады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
. Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармалары
Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді топбасы атанып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады . Сан-сала ғылымның түп қазығын философия мен логикадан тарата зерттеуде Фараби Аристотель бағытын жалғастырды. Ғалымның өзіне дейін жасалған әдістеменің ізімен жүруі қалыпты құбылыс болатын. Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби “Өлең өнері туралы трактат”, “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат”, “Риторика туралы трактат”, “Аристотель “Риторикасына” түсіндірменің үлкен кітабы”, т.б. еңбектер қалдырды. Сондай-ақ “Логика туралы трактат”, “Ғылымдардың шығуы туралы трактат”, “Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері”, “Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат” секілді еңбектерінде де Фараби әдебиет пен поэзияға қатысты бірқатар тұдің әдебиет пен өлең өнеріне қатысты біршама пікірлері тұжырымдалған. Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
2.2. Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағыты
Әл-Фарабидің рухани мұрасының идеялық бағытын дұрыс түсіну үшін сол кездегі тарихи жағдайды білу қажет. Ол үшін әлемдегі ең ірі тарихи оқиғалардың бетбұрыс кезеңін ескеру маңызды. Ислам дінінің келуімен VIII ғасырдағы Орталық Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай мен рухани өмірде түбегейлі өзгеріс кезеңі басталды. Жалпы, исламды қабылдаған көптеген мұсылман елдерінде, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанда дамыған өркениеттің нышандары байқалды, соның негізінде рухани мәдениет өркендеді. Араб халифатының гүлдену кезеңінде мұсылман Шығысының өркениеті сол дәуірдегі Батыс Еуропа мәдениетіне қарағанда зайырлы білім мен ғылыми жаңалықтардың едәуір кең таралуымен ерекшеленді. Ислам мәдениетінің таралуы арқасында Қазақстандағы қоғамдық-саяси және рухани мәдениетке күшті серпін берді. Араб тілі мен араб әдебиетінің түркі тілінде кеңінен таралуы бұл аймақта VIII ғасырдан бастап ислам дінінің келуімен байланысты. Біз бұл тарихи дамуды Орталық Азия өңірлерінен шыққан ұлы ғалымдардың жемісті еңбектерінен көреміз. Әл-Фарабидің рухани санасына, әлеуметтік-саяси көзқарастарына әсер еткен факторлар Ислам Халифатының негіздерін шайқалтқан сол кезеңдегі азаттық қозғалыстар, халқының рухани құндылықтары, түркі этникалық ортасы, 52 рулық-тайпалармен етене араласуы еді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі әлеуметтік-философиялық және саяси көзқарастары ол өмір сүрген дәуірдің өнімі, ықпалы десек болады. Сол кезеңдегі қоғамның басым дүниетанымы – діни идеологиялардан, қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-саяси тұжырымдамалардан құрылды. Өзінің философиялық (рухани), әлеуметтік-саяси тұжырымдамасында Әл-Фараби , бақыт, жақсылық, өлшем, әділеттілік және т.б категорияларға ерекше назар аударды. Ол өзінің идеалына сәйкес ақыл-ойдың, білімнің жоғары құндылығын, бауырмалдық пен достық принципін ашады, өз қоғамындағы адамгершіліктің жағымсыз ерекшеліктерін сынайды. Әл-Фарабидің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында мемлекеттік басқару мәселелеріне, қазіргі қоғамның жетілмеген тұстарын сынауға және әлеуметтік тәртіпті қайта жақсартуға арналған. Ойшыл өзінің бұл еңбегінде ашкөздігімен және озбырлығымен мемлекеттер құратын билеушілердің деспотизміне (шексіз билік) қарсы тұрады. Мұндай мемлекеттерді, оның пікірінше, білімсіз, надан және жаман мінезді адамдар зорлық-зомбылықпен басқарады. Олар тек байлықты, күш пен ләззатты бағалайды. Әл-Фараби ізгілікті мемлекет басшысының туа біткен 12 қасиетін атап өтеді. Оның пікірінше ел басшысы: «....Әділ болуы керек, бірақ қыңыр емес, өйткені Ислам кез-келген әділетсіздік пен арсыздыққа мүлдем қарсы; ол қажет деп санайтын нәрсені орындауда дер кезінде шешім табатын, сонымен бірге қорқыныш пен қорқақтықты білмейтін, батылболу», - керек дейді.
Әл-Фараби өзінің „Қайырымды, қала түрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық- әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мүндағы қала деп отырғаны — мемлекет. Ғалым бүл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге ке- луі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мүндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім — әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны қүмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекег басқаратын адамға осындай биік талап- тар қояды.
Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз акыл немесе ғарыштық (космостық) ақыл ай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол — жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап дамытып жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты адамдардың жаны өлмейді, ал қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны оның тәнімен бірге өледі деген идеяны қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы адамның артында қалдырған ісінің, ізінің өшпегені, оның жанының өмір сүргені дегенді меңзейтін сиякты. Бұлай деп айтуымызға Фарабидің “Ұлы Зенонның жоғары ғылым бойынша трактаты туралы” еңбегінде ол дүниедегі өмір туралы жазған мынадай жолдары негіз болады: “Білім, яғни ғылыми мұра қалдырған адам өлгеннен кейін өз қамы үшін ғана харакет еткен адамнан қадірлі, білгіш, көреген болады, өйткені көп мал-мүлік күйттеу ғылымға кесірін тигізеді. Сондықтан рухани мұра қалдыру дүниеауи қам-харакетке қарағанда абзал да қадірлі, ол ғылымға кесірін тигізбейді. Ол дүниелік өмірде дәрежеге жетуге кедергі болмайды. Егер, бәлкім, ғылымның басқа адамдары, оның әріптестері бұл мұраны пайдаланса ол оған өлгенге дейін де, өлгеннен кейін де игілік боп жұғады” (Тарихи-философиялық трактаттар).
2.3. Әл- Фараби есімінің әлемдік рөлі
Сонымен, Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін- еркін, азат өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін- бірі қүрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Фараби үлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген қүқығын қорғауға әрекет жасады.Тарих толқынындағы исламдық қайта өрлеу дәуірінің шамшырағы, данагөй әл Фараби қазақ даласының түлегі,ұрпағы.
Шындығында әл Фараби бабамыз жасөспірім бозбала шағында рухани жағынан жетілген адам еді және өзінің бүкіл саналы өмірін арна,ан ұлы даналық пен данышпандық қызметке дайын болатын. « Тақырға тал өспейді» ол Ислам өркениеті мен дала жұртшылығы академиясынан , сол кезеңдегі Александриядағыдай әлемдегі ең үлкен кітапханасы бар, ғылым ордасы , Шыңғысхан шапқыншылығына дейінгі әйгілі Отырар руханиятынан сусындаған жан еді.
Әл-Фарабидің рухани санасына, әлеуметтік-саяси көзқарастарына әсер еткен факторлар Ислам Халифатының негіздерін шайқалтқан сол кезеңдегі азаттық қозғалыстар, халқының рухани құндылықтары, түркі этникалық ортасы, 52 рулық-тайпалармен етене араласуы еді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі әлеуметтік-философиялық және саяси көзқарастары ол өмір сүрген дәуірдің өнімі, ықпалы десек болады. Сол кезеңдегі қоғамның басым дүниетанымы – діни идеологиялардан, қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік құрылымның әлеуметтік-саяси тұжырымдамалардан құрылды.
Әл Фараби есімі әлемдік ,ғылым мен мәдениет тарихында қомақты орын алады. Оның еңбектері еуропалық Қайта өрлеу дәуіріне үлкен әсер етіп,Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларын байланыстыратын көпір болды. Қазақстанда Әл Фараби мұрасын зерттеу мәселелері ХХ ғасырдың екінші жартысында көтерілді. Фарабитануға қомақты үлес қосқандар қатарынан ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі , Әл Фараби атындағы ҚазҰУ дыңғылыми орталығының негізін қалаушысы Қасымжанов араб тілін меңгерген және Әл Фараби математикасы бойынша докторлық диссертация қорғанған әйгілі Көбесов ; академик, филосф М.Бурабаев сияқты ғалымдарды; белгілі қазақ жазушысы Ә.Әлімжановты атауға болады.
2.4. Әл-Фараби философиясындағы «бақыт» мәселесі
Әл-Фараби ғылым салаларын жүйелегенде, ең алдына тіл білімін қояды. Өйткені, «Бұл айтылғандардың барлығын пайымдау жолымен - өз ойымызды қалай жеткізу керектігінен, үйрету немесе үйрену керектігінен, қалай баяндау, сұрау, жауап беру керектігінен абстракциялану арқылы таптық. Осы себепті барлық ғылымдардың ішіндегі ең бірінші ғылым тіл туралы ғылым деймін. Ол заттарға, яғни субстанция мен акциденцияларға атау береді. Екінші ғылым - грамматика, ол атауларды қалай реттеу керектігіне, субстанциялар мен акциденциялардың орналасуын білдіретін сөздер мен сөйлемдерді және содан шығатын салдарларды құрастыруға үйретеді». Бұл жерде ғұламаның адамның адам ретіндегі саналы тіршілігінде, адамның өмірдің құпияларын танып-білуіне көмектесетін ғылыми ізденістерінде тілдің айрықша орнына ерекше мән бергендігі көрінеді.
Ғалымның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету жайында», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап», «Қоғамды зерттеу кітабы» еңбектерінде адам қайтсе, бақытты болады, адамдар бақытты өмір сүре алатын қоғамдық құрылыс қандай болуы керек деген сауалдар төңірегінде мәселенің мәніне тереңдеп барады.
Әл-Фараби қоғам дұрыс болу үшін онда өмір сүретін адамдар дұрыс болу керек деп біледі. Ал адамдардың алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жету үшін барынша ұмтылатыны белгілі. Сонда адам тіршілігінің бар мәні бақытты болуға саяды. «Екінші ұстаз» адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын «бақыт» категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан сыпаттама, терең талдаулар жасайды. Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен» адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек», «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс» деп біледі. Осындай оймен басшыға қойылатын алты талапты атайды:
«Бірінші шарт - дана болу.
Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
Үшінші - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші адамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
Төртінші - бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әректінде ол халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
Бесінші - бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, олардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу».
Ортағасырлардағы ғылым біртұтас, әлі іштей жіктелініп, жеке сала болып қалыптаса қоймаған болатын. Сондықтан да ғалымдар өмірдің, барлық ғылым салаларының ортақ әмбебап заңдылықтарын зерттейтін философ болды. Әл-Фараби еңбектерінің салмақты жағы ғылымның философиялық мәселелерін зерделеуге арналған еңбектерінде ғылымның аса маңызды проблемалары көтеріліп, ғұламаны асқан ойшыл, кемеңгер философ ретінде әлемге танытты.
Идеализм мен исламның негігі қағидаларынан бастау алатын Әл-Фарабидың философиясы материализмге арқа сүйейтін Батыстың философиясынан өзгешелеу келеді. Ғалым мұрасын зерттеушілер Әл-Фараби философиясына тірек болған үш дәйектемені көрсетеді: «1) дүниені мәңгілік деп тану; 2) зерттеу принципі ретіндегі детерминизм; 3) парасат жайындағы ілім, бұл ілімнің адам жанының мәңгі өлмейтіндігі бекер дейтін қорытындыға бейім тұрғандығы»
3. Қорытынды
Қорыта келе Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманының және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл», - дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетедіжәне олар ең жоғарғы ізгілікке жету үшін бір келісімге келуі тиіс», - деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды. Сонымен, Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманының және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл», - дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетедіжәне олар ең жоғарғы ізгілікке жету үшін бір келісімге келуі тиіс», - деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады.
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Ж. Алтаев. "Философия және мәдениеттану". Алматы, 1998жыл
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 367бет. ISBN 9965-822-10-7
↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Б. М. Кедров, Ш. Е. Есенов, А. Х. Қасымжанов. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары. Кітапта: Әбу Насыр Әл-Фараби. Бақыт туралы кітап. Алматы, 2015, 20-бет).
Мұсылман ғалымдары / Баспаға əзірл. Д. Тоқмырза. — Алматы: «Шапағат–Нұр», 2006. — 104-б.
А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы
Н.Келімбетов. "Көркемдік», Stud. Кстүр жалғастығы". Астана. "Елорда"-2000ж.
Достарыңызбен бөлісу: |