Негізгі бөлім Гендік мутациялар



бет4/7
Дата10.12.2023
өлшемі466,19 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-81315

Геномдық мутациялар
Әрбір түр үшін хромосоманың саны, формасы мен мөлшері систематикалық белгілер болып табылады. Кариотиптің негізгі бірлігі хромосомалардың гаплоидты жиынтығы, яғни гомологты хромосомалардың әрбір жұбынан біреуі ғана жиынтық. Мұндай гаплоидтық жиынтыққа шоғырланған гендер тобын геном деп , ал гаплоидтық жиынтықтағы хромосомалар санын негізгі сан деп атайды да, оны n әрпімен белгілейді. Митоз бен мейоз ұрпақтан ұрпаққа берілетін хромосомалар санының тұрақтылығын қамтамасыз ететін клетка бөлінуінің аса дәл механизмі болып табылады. Алайда кейбір жағдайларда бұл механизм бұзылады, ол хромосомалардың клетканың полюстеріне қарай әркелкі ажырауынан - хромосомалардың ажырамауынан, сондай-ақ хромосомалардың цитокинезсіз (эндомитоз) екі еселенуінен байқалады. Мұндай бұзылудың нәтижесінде хромосомалар саны өзгерген клеткалар пайда болады. Тұтас гаплоидты жиынтық санының немесе жекелеген хромосомалардың артуы немесе кемуі есебінен хромосомалар саны өзгеруі мүмкін. Гаплойдты жиынтықтары тұтас көбейген организмдерді полиплоидтар деп атайды. Хромосомалардың саны гаплоидты жиынтыққа еселі болмайтын организмдерді  анеуплоидтар  немесе гетероплоидтар деп атайды. Организм клеткаларындағы хромосомалар санының өзгеруі оның белгілері мен қасиеттерінің өзгеруімен қатар жүреді, сондықтан оларды геномдық мутациялар де атайды. Полиплондия. Полиплондия- гаплоидты жиынтыққа қарағанда еселенген хромосомалар санына артатын геномдық мутациялар. Хромосомаларының, гаплоидты жиынтықтарының саны әр түрлі болып келетін клеткаларды: 3n- триплоидты, 4n-тетраплоидты деп және т. с.с деп атайды. Полиплоидты клеткалардан дамып жетілген организмдерді тиісінше триплоидтар,тетраплоидтар деп атайды және т.с.с. Гомозиготалы организмнен пайда болған тетраплоид та гомозиготалы болады. Егер жиынтықтың көбеюі гомологты хромосомаларында белгілі бір гендердің әр түрлі аллельдері болатын буданды организмде жүзеге асатын болса, онда түзілетін:тетраплоид та осы гендер бойынша гетерозиготалы болады.
Соматикалық клеткалар полиплоидизацияланған жағдайда клеткалар организмнің бастапқы полиплоидтық клеткадан дамыған бөлігінде ғана полиплоидты болады да организм химер-лы болып шығады. Егер полиплоидизация зиготаның бірінші бөлінуінде жүрсе, онда ұрықтың барлық клеткалары болып шығады. Барлық хромосомалардың мейозда ажырамауы хромосомаларының саны редукцияланбаған гаметалардың түзілуіне әкеп соғады, мұндай гаметаларда хромосомалар жиынтығы бірден емес, екіден болады. Хромосомалардың жиынтығы редукцияланбаған гаметалар ұрықтануға қатысқанда полиплоидты организмдер пайда болуы мүмкін.

2-сурет. Сол жақтағы диплоидты және оң жақтағы тетраплоидты қара бидай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет