Негізгі бөлім Гендік мутациялар



бет7/7
Дата10.12.2023
өлшемі466,19 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-81315

Жануарлар полиплоидиясы. Дара жынысты жануарларда полиплоидия өте сирек кездесетіні анықталды. Қазіргі кезде тұт көбелегінің, тритонның, аксолотльдің автополиплоидты особьтары алынды. Жібек құрты ( Вомвук mori ) автотетраплоидтарының ұрғашылары есімтал,ал еркетері стерильді келеді. Мұның себебі,еркектерінде ( гомогаметалы жыныс ) мейоз профазасында поливаленттер түзіледі, осының нәтижесінде хромосомаларының саны анеуплоидты болып келетін тіршілікке қабілетсіз гаметалар пайда болады. Ұрғашыларының ( гетерогаметалы жыныс ) хромосомалар коньюгациясы шектелген, поливаленттер түзілмейді, ал пайда болушы гаметалар тіршілікке қабілетті келеді.Дара жынысты жануарларда полиплоидтардың серек кездесу себептерінің бірі-олардың ұрықсыздығы. Жыныстық көбеюі партеногенезбен алмастырылған жануарларда полиплоидия түгелдей дерлік өсімдіктердегідей жүзеге асуы мүмкін. Жануарлардағы полиплоидтық қатар мысалына олардың аскаридадағы, жер құртындағы,қос мекенділердегі,көбелектердегі және басқалардағы көрінісін жатқызуға болады. Жануарлар аллополиплоидтарын жасанды жолмен қолдан алу соңғы уақытқа дейін шешілмейтін проблема болып есептеліп келеді. Алайда таяуда қызметкерлерімен бірге Б.Л.Астаурров Вамвух morix x B.mandarina жібек көбелегінің түр арлық буданынан алғашқы аллополиплоид алды. Аллотетраплоидты синтездеуде жасанды партеногез әдісі пайдаланылды. Шағылыстыру процесінде екі жыныстың да әр түрінің хромосомалар жиынтығы екі еселенген формалары сұрыпталып алынды: 2n B. mori + 2n B. mancdarina-аллотетраплоидтар немесе амфидиплоидтар. Жануарлар дүниесіндегі полиполидия бірқатар тканьдердің соматикалық клеткаларында, яғни митоз жолымен мейозсыз көбейетін жағдайларда айтарлықтай кең таралған. Қазіргі кезде генетиктердің көпшілігі жануарлар эволюциясында полиплоидия емес, хромосома арлық және хромосома ішілік қайта құрылулар негізгі рөл атқарды деген көзқарасты жақтайды.
Анеуплоидия. Анеуплоидия (немесе гетероплоидия) дегеніміз гаплоидты саны еселенбеген, хромосомалар санының өзгеруінен тұратын геномдық мутация. Бұл құбылысты дрозофиланың жыныспен тіркескен белгілерінің, тұқым қуалауын зерттеуде К.Бриджес алғаш рет таза генетикалық әдіспен анықтады. Жекелеген хромосомаларының саны өзгерген клеткалардың пайда болуын клетка бөлінуде хромосомалардың кейбір жұптарының тарауы бұзылатындығымен түсіндіруге болады. Мұндай бұзылушылықтар соматикалық және жыныс клеткаларында кездесуі мүмкін. Жоғарыда сөз болған, кейбір полиплоидтар мен алшақ будандар секілді гомологты хромосомаларының коньюгациясы бұзылған формаларда тұрақты анеуплоидты гаметалар пайда болады. Егер қосымша хромосомасы (n+1) бар гамета қалыпты, гаплоидты ( n ) гаметамен үйлессе, зиготада бір хромосома артық болып шығады: ондағы хромосомалар саны 2 n+1-ге тең болады. Бір хромосомасынан айырылған гамета қалыпты, яғни гаплоидты гаметамен үйлессе, диплоид саны толық емес бір хромосома жетіспейтін (2 n-1) зигота пайда болады.
Хромосомаларының жиынтығы 2n+1 болатын организмді трисомик деп, 2n-1 болатын организмдерді- моносомик деп, ал 2 n-2 болатын организмдерді -нулисомик деп атайды. Кейбір сирек жағдайларда хромосомасының белгілі бір жұбының қосымша бір хромосомасы емес,екі хромосомасы ( 2 n+2)-тетросомигі, үш хромосомасы ( 2 n+3 ) –пентпсомигі болуы мүмкін және т.с.с. Мұндай санының кемуі немесе артуы хромосомалардың кез-келген жұбынан байқалуы мүмкін, сондықтан гомологті емес хромосомалардың бірнеше жұбында бір мезгілдік анеуплоидия болуы мүмкін. Анеуплоидия белгілердің тұқым қуалау сипатының өзгеруіне ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ ол фенотипте де белгілі бір өзгеріс туғызады. Мәселен, адамда жиынтықтың барлық хромосомалары бойынша трисомия сипатталған. Трисомия кейде толық болады, яғни бір нөмірдің үш хромосомасы қайталанады. Трисомияның мұндай жағдайы әсіресе геномның ірі хромосомаларында жиі кездеседі. Бұл жекелеген хромосомалардың генетикалық құндылығы әркелкілігін білдіреді. Ішінара трисомия негізінен алғанда инверсияның немесе геномдағы дупликацияның болуы есебінен түзіледі. Әрбір хромосоманың трисомиясы фенотиптік тұрғыдан алғанда симптомдардың белгілі.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұхамбетжанов К.К Далабаев Б.А,Өтешова Г.А Генетикадан практикалық сабақтар. Алматы Ғылым 2004.
2.Мұхамбетжанов К.Қ Генетика. Алматы 2005.
3.Стент Г., Кэлиндар Р. Молекулалық генетика. М.: Мир, 2001.
4.Жимулев И.Ф Жалпы және молекулалық генетика. Н.: Новосибирск университеті, 20027

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет