Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет23/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Теориялық деңгейдегі физикалық білімдер жүйесі теориялар мен негізгі идеялардан, принциптер мен гипотезалардан (жорамалдардан) түзіледі. Физикалық теория математикалық тендеу түрінде өрнектелген, қарастырылып отырған физикалық құбылыстардың мәні мен қасиеттері сипаттайтын теориялық заңдардан тұрады. Мысалы, М.Фарадей мен Дж.Максвелдің электромагниттік өріс теориясы тікелей тәжірибе нәтижелерінен алынған жоқ, оның идеал образы теориялық тұрғыда жасалынған. Физикалық теорияның құрылымы үш бөліктен (негізі, ядросы, қорытындысы) тұрады. Оның негізіне идеализацияланған объект, физикалық шамалар кіреді. Мәселен, электрондық теория үшін абстракты электрон газы, кванттық электродинамика үшін гармониялық осциллятор жүйесі алынған. А.Эйнштейн айтқандай, тәжірибелердің нәтижелері (фактылардың) негізінде теория құруға және оның күрделі теңдеулерін жасауға болмайды, бұл әрине, скелет-сүйектерінен тірі организмді құрастырып «жасауға» болмайтыны сияқты іс. Физикалық теорияның ядросы математикалық теңдеулермен өрнектелген зандардың жүйесінен, постулаттардан, принциптерден құрылады. Мысалы, классикалық механиканың ядросы - Ньютон, электродинамика ядросы -Максвелл, релятивистік емес және релятивистік кванттық механика ядролары - Шредингер және Дирак, жалпы салыстырмалық теория үшін - Эйнштейн теңдеулері. Энергияның сақталу және айналу заңдары, салыстырмалық және симметрия принциптері, статистикалық және кванттық концепциялар фундаментальды теориялардың құрамды бөліктеріне мысал бола алады.
Фундаментальды концепциялар мен теориялардың негізінде физикалық нысандар (объектілер) мен құбылыстардың жиынтығын қамту, олардың моделін жасау және қолданылу шекараларын анықтау - теориялық физикалық ойлаудың ерекшелік белгілері.
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқытудың басқа да әдістері көрсетілген. Әдістерді топтастыру негізінде оқыту үрдісінің этаптары, оқушылардың танымдылық іс-әрекетімен оқу материалын меңгеру деңгейі білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін. Көптеген әдістер бұрыннан белгілі әдістердің бірігіп қолданылатын әдісін береді. Бұның бәрі оқытудың әр әдісінің көп қырлы екенін көрсетеді.
Сонымен оқушылардың білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әр түрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруына байланысты.
Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақта оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен формаларын анықтау.
Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет