Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет22/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Ерекшілігі:
-оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында;
-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшінміндеттілігі,
- білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясын механизм ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіндік жасауы;
-білмегенді жазалау емес, ескерту;
-оқушыға оқу деңгейін таңдауға иүмкіндік беруі;
Тиімділігі:
-оқушыны үнемі әрекеттерге қосады;
-өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады;
-тілдік категориялардың, лексика-граматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңеутуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану өзіндік ойы бар, зердеді шығармашлық тұлға қалыптасуына алып келеді.


4.3 Оқыту әдістері мен ғылыми танымның әдістерінің байланысы

Физика ғылымы зерттеудің теориялық және экспериментельдық әдістерін қолданады. Бұл әдістердің логикасы оқу және ғылыми танымдар үшін маңызы бірдей. Оқу танымының ғылыми танымнан ерекшелігі таным нәтижесі суъективтік сипатты болады. Ол тек қана оқушы үшін қажет. Сонымен қатар оқушының білмеуден білуге өтуі мұғалімнің оқытудың әртүрлі әдістерін қолданып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруына байланысты.


Ғылымда таным процессі эмпирикалық және теориялық деңгейлерде жүзеге асады. Оны мына сұлбадан көруге болады:
Сұлба 14

Танымның екі дегейі-эмперикалық және теориялық –өзара байланыста болып, бір-бірінің дамуына әсер етеді. Эмперикалық зерттеулер жаңа ғылыми фактлерді анықтап, теориялық зерттеулердің алдына жаңа мақсаттар қойып, оның дамуына себеп болады. Ал теориялық зертеулер жаңа болжамдарды түсіндіру және фактларды алдын-ала көру нәтижесінде эмперикалық зерттеулерге бағыт беріп, оны дамытады. Оқыту үрдісінде-оның мазмұнында да , оқыту әдістері мен тәсілдері жүйесінде де таным процесісінің элементтерін көруге болады. Таным әдісінің логикасын, соған сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерін түсінуге, таным процесінің бір сатысынан 2-ші сатысына өтудің әдістемелік жолдарын анықтауға көмектеседі (фактлар-гипотеза-теориялық салдарлар-эксперимент). Таным процесі құбылысты бақылаудан, оны сипаттаудан, яғни факторларды (оның ішінде ғылыми факторларды) анықтап көруден басталады. Бұл тәжірибелік факторлар ғылыми білімнің негізі болып табылады. Факторлар –ғылыми білімнің бір элементі және таным процесінің алғашқы сатысы. Физиканы оқыту үрдісінде оқушылар қоршаған ортадағы құбылысты немесе мұғалімнің көрсетуін бақылауға үйретеді. Зертханалық жұмыстарды, практикалық және үй экспериментін орындату барысында да оқушылар бақылау жасап тәжірибелік факторларды көріп, анықтап,оларды сипаттайды. Бақылаған құбылысты салыстырып, талдау нәтижесінде эмперикалық қорытынды жасайды.


Оқу материалын индуктивтік ой тұжырымдау негізінде беру (негізгі мектепте) физиканы оқытудың бастапқы сатысында жүзеге асады. Мысалы: Тіздек бөлігі үшін Ом заңын қарастырғанда ток күшінің кернеуге тура, ал кедергігі кері тәуелділігін эксперимент негізінде беру, нақтыдан абстрактыға, бақылаудан эмперикалық қорытындылауға өтуде мектеп оқушыларының ойлау қабілетінің даму деңгейі ескеріледі.
Ғылыми, диалектикалық ойлауды дамыту үшін оқушыларды танымның теориялық әдістерімен де таныстыру керек (абстракциялау, модельдеу, ойша эксперимент, аналогиялық әдіс, дедукция т.б.).
Кезкелген физикалық ұғым, физикалық шама, физика заңы, яғни кезкелген білім элементі-абстракцилау нәтижесі.
Бірқалыпты қозғалысты қарастырғанда мұғалім абстракциялық ұғымның оқушылар күнделікті өмірде немесе экспериментте көретін нақты қозғалыстың айырмашылығын көрсетеді.
Масса нысанның белгілі-бір қасиетін сипаттайтын физикалық шама. Физиканы оқыту барысында оқушылар бұл қасиеттерінің әртүрлі екендігін көреді. Мектепте бірінші масса ұғымы нысанның инерттілік қасиетін сипаттайтын шама тұрғысынан бастап енгізіледі. Екіншіден гравитациялық қасиеті (Бүкіл әлемдік тартылыс заңы) арқылы да беруге болады. Үшіншіден масса зат мөлшерінің өлшемі . Бұл ұғым біртекті денелердегі бөлшектер санын салыстырғанда қажет(молекулалық физика). Механикада масса инвариантты шама (жылдамдыққа тәуелсіз, санақ жүйесін таңдауға тәуелсіз).
Әдетте, физикалық құбылыстардың әр түрлі көптеген белгі-сырлары болады, бұл олардың кейбір қасиеттерін бөліп алып зерттеуге қиындық туғызады. Сол үшін физикада ерекше идеализация әдісі (идеал газ, абсалют қара дене, инерция, серпімді соқтығысу, материалдық нүкте, математикалық маятник, т.т.) қолданылады.
Модельдеудің мәні зерттеліп отырған нақты нысанның қасиеттерін сақтайтын басқа нысанмен алмастыруда. Физикалық зерттеулерде таным әдісі ретінде модельдеу кең қолданылады. Идеал газдың моделін құру МКТ дамуына түрткі болып, эмперикалық түрде тағайындалған газ заңдарын түсінуге мүмкіндік берді. Максвеллдің математикалық моделі бірыңғай электромагнетизм теориясын құруға мүмкіндік туғызды. Резерфорд-Бордың атом моделі кванттық физиканың дамуына түрткі болды.
Мектеп курсында әртүрлі физикалық модельдер қолданылады: материалдық нүкте, идеал газ, кристалдық тор, математикалық маятник, жарық сәулесі т.б.
Бір физикалық нысанның бірнеше моделі болуы мүмкін. Мысалы: жарықтың таралуы мен заттпен әсерлесуі жарық қасиеті 2 модель арқылы қаралады: корпускулалық және толқындық. Оқушылар есеп шығару барысында физикалық құбылыстарды өз беттерімен модельдейді. Нақты жағдайда физикалық заңдылықтардың орындалатын нысанның моделін қарастырады. Мысалы: Кулон заңын қолдану үшін есеп шартындағы зарядталған денелерді нүктелік заряд деп қарастыруға бола ма? Немесе Менделеев-Клаперон теңдеуін қолданбас бұрын нақты газды идеал газ деп қарастыруға бола ма?
Физикада көрнекі модельдер кең қолданылады. Мысалы: Броундық қозғалыс, Штерн тәжірибесінің моделін, темір ұнтақтары арқылы магнит күш сызықтарының моделін, көлденең және қума толқындардың моделін. Модельдеумен теориялық танымның бір әдісі ойша эксперимент. Мысалы: Архимед күшіне есептер шығарғанда оқушыға сұйықты немесе дененің көлемін өзгертуін қарастыру ұсынылады.
Ғылыми танымның екі әдісінде де (теориялық, эмперикалық) аналогия әдісі басты роль атқарады. Қарастырылған белгілі нысанды сипаттайтын білім элементтерін нысанға сәйкестендіріп көшіріледі. Мысалы: Электомагниттік тербелістерді қарастыруда оқушыларға бұрынан белгілі механикалық (гармониялық) тербелістер туралы білім элементтерін жаңадан сәйкестендіріп оқытуға болады. Оны мына кестеден көреміз.
Кесте4



Индукция-бақылау нәтижесіне, тәжірибелік факторларға сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет