7.5 Сыныптан тыс эксперименттің маңызы
Айналамыздағы бізді қоршап тұрған денелер мен процестер әлемінде тұнып тұрған физикалық сыр-құпия мен таңғаларлық тамаша құбылыстар мол. Тіпті, аяқ бассаң, қозғала кетсең, тамақ пісірсең, ойыншықпен ойнасаң, машинамен жүрсең, сырғанақ тепсең, суда жүзсең, ән салсаң, домбыра тартсаң - бәрі физика екендігін физик-мұғалім ешқашан естен шығармауы тиіс. Мұны оқушыларға ұқтырудың, оған нандырудың ең тиімді жолы - оларға сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелер мен бақылауларды жасаттыру. Әрине, мұндай сыныптан тыс эксперимент мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі.
Сынптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулыйды; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-маңызын ұғады; физика және техника туралы әдебиеттерді окуға әуестенеді; ол жайындағы кәсіби мамандықтардың ерекшеліктерімен танысады. Мұның бәрі, сөзсіз, оқушылардың физикалық білімдері мен ептіліктері қарқынды дамытуға күшті ықпал жасайды, физиканы тереңдетіп және кеңейтіп оқуға ұмтылдырады, физика сабақтарының көрнекілігін күшейтіп молайтады.
Оқушылардың физика-техникалық сыныптан тыс тәжірибелері мен бақылауларын ұйымдастыруға бірқатар жеткілікті мүмкіндіктердің бар екендігін аңғару қиын емес (механикалық ойыншықтар, балалардың алып жүретін (портативтік) жеңіл инструменттері, арнаулы конструкторлық приборлар комплектісі, үй-тұрмыстық машиналар мен тетіктер, үйдегі өлшеуіш приборлар, мектеп айналасындағы өндіріс орындары, ұстагершілік үй аспаптары, т.т.).
Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс объектілерінде экскурсия кезінде, физикалық - кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, оқушылар сарайлары мен жас техниктер стансаларындағы секция жұмыстарында, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі. Оқушыларды ұдайы физика-техникалық өнертапқыштықпен, рационализаторлықпен, техникалық шығармашылықпен әр түрлі жолмен (үйірмеде, сабақта, физикалық кеште, қабырға газеті арқылы, көрмеде, экскурсияда) таныс-тырып тұру қажет.
Сыныптан тыс уақытта физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау; 2)ондай жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау.
Мысалы, оқушылардың үйде жүргізетін бақылаулары мен өлшеулері мынадай тапсырма бойынша орындалуы керек:
а) үйден шелектің, бидонның, кесенің сыйымдылығын мензурканың жәрдемімен өлшеп анықтау (7-сынып).
ә) үйден мектепке дейінгі жүрген жүрісінің орташа жылдамдығын қадымдап анықтау, оның графигін сызу (7, 9-сынып).
б) тұрмыста және техникада инерция құбылысының ескерілуін бақылау (7, 9 сынып)
в) Үйдегі электр есептегіш арқылы бір күнде және бір аптада жұмсалатын энергаяның құнын есептеу (8 сынып).
г) Үйде және табиғатта байқалатын жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, диффракциясы құбылыстарын бақылау, оларды түсіндіру (9 сынып).
д) Адамның жерге түсіретін қысым күшін және қысымын өлшеп, анықтау (11 сынып).
Сыныптан тыс эксперименттің орындалу нәтижелерін мұғалімнің сабақта сұрап, талдап, қорытындылап, толықтырып тұруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |