Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар



бет43/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

7.2 Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар

Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талал етеді:



  1. Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек (мысалы, сұйықтың қысымы);

  2. Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс (мысалы, Архимед күшінің шамасы неге тең?);

3. Сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті жоқ (атмосфералық қысым). Олардың ең негізгілерін ғана тақырыпты түсіндіруде қолданып, қалғандарын оқушылардың сұрау, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді;
4. Физикалық тәжірибелердің негізінен физикалық заңдылықтардың сандық мағынасын дәлелдеуге арналғаны жөн (Ньютонның екінші заңы), ал олардың сапалық жағының демонстрациялануы аз кездеседі (жарықтың дисперсиясы).

  1. Демонстрациялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді (жарықтың шағылу заңы).

  2. Тәжірибенің бірнеше нұсқаларынан, жаңа сабақты түсіндіруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі керек (инерция, қысымның берілуі).

  3. Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар ғана қойылуы тиіс. Оның көрнекілігін күшейту үшін мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн (магниттік бағдарша, марганцовкамен судың түсін бояу).

8. Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық түрде салу (электролиз зандары).
9. Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет, оған кезінде тиісті түсінік және қорытынды берілуі керек.


7.3 Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физикалық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді, физикалық процестерді біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады. Оны физика ғылымындағы эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей "көшірмесі" деп түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді. Мектепте физиканы оқытудың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар.



  1. Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек ғана пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды(жылу балансы тендеуі, дененің меншікті салмағы, кедергілерді параллель қосу).

  2. Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физикалық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді (трансформатор, телескоп, спектроскоп).

  3. Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенетін болады (найзағайдың табиғаты, электр стансасы). Бұл физиканы оқытудағы формализмді жоюға жәрдемдеседі.

  4. Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады (микроскоп, самолеттің ұшуының физикалық негіздері, кеменің суда жүзуі).

Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгі-ерекшеліктеріне қарай мынадай 5 топқа классификацияланады:
I. Зертханалық экспериментке оқушылардың қатыстырылуы бойынша :1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық зертханалақ, жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.
II. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық жұмыстар 4 түрге бөлінеді : 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.
IV. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент: 1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3 ке бөлінеді.
V.Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша зерттеушілік, эврикалык, иллюстративтік болып бөлінеді.
1. Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды (кітап парағының қалыңдығын, дененің мешікті жылу сиымдылығын өлшеу).(Мұның бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылыктары бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өтікізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек : а) сыныптағы барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың құралдардың тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
2. Әр түрлі жұмыстар жүйесі, әдетте, тоқсанның не оқу жылының аяғында өткізіледі. Өтілген бірнеше тарауларға қатысты әр түрлі 10-15 зертханалықлық эксперимент қойып, әр топ оқушыларға бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды (мысалы, 11-шы сыныпта, механикадан, молекулалық физикадан, электр бөлімінен) орындаттырады. Бұл тәсіл бойынша әр оқушы жеке дара әр түрлі жұмысты орыңдап, оның өздігінен, шығармашылық түрде істеуіне мол мүмкіндік туғызылады. Бірақ, оның мынадай кейбір әдістемелік қолайсыздығы болатындығын мұғалім ескеруі керек: а) зертханалық жұмысты орындау күнделікті өтілген тақырыппен байланысты болмайды; ә) жұмысты орындау туралы әр жұмысқа әр түрлі нұсқау берудің мүмкіндігі қиын; б) жұмыстың нәтижесін сынып бөлімі талқылау ыңғайсыз; в) әр түрлі зертханалықлық жұмыстарды ұйымдастыру, тексеру, қорытындылау да қолайсыз.
З Физикалық (зертханалық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы, дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрозонансты зерттеу). Мұндай зертханалық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең, зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылыми зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.
4. Зерттеушілік зертханалық жұмыстар - металдар мен шала өткізгіштердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (8-сынып), эврикалық - Бойль-Мариотт заңын анықтау (8-класс), иллюстративтік - Ньютонның екінші заңын тексеру (9-сынып) сияқты болып келеді.
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:
1) физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу

  1. өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен танысу

  2. физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау

4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру
5) техникалық приборлармен және қондырғылармен таныстыру
Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде өткізілуі тиіс: мұғалімнің кіріспе түсінігі (3-5мин), оқушылардың жұмысты істеуі (25-30 мин), алынған нәтижелерді өңдеу (7-10 мин). қорытындылауы (3-5мин).

Кесте 9
Фронтальды зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңдері:



Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әзірлік

1)Зертханалықлық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орнын анықтау
2)Сабақ жоспарын (конспектісін) жасау
3)Құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру,жұмысты істеп қарау
4)Тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау

1)Теориялық материалды қайталау
2)Құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру
3)қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару
4)Жұмысты орындаудың жоспары құру

Орындау

1)Кіріспе әңгіме өткізу
2)Оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау
3)Оқушының жұмысының нәтижесін тексеру

1)Жұмыс істеу
2)Жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу
3)Жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру

Қорытындылау

1)оқушының жұмысын тексеру
2)жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру

1)жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу
2)өз жұмысын талдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет