Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет41/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

3. «Қолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыттың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизмдердің, машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға бөлінеді. Мысалы: (7-8 сынып) «Физикалық шамалар және оларды өлшеу». Курстың міндеттері:
- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген сияқты ұғымдармен таныстыру;
- өлшеу құралдарды қолдануға үйретіп, өлшемдердегі қоғымын қалыптастыру;
- оқушыларды экспериментальдық алған міндердің негізінде экспериментік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестік қорытындысын жасауға үйрету;
- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер туралы түсінік беру;
- еңбек ету қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды орындауға үйрету;
Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) зерттеулер орындау арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін таблица, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперименттальдық біліктерді меңгереді.
«Арнайы курс: Кибернетика элементтері». «Физика және компьютер», «Космонавтика негіздері», «Космос физикасы», «Қоршаған ортадағы техника», «Заттың құрылысы мен қасиеттері», «Физикалық есептерді шығару әдістері» т.б. Бұл курстардың бағдарламаларын білім министрі бекіткен.
Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде экспериментальдық физикалық зерттеулердің әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертханалық жұмыстардан, практикум мен экскурсиядан тұрады.
Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронталь зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар.
Бірқатар факультативтік курстардың бағдарламалары білім министрлігімен бекітілген және бағдарламалар жинағында мазмұндалған. Осыдан бөлек мұғалімге өз бағдарламасымен жұмыс істеуге құқық берілген, ол мектеп әкімшілігімен бекітіледі.
О.Ф.Кабардинмен физика бойынша факультативтік курстардың мазмұнын таңдаудың негізгі ұстанымдары:
- факультативтің негізгі курспен байланыстылығы;
- факультативтік курстар мазмұнында іргелі физикалық заңдар мен
ұстанымдардың бейнеленуі;
- пәнаралық байланысты іске асыру;
- политехнизм ұстанымын жүзеге асыру тұжырымдалған.
Тиісінше факультативтік курстар бағдарламасы өз мазмұны жағынан негізгі курс бағдарламасымен келісілген. Көпшілік дәрежеде бұл жоғары деңгейдегі курстарға қатысты. Жоғары деңгейдегі курстарға: «Жылу, электр және жарық құбылыстары» (7 сынып), «Физиканың факультативтік курстары 9 сынып» («Механика»), «Физиканың факультативтік курсы. 10 сынып» («Молекулярлық физика», «Электродинамика») және «Физиканың факультативтік курсы. 11 сынып» («Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар»).
Жоғары деңгейдегі курстардың барлығы оларды жүргізу жөнінде тиісті оқулықтармен және әдістемелік ұсыныстармен қамтылған.
Қолданбалы физика бойынша факультативтік курстардың негізгі міндеттері физикалық заңдар мен құбылыстарды практикада қолданудың маңызды әдістерімен және жолдарымен, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен таныстыру болып табылады.
Осы типтегі барлық факультативтер физиканың негізгі курсымен мазмұнды әрі уақытша байланыста болады. Оқу уақытының жартысынан көбі жұмыстың физикалық ұстанымдарды, механизмдерді, машиналарды, автоматты құрылғыларды меңгеругебағытталған практикалық жұмыстарды орындауға кетеді. Осы типтегі факультативтік курстарға, мысалы, «Физикалық шамалар мен оларды өлшеу» курсы (7-8 сыныптар) физикаға қызығушылық танытып жүрген оқушыларға физика ғылымының негізгі әдістерімен танысуға, өлшеу және т.б. эксперименттік шеберліктерді меңгеріп алуға мүмкіндік береді.
Физика бойынша факультативтік сабақтарда оқытудың әдістері, формалары және құралдары. Факультативтік сабақтарда оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары қолданылады, олардың арасында келесі теориялық сабақтар болуы тиіс: дәрістер, семинарлар, конференциялар, сонымен бірге практикалық сабақтар: тапсырмаларды шешу, фронтальдық зертханалық сабақтар, физикалық практикум, экскурсиялар. Тәжірибе көрсеткендей, факультативтік сабақтар оқытуды ұйымдастыру әртүрлі формаларының үйлесімділігі кезінде мақсаттарына жетеді.
Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары:
Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді.
Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі.
Факультативтік сабақтардың әдеттегіден ерекше түрлерінің бірі физикалық тапсырмаларды шешу практикумы болып табылады.Ол 9 сыныптан бастап жүргізіледі. Ол ірі тақырыптар бойынша тапсырмаларды орындау түрінде беріледі. Тапсырмаларды шешудің практикумы физика негізгі курсының тапсырмаларды шешу сабақтарынан ерекшеленеді.
Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады.
Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік шеберліктер қалыптастыруға және оларды практикумға дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Фронтальдық зертханалық жұмыстар қатарына әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі.
Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға күрделілік деңгейі әртүрлі, оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқару бойынша жұмыстарды енгізуге болады. Факультативтік сабақтарда сол немесе басқа бір жұмысты орындау уақытын шектеу қажеттілігі жоқ. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет