«Адам. Қоғам. Құқық» пəнінен оқу бағдарламасы
1.
Түсінік хат
1.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес
əзірленген.
2.
Пəнді оқытудың мақсаты – қоршаған ортада болып жатқан үдерістер
мен құбылыстардың, оларды реттеп отыратын заңдардың өзара байланысы,
адам мен қоғам дамуы үдерісі туралы ғылыми білімді жүйелендіру. Азаматтық
позицияны, жоғары адамгершілік қасиеттер мен отанға деген сүйіспеншілікке
тəрбиелеу.
3.
Пəнді оқытудың міндеттері:
1)
қазіргі қоғам мен адам өміріндегі қоғамдық ғылымның рөлін анықтау;
2)
оқушылардың бойында əлемнің ғылыми картинасын қалыптастыру;
3)
адам жəне адам өмірінің жоғары құндылықтар болып табылатынын
түсіндіру;
4)
гуманизм, этика, бостандық, демократия, əлеуметтік прогресс пен
рухани құндылықтар идеалдары арасындағы өзара байланысты анықтау;
5)
адам құқықтары мен жалпы ұстанымдарын білуге, оған баға беруге
үйрету;
6)
азаматтылықты, отансүйгіштікті, жауапкершілік пен түрлі ұлттар мен
халықтарға деген сыйластық көзқарасты қалыптастыру;
7)
этникалық жəне жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда төзімділікті
сақтау;
8)
қоғамдық даму заңдылықтарын білу негізінде құқықтық сауаттылық
пен мəдениеттілікке тəрбиелеу;
9)
Қазақстан Республикасының Ата Заңын, кодексін жəне басқа да
заңнамалық актілерін білу;
10)
ғылыми, құқықтық терминологияны түсіну, терминдерді қолдана
білуге үйрету;
11)
оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту;
12)
оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы мен
пікірталасқа қатысу қабілетін дамыту;
13)
жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сəйкес
кəсіби бағдар туралы түсінігін дамыту.
4.
Пəннің базалық мазмұнын анықтау. 9 сынып оқушылары үшін «Адам.
Қоғам. Құқық.» курсының мазмұнын іріктеу іс-əрекеттік, тұлғалық-бағдарлы
жəне құзіреттілік тəсілдерге негізделген. «Адам. Қоғам. Құқық.» пəнінің
мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға, демократизм принциптеріне,
гуманизм мен ғылымилыққа негізделген. Бұл пəнді оқытуда оқушылардың жас
51
ерекшеліктерін ескеру, оқыту үдерісінің əдістемесі мен ұйымдастырылуын
анықтайтын əдіснамалық принциптерге сүйену қажет.
5.
Пəнаралық байланыстар:
1)
«Қазақ тілі мен əдебиеті»:
адам өміріне, сана мен ар-намысына, адамгершілік қасиеті мен
адамдық парызына, адамның еңбек қызметіне оның табиғатқа əсеріне арналған
көркем шығармаларды пайдалану;
2)
«Дүниежүзі тарихымен»:
адамның, ру-тайпаның, сөйлеу құралы ретінде тіл мен сөздің пайда
болуы, алғашқы қоғам мен мемлекеттердің, діни көзқарастардың, əлемдік
діндердің жəне ұлттың қалыптасуы, ұлттық мемлекеттер жəне азаматтық қоғам
туралы білім беру;
3)
«Қазақстан тарихымен»:
қазақ халқының көшпенді өркениеті, шаруашылығы, діні мен дəстүрі,
мұсылман дінінің мəдениеттің дамуына əсері туралы білім беру, қазақтардың
дəстүрлі құқығы, «Жеті жарғы»;
4)
«Физикамен»:
жер құрылысы, уақыт, кеңістік пен материя туралы білім беру,
физикалық процестердің адам мен қоғамға əсерін көрсету;
5)
«Биологиямен»:
адам мен адам қоғамының пайда болуы, табиғат пен адамның өзара
байланысы туралы білім беру;
6)
«Географиямен»:
табиғи қор жəне оларды тиімді пайдалану, Қазақстан Республикасының
Қазақстан табиғатын қорғауға бағытталған заңдары мен халықаралық
дəрежедегі табиғатты қорғауға арналған шаралар туралы білім беру.
6.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1)
9 сыныпта аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.
2. Оқу пəнінің 9 сыныптағы базалық мазмұны
7.
«Кіріспе», оқу пəнінің түсінігі мен өзіндік ерекшелігі.
8.
«Əлемдегі адам» (8 сағат):
«Адам проблемалары» (3 сағат), «Адамның пайда болуы», адамның
пайда болуының негізгі тұжырымдамалары, адамның биологиялық жəне
əлеуметтік табиғаты;
«Адам
өмірінің
ерекшеліктері»,
адамның
қажеттілігі
мен
қызығушылығы, адамның мүмкіндігі мен қабілеті, адам құндылықтары мен
идеялы;
«Адам жеке тұлға ретінде», индивид, жекелік, жеке тұлға, жеке тұлға
ретінде қалыптасу, мінезді, тəрбиені, өзін-өзі тəрбиелеуді қалыптастыру,
адамның əлемдегі орны, адам өмірінің мəні;
52
«Адам жəне мəдениет» (2 сағат), «Адам іс-əрекеті», адам іс-əрекетінің
жануар əрекетінен ерекшелігі, іс-əрекет құрылымы мен мотиві, іс-əрекет
көптүрлілігі, шығармашылық əрекет жəне оның ерекшелігі, шығармашылық
еңбек;
«Адам – мəдениет жасаушысы», мəдениет адам іс-əрекетінің нəтижесі
ретінде, мəдениет жəне табиғат, мəдениеттің бірлігі мен көптүрлілігі,
мəдениеттердің өзара əрекеттестігі;
«Адам жəне адамдардың өзара əрекеттестігі» (2 сағат), «Адами
қатынастар əлемі», қарым-қатынас байлығы, қарым-қатынас формасы мен
мазмұны, тұлғааралық қарым-қатынас, қарым-қатынас мəдениеті, қарым-
қатынас психологиясы, этикет, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастағы
рөлі;
«Жеке тұлға жəне ұжым», ұжымдылық, жеке тұлғалылық, конформизм,
адам əрекетіндегі қадір-қасиет, ілтипат, сыпайгершілік, əдептілік, сұхбат,
пікірталас, өзара түсіністілік, қызметтестік, ынтымақтастық;
қайталау (1 сағат).
9.
«Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары» (15
сағат):
«Қоғам түсінігі» (2 сағат), қоғам – ерекше шындық ретінде, адам жəне
қоғам, қоғам адамдардың өзара əрекеттестігінің нəтижесі ретінде, қоғамның
пайда болуының негізгі тұжырымдамасы;
«Қоғамдық өмірді ұйымдастыру», қоғам өзіндік дамушы жүйе ретінде,
əлеуметтік институттар, қоғамдық өмірдің негізгі салалары;
«Қоғамның экономикалық өмірі» (3 сағат), «Экономика дегенеміз не?»,
қоғамның шаруашылық өмірінің негізі, экономикалық ресурстардың
шектеулілігі, тұтынудың шексіздігі, экономикалық таңдау проблемалары,
экономиканың негізгі проблемалары (қалай жəне кім үшін өндіру), өндірістің
экономикалық ресурстары мен факторлары, қоғамдық өндірістің нəтижелері,
экономикалық игілік түсінігі;
«Экономика жəне жеке меншік», жеке меншіктің экономикалық жəне
құқықтық мазмұны, жеке меншік формасы, жеке меншіктің қазіргі заманғы
түрлері, мемлекеттік жеке меншік жəне оның экономикалық жүйені
дамытудағы рөлі, экономикалық жүйе түрлері, дəстүрлі экономикалық жүйе,
командалық экономикалық жүйе, нарықтық экономикалық жүйе, аралас
экономикалық жүйе;
«Нарықтық экономика жəне ақша», ақшаның мəні мен қызметі, ақша
формасының эволюциясы, қаржылық айналыс заңы, қаржы жүйесі жəне оның
элементтері, қаржы реформасы, нарықтың мəні мен қызметі, нарықтың
құрылымы мен инфрақұрылымы, нарықтық экономика жəне оның негізгі
сипаты, нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі;
«Қоғамның əлеуметтік құрылымы» (3 сағат), «Əлеуметтік қатынастар»,
адамның өзін-өзі ұстауының əлеуметтік нормасы, əлеуметтік құрылым,
қоғамның əлеуметтік құрылымы, оның элементтері, əлеуметтік институттар,
53
«əлеуметтік
мəртебе»
жəне
«əлеуметтік
рөл»
түсінігі,
əлеуметтік
дифференцация түсінігі, əлеуметтік ұтқырлық;
«Қоғам жəне отбасы», отбасының шығу тарихы, отбасындағы
адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшелігі, отбасы мүшелерінің
əлеуметтік міндеттері, қазіргі қоғамдағы отбасының рөлі мен мəні;
«Ұлттар мен ұлтаралық қатынастар», ұлттың шығу тарихы (этнос,
халық, ұлт), ұлттық сана, ұлтаралық келісім, Қазақстанның Ұлттық Бірлігінің
доктринасы;
«Қоғамның саяси өмірі» (3 сағат), «Қоғам жəне саясат», саясат түсінігі,
саяси қызмет жəне оның ерекшелігі, саяси қызмет субъектілері, қоғамның саяси
жүйесі;
«Мемлекет жəне оның қоғамдағы рөлі», мемлекет –саяси жүйенің
басты институты, мемлекеттік билік, құқықтық мемлекет;
«Азаматтық қоғам», азаматтық қоғам түсінігі, азаматтық қоғамның
шығу тарихы, қоғамдық ұйымдар, адамның азаматтық позициясы;
«Қоғамның рухани өмірі» (3 сағат), «Қоғамның рухани негізі»,
адамның рухани өмірі, жеке тұлғаның рухани мəдениеті, дүниетаным, наным,
сенім. мораль жəне адамгершілік, ізгілік (гуманизм);
«Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі», білімнің мəні мен құндылығы,
адамның кəсіби бағдары, білімнің адам мен қоғамды дамытудағы маңызы,
ғылыми білімнің құндылығы, əлемнің ғылыми бейнесі;
«Діннің қоғамдағы рөлі», діннің шығу тарихы, дін тарихи құбылыс
ретінде, дін жəне қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы рухани
құндылық ретінде;
қайталау (1 сағат).
10.
«Адамның өміріндегі құқық» (10 сағат):
«Құқық жəне негізгі құқық негіздері түсінігі» (3 сағат), «Құқық жəне заң
шығару», құқық түсінігі жəне оның белгілері, қоғам мен мемлекет өміріндегі
құқықтың рөлі, құқықтың қайнар көздері, салт, дəстүр жəне құқық, заң жүйесі;
Құқық пен заңнама арақатынасы. Заң жəне заңдылық акті. Заңның үстемділігі);
«Құқықтық қатынастар», құқықтық қатынас қоғамдық қатынастар
формасы ретінде, құқықтық қатынастар субъектілері, құқық субъектілері жəне
субъективтік міндеттер, құқықтық жəне əрекет ептілігі;
«Құқық
бұзушылық
жəне
заңдық
жауапкершілік»,
заңдық
жауапкершліктің құқықтары мен түрлері, құқықтық қатынастардың түрлері мен
белгілері, кəмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершіліктерінің
ерекшеліктері;
«Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы» (2 сағат),
Қазақстан Республикасы конституциясының негізі, негізгі заң, халық - билік
көзі, азаматтардың конституциялық құқығы мен міндеттері, конституцияның
негізгі тараулары;
«Мемлекеттік биліктің конституциялық органдары», Президент,
Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, сот төрелігі жəне сот жүйесі,
жергілікті өкілділіктер жəне атқарушы органдар, биліктің салалық органдары;
54
«Қазақстандық құқықтың базалық саласының негізгі түсініктері» (4
сағат), азаматтық құқықтың негізгі түсінігі, азаматтық құқықтың ерекшеліктері,
азаматтық құқықтың субъектілері, кəсіпкерлік түсінігі, заңды жəне жеке тұлға
түсінігі, келісім шарттар түсінігі, жасөспірімдердің қатысуымен азаматтық-
құқықтық қарым қатынастардың ерекшеліктері;
«Əкімшілік құқығының негізгі түсінігі», əкімшілік құқығының
ерекшеліктері, əкімшілік құқық бұзулар, əкімшілік өндіріп алулар, əкімшілік
өндіріп алу түрлері, кəмелеттік жасқа толмағандардың əкімшілік
жауапкершілігі;.
«Еңбек құқығының негізгі түсініктері», еңбек құқығының ерекшеліктері
(еңбек қатынастары, келісім шарты, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты,
еңбекақы, тəртіптік жазаға тарту), кəмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін
құқықтық реттеу;
«Қылмыстық құқықтың негізгі түсініктері», қылмыстық құқық
ерекшеліктері, қылмыс түсінігі, қажетті қорғаныс түсінігі, қажетті қорғаныс
шегін арттыру, қылмыстық жазалау түсінігі, кəмелеттік жасқа толмағандардың
қылмыстық жауапкершілігі;
қайталау (1 сағат.;
11.
Қорытынды қайталау (1 сағат).
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
12.
Пəндік нəтижелер.
13.
9 сыныптың соңында оқушылар:
1)
антропогенез үдерісінің мəні мен ерекшеліктерін;
2)
адамның шығу тегінің негізгі тұжырымдамаларын, адам өмірінің
ерекшеліктерін, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін, құндылықтар мен
идеалдарды;
3)
қоғамдағы қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени
үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын;
4)
адам іс-əрекетінің құрылымы мен мотивтерін, түрлерін;
5)
экономика жəне нарықтық экономика ұғымын;
6)
қоғамдағы экономиканың ролін, өмірдің сапасы мен экономиканың өзара
байланысын;
7)
қоғамның əлеуметтік құрылысын, оның элементтерін;
8)
қоғамның саяси жүйесін;
9)
Қазақстан Респбуликасының негізгі заңы - Конституцияны;
10)
қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
11)
Конституциялық кепілдемелерді;
12)
мораль жəне адамгершілік ұстанымдарын;
13)
қоғам дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы
мəліметтері мен түсіндірмелерін;
55
14)
Қазақстандық құқықтың негізгі салаларындағы басты ұғымдарды
білуі тиіс;
14.
9 сыныптың соңында оқушылар:
1)
адамның рухани əлемін, мəдени жетістіктерін сипаттай білуді;
2)
мемлекет саясатының мəнін түсіндіре білуді:
3)
жаңа материалмен дербес жұмыс істеу, ізденісті жұмыспен
айналысуды;
4)
оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды жалпылау,
дербес талдай білу, бастыларын анықтауды;
5)
қоғам өмірінің оң жəне теріс құбылыстарына дербес баға беруді;
6)
экономикалық, саяси жəне əлеуметтік мəселелер бойынша жеке
көзқарасын білдіре білуі мен оны дəлелдеуді;
7)
тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
8)
тірек конспектілер, схемалар, кестелер құрастыруды;
9)
ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі (мəтін, карта,
кесте, схема, аудиовизуальды материал) ақпараттарды талдай білуді;
10)
əлеуметтік қауымдастықтар, əлеуметтік топтар мен əлеуметтік
нормалардың
дамуындағы
себеп-салдарлық
байланыстарды
жəне
заңдылықтарды айқындауды;
11)
мəдениеттің көп түрлілігі, қоғамның саяси жүйесі, экономиканың
дамуы туралы алуан түрлі ақпарат көздерінен мəліметтерді тез таба білуді;
12)
моральдық, этикалық, адамгершілік жəне құқықтық нормаларды
талдау жəне жалпылауды;
13)
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық инстиуттардың қызметі мен
материалдық өндірісті бағалау жəне оған сипаттама беруді;
14)
жеке көзқарасын қалыптастыруды;
15)
құқықтық жəне қоғамдық өзекті мəселелер бойынша пікірталастарға
қатысу, алынған мəліметтерді дəлелдеу үшін талқыланатын мəселелер бойынша
жеке көзқарас қалыптастыру, құбылыстар арасындағы себеп салдарлық
байланыстарды орната білуді;
16)
оқып-меңгерген материалының нəтижелерін конспект, рефераттар
мен рецензиялар түрлерінде көрсете білуді;
17)
қазіргі замандағы құбылыстарға қатысты өз көзқарасын анықтай
білу, өзінің іс əрекеттерін əлеуметтік мінез-құлықтың бұрынғы формаларымен
сəйкестендіре білуді меңгеруі тиіс.
15.
Тұлғалық нəтижелер оқушылардың:
1)
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына жəне
құқықтық тəртіпке сыйластықпен қараудан;
2)
азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім жəне Отанды
қорғау мен оған қызмет етуден;
3)
мемлекеттік жəне ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында
тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мəдениеті мен
дəстүрін құрметтеуден;
56
4)
туған өлкесінің табиғатын сақтау жəне аялау, қоршаған ортаны
қорғауда белсенділік көрсетуден;
5)
салауатты өмір сүру, өзін қорғау жəне айналадағы адамдардың
қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6)
этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы мəдениетін
көрсетуінен;
7)
өз бетімен білім алу жəне өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық
еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
8)
үлкенге құрмет жəне кішіге ізет көрсете білуінен;
9)
əлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды,
идеологияны, құқыққа қарсы əрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
16.
Жүйелі-іс əрекеттік нəтижелерде.оқушылар:
1)
ғылым негіздері жəне адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми
жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2)
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана
алуы;
3)
танымдық, жобалау, құрастыру жəне іздену, шығармашылықпен
қолдану əдістерін;
4)
қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
5)
жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мəдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
«Өзін-өзі тану» пəнінен оқу бағдарламасы
1.Түсінік хат
1. Адамның жеке тұлғалық əлеуетін мақсатты түрде жəне кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани,
тəндік, əлеуметтік жəне шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тəрбие білім беру жүйесінде
өзін-өзі тану пəні арқылы жүзеге асады.
2. Өзін-өзі танудың пəндік саласы əр оқушының ішкі жан-дүниесін
байытуы жəне өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық əлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пəнінің оқу-əдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға жəне өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
57
1)
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу жəне оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-əрекет
субъектісі əрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2)
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға жəне бүкіл адамзатқа деген
қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, əлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3)
қоғамға қызмет етуге бағытталған мəселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1)
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2)
түрлі мəселелерді адамгершілік қағидаларға сəйкес сындарлы түрде
шешу;
3)
өзіне, адамдарға жəне қоршаған əлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4)
адамдарға көмек көрсету, туыстарына жəне жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
5)
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі жəне іс-əрекеттерінде
шынайы болу;
6)
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық жəне елжандылық таныту;
7)
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу
жəне оған жауапты болу;
8)
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
5. Білім берудің бастауыш, негізгі жəне жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі
тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
1)
оқушылардың өз-өзіне, адамдарға жəне қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық
жəне кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
2)
өзін, өзгелерді, əлемді жəне адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі
орнын түсіну, өзіне жəне басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту
ниеттерін дамыту;
3)
өзін дəріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі жəне іс-əрекеті үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
4)
адам мен ішкі жəне сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тəн жəне жан саулығының бір-бірімен тығыз
байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене
жəне психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
5)
əлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің əрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу
қабілеттіліктерін дамыту;
6)
белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау жəне оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін жəне дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау;
жалпы адамзаттық жəне этно-мəдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке
шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
58
7)
күнделікті өмірде нақты мəселелерді шешуде жасампаздық белсенділік
таныту; адамгершілік нормаларына сəйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы
шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету жəне топпен, командамен жұмыс істеу
іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Өзін-өзі тану пəнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді
орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын
анықтайды.
7. Өзін-өзі тану пəнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге
сəйкес іріктелді:
1)
рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның
қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, əлеуметтік жəне
шығармашылық əлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
2)
өзін-өзі тану пəнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында
зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік жəне рефлексивтік мəдениеттерді
дамытуға ықпал етуді қарастырады;
3)
күтілетін нəтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің
жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сəйкес
жəне оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік
беретін əр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11-сыныптардан кейін)
қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін
қалыптастыруды көздейді.
8. Пəн мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша
күтілетін нəтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тəн мен жан
үндестігі;
өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық,
диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
əлемді тануға: табиғат, Отан, əлем, өмір, Бүкіл əлеммен үндестік, сенім,
үміт;
адамзаттың рухани тəжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі,
шығармашылық, мəдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,
дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, əділдік,
төзiмдiлiк, сыпайылық;
əлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат,
қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дəстүрді жалғастыру,
болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған əлеуметтік тəжірибенің құрамдас бөлiктері:
əлемдік мəдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік
береді.
59
адамның өзін-өзі тануы
адам жəне қоғам
адам жəне қоршаған орта
9. Адамзаттың рухани тəжірибесі тəрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, əлемді тану, адамзатты тануға құралған
мазмұндық желілерді нақтылайды.
10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып
табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге
толықтай сəйкес келеді жəне жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге
айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы
оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
бірізділікпен құрылған.
11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пəн ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, əрбір сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте
таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда жəне
мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы
курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы
курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты əр түрлі
болуы мүмкін.
13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сəйкес оқу əрекеті
жəне сыныптан тыс жəне мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың
қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар
бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке
қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл
бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пəндермен байланысы
арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық
санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пəндер мазмұнын
ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-
міндеттеріне əсер ету үшін оқытудың бірқатар əдістемелік тəсілдерін
пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» жəне «Жүректен
жүрекке» əдістері əрбір сабақтың басталу жəне аяқталуы кезеңдеріне орай
қолданылады. Əрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып,
ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен
қабылдап, алған əсерлерімен бөлісіп жəне бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік
жасалады. Пəн мазмұны оқушылардың құндылықтар жəне адамгершілік
қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді жəне эмоциясын, ерік-
жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық
қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу»,
«Сабақтың дəйексөзі», «Əңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану»,
60
«Шығармашылық жұмыс» жəне т.б.) бағытталған əдіс-тəсілдерді пайдалануды
ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне əсер ететін релаксация
жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды
сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық
сəті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сəті») əдістемелік тəсілдердің көмегімен
дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
16. Бағдарлама өзін-өзі тану пəнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартындағы күтілетін нəтижелер деңгейлеріне сəйкес пəн мазмұнын
сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |