Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



бет3/4
Дата25.04.2023
өлшемі237,5 Kb.
#86641
1   2   3   4
Байланысты:
1- практика Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
1-параграф. Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
54. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан аспауы тиіс.
55. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-да белгіленеді.
56. Апталық оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) айқындалған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылған. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер білім алушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескере отырып белгіленеді.";
Инвариантты компоненттен таңдалған вариативті компоненттінің таңдау бойынша пәндеріне "сыналды"/"сыналмады" қойылады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен әдебиеті;
3) шетел тілі;
4) көркем еңбек;
5) информатика;
6) дене шынықтыру сабақтарын жүргізу кезінде болады.
Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 05.05.2020 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
58. Жоғарыда аталған пәндерден инклюзивті білім беру аясында сыныпты топтарға бөлу білім алушылардың жалпы саны ерекше білім беру қажеттіліктері бар әр балаға барлық білім алушылар санын үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет