Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


-тарау. «Геометрия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет21/22
Дата09.04.2023
өлшемі1,92 Mb.
#80757
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2.Қосымша материалдар1

2-тарау. «Геометрия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


5. «Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат.

6. 10-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау;
2) «Стереометрия аксиомалары.Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы». Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы.Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Екі жазықтықтың өзара орналасуы:
3) «Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық». Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш. Перпендикуляр және көлбеу. Үш перпендикуляр туралы теорема.Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық;
4) «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар». Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі.Екі нүктенің арақашықтығы. Кесінді ортасының координаталары. Сфера теңдеуі. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы.Векторларды қосу, векторды санға көбейту. Векторлардың скаляр көбейтіндісі:
5) 10-сыныптағы геометрия курсын қайталау.
7. 11-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
1) 10-сыныптағы геометрия курсын қайталау;
2) «Көпжақтар». Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма. Тікбұрышты параллелепипед және оның қасиеттері. Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Пирамида және оның элементтері. Қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық пирамида бетінің ауданы. Дұрыс көпжақтар;
3) «Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конус бетінің ауданы. Сфера және шар. Сфера бетінің ауданы. Айналу денелерінің жазықтықпен қималары;
4) «Денелер көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері.Шар көлемі;
5) 10-11-сыныптардағы геометрия курсын қайталау.
8. Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтиды. Әр бөлім ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
9. «Геометрия» Оқу пәнінің мазмұны келесібөлімдерді қамтиды:

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік;

  2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;

  3. Метрикалық қатынастар;

  4. Векторлар және түрлендірулер.

3 тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі


10. Бағдарламада оқу мақсаттарыкодтық белгімен берілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші сан бөлім ретін, үшінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.4. кодында «10» - сынып, «2»- бөлім, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
11. Білім алушыларға қойылатын талаптар:

Бөлім

10 сынып

11 сынып

1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік

10.1.1.

11.1.1.




11.1.1 - көпжақ анықтамасынжәне оның элементтерін білу;
11.1.2 -призманың анықтамасын, оның элементтері, призматүрлерін білу;оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.3 - тікбұрышты параллелепипедтің анықтамасы мен қасиеттерін білу және оны жазықтықта кескіндеу;
11.1.4 - пирамиданың анықтамасын, оның элементтері, пирамида түрлерін білу;оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.5 - қиық пирамиданың анықтамасын білу, оны жазықтықта кескіндей алу;
11.1.6 - дұрыс көпжақтың анықтамасын білу және дұрыс көпжақтардың түрлерін ажырату;
11.1.7 - цилиндрдің анықтамасын, оның элементтерін білу;цилиндрдіжазықтықта кескіндей алу;
11.1.8 - конустың анықтамасын, оның элементтерін білу;конустыжазықтықта кескіндей алу;
11.1.9 - қиық конустың анықтамасын, оның элементтерін білу; қиық конустыжазықтықта кескіндей алу;
11.1.10 - сфера,шардың анықтамаларын білу; оларды жазықтықта кескіндей алу;
11.1.11 -көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай білу.

2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы

10.2.

11.2.

10.2.1 - стереометрия аксиомаларын,олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
10.2.2 - кеңістіктегіпараллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және олардыанықтау және кескіндеу;
10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.5 - жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану;
10.2.6 - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу.

11.2.1 -цилиндрдің, конустың және шардыңжазықтықпен қималарын кескіндеу;
11.2.2 - сфера мен жазықтықтың өзара орналасуын білу;
11.2.3 - пирамида төбесініңтабан жазықтығына проекциясының орналасуын анықтау.



3.Метрикалық қатынастар

10.3.

11.3.

10.3.1 -үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану;
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасынтабу;
10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу,кескіндей алу және оның шамасынтабу;
10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгіжәне айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу;
10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу.

11.3.1 - призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;
11.3.2 -пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолдану;
11.3.3 -көпжақтардың элементтерін табуғаесептер шығару;
11.3.4 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуғаесептер шығару;
11.3.5 - цилиндрдің бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;
11.3.6 - конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;
11.3.7 -қиық конустың бүйір және толық беті аудандарының формулаларын есептер шығаруда қолдану;
11.3.8 -сфера бетінің ауданын табуға есептер шығару;
11.3.9 - кеңістік денелерінің көлемдерінің қасиеттерін білу және қолдану;
11.3.10 - призма көлемін табу формуласын қолдану;
11.3.11 -пирамида және қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолдану;
11.3.12 - цилиндр көлемін табу формуласын қолдану;
11.3.13 - конус және қиық конус көлемдерін табу формулаларын қолдану;
11.3.14 - шар көлемін табу формуласын қолдану.

4. Векторлар және түрлендірулер

10.4.

11.4.

10.4.1 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау;
10.4.2 - кеңістіктегі екінүкте арасындағы арақашықтықтытаба білу;
10.4.3 - кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу;
10.4.4 - сфера теңдеуінбілу және оныесептер шығаруда қолдану;
10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.6 -кеңістіктегі коллинеар және компланарвекторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
10.4.7 - векторларды қосу жәнеазайтуды, векторды санға көбейтудіорындау;
10.4.8 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану.



12. Осы оқу бағдарламасы жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет