Негізгі оқу бағдарламасы dev 3421 – девиантология



бет2/7
Дата27.11.2023
өлшемі139 Kb.
#128861
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Пререквизиттер: «Девиантология» курсын жақсы меңгеру үшін алдын ала мына пәндермен танысу қажет: «Жалпы әлеуметтану», «Әлеуметтану тарихы», «Әлеуметтік психология», «Психология», «Мәдениеттану» және т.б.
Постреквизиттер: курсты оқу барысында оқытылатын пәндермен тығыз байланыстағы пәндер: «Жеке тұлға әлеуметтануы», «Құқық әлеуметтануы», «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиясы» және т.б.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Девианттық тәртіптің теориялық және әдіснамалық негіздері .
Девиантология (әлеуметтік бақылау) және әлеуметтік девианттық мінез-құлық .
Девиантологиядағы эмперикалық зерттеудің әдістер.
Девианттық мінез-құлықтағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық түсініктемелер.
Отандық және батыс әдебиеттерінің девианттық мінез-құлық теориялары.
Ауытқымалы мінез-құлық классификация.
Ауытқымалы мінез-құлықтағы генезис және механизм.
Девиантты міне-құлық механизмі бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде.
Әлеуметтік қалып девиантты мінез-құлықты анықтаудағы негізгі пункт ретінде.
Девианттылықтың кейбір түрлері.
Делинквентті девиантты мінез-құлық зерттеу объектісі ретінде.
Терроризм: түсінік, қауіп, перспективалары.
Өз-өзіне қол жұмсау әлеуметтік құбылыс ретінде.
Маскүнемдіктің әлеуметтік мәселелері.
Жыныстық мінез-құлық ортасындағы девиация.
Нашақорлықты жеңудегі өзекті мәселелер. (мәселелі дәріс).
Жағымды девиация.
ПӘНННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Берілген «Девиантология» курсы кәсіби мамандандырылған әлеуметтік жұмыскерлерді даярлауға негізделген. Девиантты мінез-құлық – бұл үнемі әлеуметтік қызметкерлерге кеңес алуға себебін тудырады. Сондықтан кез-келген тәжірибеленген маманға девианттық мінез-құлықтың түзелуін, дамуын, қалыптасу заңдылықтарын білуі шарт. Бағдарламаның негізгі бөлімінде маскүнемдік, нашақорлық, суицидтік мінез-құлық, жыныстық девиация, қылмыскерлік, жезөкшелік және т.б. ауытқушылық мінез-құлықтардың таралуындағы кешенді оқыту негіздерінің тенденцияларын талдауға арналған.
Нақты мәліметтерге, фактыларға сүйеніп, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне шыға отырып, әлеуметтік шындықтың объективті ғылыми талдау жасауына мүмкіндік береді. Осы курстағы алынған білім нәтижесінде болашақ мамандарға олардың кәсіби іс-әрекетінде шығармашылық сипатқа ие болуға көмектеседі. «Девиантология» әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандарын дайындаудағы негізгі курс болып табылады. Бұл әлеуметтанушыларды, заңгерлерді, криминологтарды, психологтарды, мәдениеттанушыларды дайындауда қолданыс табады.
Мақсаты: студенттердің девиантология туралы жалпы түсініктері мен қоғамды танудағы оның рөлін, осы ғылымның пәндік-түсініктемелік құралын, теориялық-әдіснамалық және пәннің тәжірибелік мәселелерін терең меңгеруі.
Курстың міндеті:

  • әлеуметтік ауытқушылық процестерді талдаудағы маңызды түсініктермен және категориялармен танысу;

  • ауытқушылық мінез-құлықты зерттеу мен талдаудағы негізгі әдіснамалық, теориялық қадамдарды игеру;

  • девиантты мінез-құлықтың негізгі формаларымен және оларды алдын алудың тәсілдерімен танысу;

  • ауытқушылық мінез-құлықтағы негізгі формаларын әлеуметтік талдаудың әдістері мен принциптерін оқыту;

  • студенттерді әлеуметтік құбылыстың жағымсыз саласындағы өзіндік талдау, бағалау және болжам жасау қабілеттерін шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет