Негізгі оқу бағдарламасы dev 3421 – девиантология


Ауытқушылық іс-әрекет классификациясы



бет4/7
Дата27.11.2023
өлшемі139 Kb.
#128861
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Ауытқушылық іс-әрекет классификациясы
Ауытқушылық іс-әрекеттерінің классификация және типология критериилері. Ауытқушы іс-әрекеттің объект, субъекті бойынша классификация. Бірінші және екінші девиациялар. Ауытқушылық іс-әрекетінің патологиялық және патологиялық емес формалары. Құқыққа қарсы, асоциалды және деструктивті іс-әрекет. Іс-қимыл, әркет және өмір сүру үлгісі девианттық іс-әрекетті көрсету деңгейі ретінде. Қылмыстық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, макүнемдік, нашақорлық. Ауытқушылық іс-әрекеттердің түрлі формаларының әлеуметтік көрсеткіштері.
Ауытқушылық іс-әрекетінің генезисі және механизмі
Девианттылық себептері әлеуметтік феномен ретінде. Девианттылықты адамдардың іс-әрекеттері, қимылдары арқылы көрсету. Делинквенттілік генезисінің себеп-салдарлы байланысы және К.Маркс теориялары. Әлеуметтік-экономикалық дифференциация және теңсіздік. Ауытқушылық іс-әрекет генезисінің тұлғалық факторы. Отбасындағы қолайсыз жағдай девианттық іс-әрекет факторы ретінде. Ауытқушылық іс-әрекет генезисіндегі әлеуметтік тұрақсыздық және әлеуметтік-психологиялық дезадаптация.
Девиантты іс-әрекет механизмі бұқаралық әлеуметтік құбылыс ретінде
Бұқаралық әлеуметтік құбылыс деңгейіндегі девианттық іс-әрекет ауытқушылық іс-әрекет әлеуметтануының саласындағы пән ретінде. Ауытқушылық іс-әрекеттің себептер жинағы: шынайы әлеуметтік процесстер - объективті әлеуметтік қарама-қайшылықтар - әлеуметтік институттардың дисфункциялары – құндылықтардың өзгерулері - ауытқушылық іс-әрекеттер. Әлеуметтік ұйымдастырылмау түсінігі. Әлеуметтік бұқаралардың ұйымдастырылмауы және тұлға. Аномия концепциясы, оның батыс әлеуметтік көзқарастарында дамуы. Заманауи Қазақстандағы аномия және ауытқушылық іс-әрекеттер.
Әлеуметтік норма девиантты іс-әрекетті анықтаудағы негізгі бөлім ретінде
Норма қоғамдық өлшем ретінде: сапалық және сандық аспектілер. Әлеуметтік норма құрылымы. Рұқсат, ресми өкім, тиым салу адамдардың іс-әрекетін реттеудің негізгі әдісі ретінде. Әлеуметтік нормалардың негізгі мінездемелері. Әлеуметтік норманың пайдасы (қоғамдық қажеттілігі), міндеттілігі және ресми іске асырылуы. Қоғамдық санадағы нормалардың бейнеленуі. Әлеуметтік норма қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі және әдісі ретінде. Нормалық шығармашылық адамзат іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде. Әлеуметтік нормалардың классификациясы. Нормативті жүйелер қарым-қатынасының спецификасы. Құқық және мораль адамдар іс-әрекетінің негізгі реттеушісі ретінде. Заманауи Қазақстандағы құқықтық және адамгершілік нормалары. Әлеуметтік нормалардың деформациясы әлеуметтік ауытқушылық процесс компоненттерінің бірі ретінде. Норма және ауытқушылықтың диалектикалық байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет