Негізгі құралдардың есебі және аудитін жетілдіру


Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі



бет5/6
Дата05.04.2023
өлшемі103,93 Kb.
#79554
1   2   3   4   5   6

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі

  • Бұл әдіс барысында амортизацияланатын объект құны өндіріс ұсталуында немесе олардың қызметінің мерзімінде назар аударуында жойылады. Жинақталған тозу біркелкі көбейеді және негізгі құралдардың балансының құны біркелкі азаяды.
  • Мысалы. Объектті қызмет көрсету мерзімі 5 жыл. Бастапқы құны 160000 теңге, ликвидті құны 10000 теңге, амортизацияның жылдық нормасы 20 %.
  • Амортазация сомасы= (Басстапқы құн- Жойылу құн) *N %
  • 100 %
  • Айлық норма = 20 % /12 ай = 1,667 %.
  • Ай сайынғы амортизация сомасы 1,667 % *(160000-10000)/ 100%=2500.

Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл)

  • Бұл әдісте негізгі құралдардың тозуы қызмет көрсетуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл әдіс арқылы амортизацияланған есептік объектті қолдану периодында анықталады, яғни амортизация сомасы және өндірістік қуаттың арасында тікелей тәуелділік бар. Амортизацияны анықтау үшін уақыт мерзімі әсер етпейді. өндірістік қуат өнімнің шығу бірлігімен, қызмет көрсету сағатымен, қолдану бірлігімен және т.б сипатталады. Тозу сомасы келесідей формула (1) бойынша анықталады:

мұнда, БҚ - бастапқы құн;
ЖҚ – жойылу құн;
ЖЖК - жоспарланған жұмыс көлемі.
Мысалы. Техникалық паспортқа сәйкес көшірме қондырғысы 700000 көшірме жасау керек және 14000 сағат жұмыс істеуі керек. Бастапқы құны 17000т, ликвидті құны 1300. Есептік жыл ішіндн 10000 көшірме көшірілген, жұмыс уақыты 8100 сағат. Амортизациялық есептеуі анықтау үшін қажет.
Тозу сомасы = (17000-1300 ) /700000=15700 /700000 = 0,022 теңге.
Тозу сомасы = (17000-1300) /14000 = 1,12 теңге.
Амортизация сомасы 1 жылда= 0,022 *10000 = 2420 теңге.
Амортизация сомасы 2 жылда = 1,12 *8100 = 2128 теңге.

Кемімелі қалдық әдісі

  • Бұл әдісте амортизацияның екі еселенген нормасын біркелкі әдісте қалдық құнына қолданылады.
  • Мысалы. Қалдықты азайту әдісінде амортизация нормасы 40 % тең (20 % ). Бұл 40 % әр жылдың соңындағы қалдық құнына жатады. Болжалды ликвидті құн ақырғы жылдан басқа жыл бойғы тозуды есептеу назарға алынбайды. Ақырғы жылы амортизация сомасы ақырғы жылдың басына қалдық құннан ликвидті құнды азайтумен есептеледі.

Кезең

Тозудың жылдық сомасы, теңге

Жинақталған тозу, теңге

Қалдық құны

1 жылдың соңы

64000

64000

96000

2 жылдың соңы

38400

102400

57600

3 жылдың соңы

23040

125400

34560

4 жылдың соңы

13824

139264

20736

5 жылдың соңы

10736

150000

10000


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет