Изопроцестер 2023 жылғы ҰБТ сынағына дайындық
@arystan_online_academy
ФИЗИКА Мұғалім: Арын Ерсұлтан
Ұзақтығы: 1.5 сағат
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Теория 1/5
Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т - температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Изотермиялық процесс Бойль-Марриот заңы
Изотермиялық процесс – физикалық жүйеде тұрақты температурада жүретін процесс; Термодинамикалық күй диаграммасында изотермамен кескінделеді.
Теория 1/5 НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Мысал есеп 1 Газ изотермиялық сығылып көлемін 5 л-ден 3 л-ге дейін төмендетті. Егер газдың бастапқы қысымы 120 кПа болса, соңғы қысымы неге тең?
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Изохоралық процесс Шарль заңы
Теория 1/5
Изохоралық процесс – физикалық жүйеде тұрақты көлемде жүретін процесс. Ол термодинамикалық күй диаграммасында изохорамен кескінделеді.
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Мысал есеп 2 Газдың температурасын тұрақты көлемде 5 есе арттыру үшін қысымын қалай өзгерту қажет?
Изобаралық процесс – сыртқы тұрақты қысымда физикалық жүйеде өтетін процесс. Ол термодинамикалық диаграммада изобарамен кескінделеді.
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР Мысал есеп 3 Идеал газдың температурасы тұрақты қысымда 300 К-ге артқанда, оның көлемі 3 есе ұлғайса, бастапқы температурасы неге тең?
ИЗОПРОЦЕСТЕР
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Есептер шығару Газ изотермиялық 4 л-ден 1 л-ге дейін сығылғанда қысым 50 кПа-ға өссе, оның бастапқы қысымы неге тең? Есептер шығару Газдың қысымы изотремиялық 100 кПа-дан 120 кПа-ға дейін изотермиялық өсті. Егер газдың көлемі 4 л-ге төмендесе, газдың бастапқы көлемі неге тең? Есептер шығару Газ 12,32 л көлемді алып тұрды. Оны тұрақты қысымда 45 К-ге салқындатқанда көлемі 10,52 л болды. Газдың бастапқы температурасы? Есептер шығару Газдың температурасы тұрақты қысымда 27-ден 327 - ге дейін өсті. Газдың соңғы тығыздығының бастапқы тығыздығына қатынасын табыңыз. Есептер шығару Аузы бекітілген газ баллонының ішіндегі қысымы 27 температурада 100 кПа-ға тең. Осы баллонның 127 температурадағы қысымын анықтаңыз. Есептер шығару Тұрақты көлемде газдың температурасы 55- ке өскенде оның қысымы 20%-ке артса, газдың бастапқы температурасы неге тең? Есептер шығару 24 л –лік баллон қысымы 100 кПа ауамен толтырылған. Кейін осы баллон көлемі 6 л болатын басқа іші бос баллонмен біріктірілді. Егер біріктірілгеннен кейін температура өзгермесе, біріккен баллондардың соңғы қысымы неге тең? Есептер шығару Егер идеал газдың абсолют температурасын 2 есе арттырғанда, оның қысымы 25% -ке артса, оның кһлемі қалай өзгереді. Есептер шығару Бастапқы көлемі 8 л идеал газды тұрақты температурада сыққанда көлемі 5 л болды, ал қысымы 60 кПа-ға артты. Массасы тұрақты газдың бастапқы қысымы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Эфир-1
Бүгінгі тақырыптан не үйрендіңіздер?
Тақырып несімен қызықты болды?
Түсінбеген жеріңіз бар ма?
Коментарийге толық аты-жөндеріңізді жазып қалдырамыз!!!