4-
сурет – Белсендірілген нейрон функциясы
F деп белгіленген блок, NET сигналын қабылдайды және OUT сигналын
шығарады. F – кез келген NET мәндері үшін OUT мәндері кейбір соңғы
аралыққа тиесілі болса, қысу функциясы деп аталады.
Жасанды нейрон модельі биологиялық нейронның көптеген қасиеттерін
елемейді. Мысалы, жүйенің динамикасына әсер ететін уақыт кідірісі.
Кіріс сигналдары бірден шығу сигналын тудырады. Сонымен қатар,
жасанды нейрон биологиялық нейронды синхрондау функциясының әсерін
ескермейді. Дегенмен, тірі нейронның және жасанды нейронның ерекше
ұқсастығын атап өту керек. Ақпараттық технологиялар саласындағы нейрондық
желілердің орнын анықтау үшін жасанды зияткерлік жүйелердің
классификациясына жүгіну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |