Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет43/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   173
Байланысты:
img 2 1691926925587

Некеден кейін әйел бақыты

 
68 
күйеуіңізді түкке тұрғысыз етіп түсіріп тастайсыз. 
Сіздің ер азаматыңыз сізге соны бере алмайтынын, 
қолынан келмейтінін түсінесіз. Егер әйел өзінің 
еркегін аяйтын болса, тек қана қымбат сыйлық 
сұраудан ғана емес, өз қажеттіліктеріңізді де сұрай 
алмайтын боласыз. Жұмысынан шаршап келіп 
демалып жатса, диванды орнынан қозғап берші деп 
сұрауға, үйде азық-түлік бітсе тамақ алайық деуге, 
ауыр пакетті көтерші деп сұрауға да аяйтын боласыз. 
Бұның барлығы өте үлкен қателік. Аяйтын болсаңыз 
еркек үшін оның міндетін де өзіңіз жасай салатын 
боласыз. 
Бұндай 
әрекеттермен 
күйеуіңіздің 
тестостеронын төмендетесіз.
2.
«Өзім істей аламын» деген ой.
Мысалы, сіз жұмысқа 
асығып бара жатырсыз, ал күйеуіңіз кеш тұрды әрі әлі 
уақыты бар. «Жаным, төсекті жинай салшы» деп 
өтініш айта алмайсыз. Себебі сізде сол баяғы «Өзім 
істей аламын» деген ой бар. «Өзім де жасай аламын 
ғой, оны алаңдатып қайтемін. Оған айтсам да 
жақсылап жинамайды, артынан дұрыстап жинау 
керек. Сізде тәкаппарлық болып тұр. «Мен жақсырақ 
жасаймын, әрі өзімнің қолымнан келеді ғой, оған 
өтініш айтып қайтемін» деп тәкаппарлық танытып 
тұрсыз.
3.
 
Көмек сұрауға ұялу. 
Кез-келген мәселеде жігітінен, 
күйеуінен көмек сұрауға ұялатын қыз-келіншектер 
бар. Себебі олардың санасында «егер мен бірдеңе 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
69 
сұрайтын болсам оның алдында қарыз болып 
қаламын» деген түсінік бар. «Жай ғана сұрауға 
болмайды. Ол үшін мен лайық болу керекпін немесе 
өзім алдымен көмек беруім керекпін». Осындай 
тектес түсінік, установка әйелдерді құртады. 
 
Бұл сұрай алмайтын, өтініш айта алмайтын әйелдердің 
қателігі. Ал сұрай алатын әйелдер де қателік жібереді. Ол 
алғыс айта алмау. Яғни қымбат сыйлықты да, көмекті де 
еш қысылмай сұрай алады да, бірақ сол көмекті алғаннан 
кейін жеткілікті түрде алғысын білдіре алмайды. Оның екі 
түрлі себебі бар. Біріншісі – «Мен одан сұрадым, демек ол 
оны орындауға міндетті, себебі ол менің күйеуім ғой» деп, 
еркек жай ғана өзінің міндетін атқарып жатыр, оған алғыс 
айтып керек емес деген оймен рахметін айтпайды. Екінші 
себеп – алғыс айтады, бірақ «банально, для галочки». 
Өзіңіз ойлап қараңызшы, кішкентай балалар ойыншыққа 
немесе тәтті тағам алып берсең қалай қуанышын білдіреді? 
Бұндай әйелдердің қателігі жай ғана жымиып «рахмет» дей 
салу, яғни жас балаша шынайы эмоциясын көрсетпейді. 
Шын жүрегіңізден қуанып, жас балаша эмоцияңызды 
көрсете біліңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет