Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет54/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
86 
Ер адамның махаббаты 
Әйел адам мен ер адамның махаббаты 
екі түрлі болады. "Пять языков любви" 
деген кітапты оқысаңыздар түсінесіздер. 
Әр адам махаббатын әртүрлі көрсетеді. 
Кейбір әйелдер "мен күйеуіммен 
ажырасқым келеді, себебі, ол маған көңіл 
бөлмейді" деп айтуы мүмкін. Бұл себеп 
түкке тұрмайды. Егер ол сізді ұрмаса, боқтамаса, 
ақшаңызды, тамағыңызды әкеліп беріп тұрса, көңіл 
бөлмейді деген ол ер адам сізді жақсы көрмейді деген сөз 
емес. Не үшін? Себебі, ер адамның махаббаты басқа 
дүниеден көрсетіледі. Оның варианттарын айтып 
шығайын. 
Біріншісі—жауапкершілік
. Әйел адам үшін, отбасы 
үшін үлкен жауапкершілік. Жауапкершілік қаржылай 
түрінде. Мейлі ол күніне 1000 теңге, 500 теңге әкелсін 
немесе 10000 теңге алып келсін, егер ол жұмыс істеп 
жүрсе, ол сізді жақсы көреді деген сөз. Ер адамға тамағы 
болса, жататын жері болса болды. Осы нәрсе оған 
жеткілікті. Ал басқа нәрсенің барлығын әйел адам үшін 
жасайды. Егер ол сіздің тамағыңыз бар ма деп уайымдаса, 
киіміңіз бар ма деп уайымдаса, ол сізді жақсы көреді. Егер 
сіз күйеуіңіздің алдында бағаңызды жоғары етіп 
көрсетсеңіз, ер адам сіздің алғыңыз келген тамақпен, сіздің 
кигіңіз келген киімді алып беретін болады. Бұл 
махаббаттың жоғарғы дәрежесі. Егер ол сізден сұрамай 
үйге азық-түлік алып келсе, онда бұл жақсы көрудің 
белгісі.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
87 
Екіншісі-қызғаныш.
Еркектің қорғаушы инстинкті 
қызғаныш арқылы білінеді. Егер ер адам сізді қызғанса, 
жақсы көреді деген сөз. Көбісі "менің күйеуімнің мамасы 
ақшасын алып қояды. Менің енем толықтай контроль 
жасайды. Менің енем күйеуіме ақша бермек түгілі, үйден 
қаншада шығатынына дейін бас-көз болып отырады. Мен 
не істеймін?" дейді. Бұл жерде сіз ештеңе істей алмайсыз. 
Не үшін? Себебі, басты проблема енеңіз бен күйеуіңізде. 
Маған бір қыз былай айтқан: "Қайын інім ақшасын өзі 
ұстайды. Қайда барамын десе сонда барады. Ал күйеуімнің 
карточкасы мамасында, ақшасы мамасында. Тіпті бір 
жерге барып, бірнәрсе істейін десе де рұқсат сұрайды. Мен 
қайын інім сияқты болғанын қалаймын. Не істеймін?"-
дейді. Мен айттым: " Сіздің қайын ініңіз не істейді? Ол 
білгенін істейді. Ол о баста өзін жертва еткен жоқ. О бастан 
өзінің позициясын орнатып, шекарасын қорғады. Анасына 
өзі білетінін айтты. Сіздің күйеуіңіз де дәл сол сияқты 
позициясын ұстау керек. Шекарасын қорғау керек. Егер ол 
үндемей, басын төмен түсіріп жүре беретін болса, 
күйеуіңіз үшін шекараны сіз қорғай алмайсыз. Себебі, сіз 
әйел адамсыз. Керісінше ушықтырып жібересіз. Сол үшін 
сіз күйеуіңізге "жаным, сен еркексің ғой, сен өзің де 
ақшаңды қолыңда ұстай аласың, сенің қолыңнан ол келеді" 
деген сияқты сөздерді айтып, мотивация бере аласыз. Бірақ 
бұл сөз де өтпеуі мүмкін. Себебі, еркек өзі бұл нәрсені 
дұрыс деп қараса, анасынан қорқатын болса, сізді 
тыңдамайды". Көбісі бастапқы 5-6 жылда енесінің қол 
астында ақшасын қолына ұстатып қояды. Тек сол уақытты 
сабырлықпен өткеру керек. Көбісінде бөлек шыққаннан 
кейін ғана бәрі дұрысталады. Мысалы, менің ата-анамда 
дәл сондай болды. Соған шыдап жүріп, бөлек шыққаннан 
кейін ғана барлығы түзелді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет