Некеденкейін әйел бақыты
164
Қарым-қатынастың керемет болуына 3 факторды жатқызып қойдым. 1-фактор. Әйел адамның өз-өзімен қарым-
қатынасы. Қалай ойлайсыздар, бұл фактор не деген
сөз? Ол—самооценка. Әлем деген—айна. Сіз қалай
қарасаңыз, сізге солай қарайды. Мен қазір бірнеше сұрақ
қоямын, сіз ойланып отырып жауап беріңіз. Сіз өз-өзіңізді
еркелетесіз бе? Еркелету—өзіңізге «жоқ» демеу, өзіңізден
ештеңені аямау. Өзіңізді дамытасыз ба? Шекараңызды
қорғай аласыз ба? Өзіңізді мақтай аласыз ба? Біреу бізге
комплимент айтса, біз оны қабылдай алмаймыз,
минустарымызды жайып саламыз. Және сіз өзіңізге
пайдалы нәрсе істейсіз бе? Таңертең күніңізді қалай
бастайсыз? Таңертең атып тұрып, баланы садикке,
мектепке жіберіп, таңыңыз абыр-сабырмен басталады ма?
Әлде, ертерек тұрып, душқа түсіп, әдемілеп боянып, крем,
маскаларды жағып, массаж жасап, күшті көңіл-күймен
бастайсыз ба? Бір күнде біраз уақытыңызды өз дамуыңызға
арнайсыз ба? Миыңызды жаттықтырасыз ба? 24 сағаттың
қанша сағатын өзіңізге бөлесіз? Сіздің уақытыңыз
күнделікті жүгіріп, асығып, кір жуып, тамақ жасау,
балаларды киіндіру, балаларды ұйықтату, сабағына
көмектесу, күйеуіңді қарсы алып, күйеуіңді ұйықтатып,
сосын барып енді инстаграмға кірейін деп өте ме күніңіз?
Сіз "қолымнан келмейді" деген сөзді қаншалықты жиі
айтасыз? Мысалы, біреу сізден көмек сұраса, отказ
жасаудан ұялып, келісіп, артынан «уақытымды алды» деп
өкінесіз. Ал олар сіздің уақытыңызды бағалайды ма? Егер
әйел адам өзін еркелетпесе, өзіне көңіл бөлмесе, жағдайын
жасамаса, басқадан не күтеміз? Сіз өзіңізге қалай
қарасаңыз, қоршаған орта да сізге солай қарайды. Олар