Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
69
сұрайтын болсам оның алдында қарыз болып
қаламын» деген түсінік бар. «Жай ғана сұрауға
болмайды. Ол үшін мен лайық болу керекпін немесе
өзім алдымен көмек беруім керекпін». Осындай
тектес түсінік, установка әйелдерді құртады.
Бұл сұрай алмайтын, өтініш айта алмайтын әйелдердің
қателігі. Ал сұрай алатын әйелдер де қателік жібереді. Ол
алғыс айта алмау. Яғни қымбат сыйлықты да, көмекті де
еш қысылмай сұрай алады да, бірақ сол көмекті алғаннан
кейін жеткілікті түрде алғысын білдіре алмайды. Оның екі
түрлі себебі бар. Біріншісі – «Мен одан сұрадым, демек ол
оны орындауға міндетті, себебі ол менің күйеуім ғой» деп,
еркек жай ғана өзінің міндетін атқарып жатыр, оған алғыс
айтып керек емес деген оймен рахметін айтпайды. Екінші
себеп – алғыс айтады, бірақ «банально, для галочки».
Өзіңіз ойлап қараңызшы, кішкентай балалар ойыншыққа
немесе тәтті тағам алып берсең қалай қуанышын білдіреді?
Бұндай әйелдердің қателігі жай ғана жымиып «рахмет» дей
салу, яғни жас балаша шынайы эмоциясын көрсетпейді.
Шын жүрегіңізден қуанып, жас балаша эмоцияңызды
көрсете біліңіз.
Достарыңызбен бөлісу: