Дұрыс жауаптары Тапсырма 1 Кресшілердегеніміз - крест жорықтарына қатысқан европалық жауынгерлер. Олардың мақсаты байлық, атақ даңқ болды. Мақсаты: Мұсылман елдерін жаулап, Иерусалимді жаулап алу, қару-жарақтары: дулыға, сауыт, тізелік, аяқ киімі, қолғап, қалқан, қылыш
Тапсырма 2 Балық қаңқасы Крест жорықтарының негізгі себептері мен салдары, нәтижесі. Мұғалімнің көмегімен тәсілге салынып, талданады
Басты оқиға-1095 ж.1292 ж. дейін европалық рыцарьлардың Шығыстағы мұсылман елдеріне қарсы басқыншылық-отаршылдық соғыстары.1096ж. сәуір айында Франция мен Германияның кедей шаруалары «киелі жерге» аттанды
Себебі-Рим папасы Шығыс жеріне де билік орнатқысы келді.
Салдары: 1-крест жорығы-1096-1099жж Нәтижесі: Эдесс графтығы, Антиохия князьдігі, Триполи графтығы, Иерусалим корольдігі
2-крест жорығы-1147-1149жж- толық сәтсіздік
3-крест жорығы-1189-1192ж-сәтсіз аяқталды
4-крест жорығы- 1202-1204жж-Константинопольға шабуыл жасап, 500мың халқы бар қаланы басып алып, Латын империясын құрады. 1261ж дейін өмір сүреді.
Нәтижесі: Батыс Европа елдерінің экономикасы , мәдениеті, саяси өмірінің дамуында маңызы зор болды. Шығыстың шаруашылықтағы жетістіктерін меңгерді.
Тапсырма 3 Тұлғаны таны Салах ад- дин кім? Крест жорығы кезіндегі жетістігі қандай? 1138 ж туған. 1171ж Египеттегі билігі. Крестшілерді Тивериад маңында талқандайды.Ол қырғын жасамайды. Құн төлетеді.
Мұғалімге қосымша : Салах әд-Дин Айюб әулетінің негізін қалаушы. Сирия сұлтанының Нұр әд-диннің әскер басыларының бірі - Айюб ибн Шадидың баласы. 1164, 1167, 1168 ж. Нұр әд-Диннің әскері қатарында Мысырды бағындырды және крест жорықтарына қарсы күресті. 1169 ж. Мысырдағы халифтің уәзірі болып тағайындалды. 1171 ж. Фатима әулетінен шыққан соңғы халиф Адид өлгеннен кейін, Египеттегі өкімет билігін басып алып, өзін сұлтан деп жариялады. 1174 ж. Нұр әд-Дин өлгеннен кейін, оның Сириядағы иеліктерін және оған шектес Ирак билеушілерінің ұсақ иеліктерін өзіне бағындырды. 1187 ж. С .әд-Д бастаған біріккен мұсылман әскерлері Хиттин түбінде кресшілерді талқандап, Иерусалимді алды.1189 жылдың қарсаңында Сирия мен Палестина кресшілерден толық азат етілді. С. Әд-Д. 3-крест жорықтары кезінде (1189-92) мұсылмандар әскерін басқарды. Ол кресшілерді күйрете талқандаған алғашқы мұсылман қолбасшысы болды. Осыдан кейін кресшілер Таяу Шығыстағы иеліктерінен біртіңдеп айырыла бастады. С.әд-Д-нің ішкі саясаты Мысырдағы жер иеліктерді бөліп беруге, медреселер салуға, алым-салықты азайтуға бағытталды.