Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет15/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
Байланысты:
Философия

Экзистенционализм философиясы.

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi – экзистенциализм (existentia – латын сөзi, өмiр сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi дүниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХ ғ. бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниені танып, оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мәнмағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне жеткізді. Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сүрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдiң ойларының өзектiлігiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теориялық қайнар көзiне айналды. Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперстi (1883-1969 жж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюдi (1913- 1960 жж.) (Франция), Н.А.Бердяев (1874-1948 жж.) пен Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады. Сонымен, ХХ ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық – зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделенумен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн, адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе – ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда, – адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, 348 әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса танымның құралы емес, ол субъект – ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс. Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай түссек, онда экзистенция (өмiр сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүкiл жануарлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағынасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше түрлi қиынқыстау жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң мән-мағынасына ие болады. Яғни адамның өмiр сүруi оның мәнмағыналыққа жетуiнен анағұрлым алда жүредi. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонканың бойында өмiр сүретiн қолтырауын жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай қолтырауындар жер бетiне шығып, шөлге қарай емес, дереу суға қарай жүгiредi. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бiрге өмiр сүруге келедi! Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз өмiрi жайлы сұрақтарды алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағынасын ашуға тырысады. Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген санатқа көп көңiл бөлiнедi. Ол – өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда, «өмiрде болу» тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады. Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiлік – «қажеттiктi тану», я болмаса «табиғи дарынды iске асыру» емес, ол экзистенциямен, яғни өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз – өзiн-өзiнен жасайтын пенде. Ол – өзiнiң өзiндiк жоспарбағдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне – «Causa sui». Ал ерiктiлік дегенiмiздiң өзi – таңдау. Адам ерiктi пенде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан Ж.-П.Сартр: «Ерiктiлік дегенiмiз – адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi», – деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады. Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi – трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп, не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм 349 Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiліктi содан iздеу дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, «адам – табиғи дүниедегi үзiлгендiк», екiжақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түсiну – одан да жоғары тұрған Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайшылдығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi Мәсіхтің өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз – ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi. Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi – Ж-П.Сартр мен А.Камю оны ештеңеге теңеп, ол – экзистенцияның ең терең құпиясы деген пiкiрге келедi. Демек, экзистенция дегенiмiз – өзiнiң шектелгенiн, яғни уақытша екенiн сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi. Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi – жеке адам мен әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi – өмiр сүру мен мәндiктiң, болу мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның өзi адам болмысының қасіретті жақтарын көрсетедi. Өзiнiң «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемдi еңбегiнде М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн «Dasein» деген ұғыммен бередi. (оның қазақшаға тiкелей аудармасы – «осы арадағы болмыс»). Мұндай ұғымды философияға енгiзiп, ол адам болмысы – тарихи болмыс екенiн, ол яғни «қазiр және осы арада» өмiр сүрiп жатқанын көрсеткiсi келдi. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тiршiлiк иесі өзiнiң шектелгенiн, яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бiрге өмiрде болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негiзгi мақсаты – ол дәл қазiр өмiр сүрiп жатқан адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығатын өмiр тәжiрибесiн талдау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы едi. Яғни ол – уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмiр сүрiп, басқалармен бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу. Алайда индустриялық қоғамда адамның болмысы өзiнiң бейшынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан, «басқа», ол – «нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбiр басқа», «жалпы бiр басқа». Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да», менiң «өзiм де» шынайы субъект емеспiз. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер «das Man» деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны «объективацияланған дүние» дейдi. 350 Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол – адамның тарихи пенделілiгiн, уақыт шеңберiнде шектелгенiн, сонымен қатар өзiнiң ерiктiлігiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi күйкі өмiрден бас тартып, өмiрдiң соңғы шегi – өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға келуi қажет. «Бейшынайы болмысты аттап өту үшiн адамдар бiр-бiрiмен қосылып, «абсурдтық дүниеге», оның шектелгенiне, өлiмге, жалпы дүниенiң жетiлмегендiгiне, мәнсiздiгiне қарсы шығып, көтерiлуi керек», – дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда мұндай дүниеге түңiлуден туған бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мәселесiн, әрине, шешпейдi. Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс – «Ол емес», «Сен», сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iшкi сырларын бөлісуі, ең құпия тереңде жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi – шынайы болмыстың алғышарты. Ол үшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп, шынайы болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады. Г.Марсельдiң бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қарым-қатынасы екiжақты, өйткенi оның сөздiгiнде екi негiзгi сөз бар. Олардың бiреуi «Мен және Сен» болса, екiншiсi – «Мен және Ол». Дүние адамзат тәжiрибесi ретiнде «Мен және Олға» жатады. «Мен және Сен» адами шынайы қарым-қатынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екi мүмкiн-дiгi бар. «Мен және Сен» шынайы болмысты тудырса, «Мен және Ол» – адами қарым-қатынастарды заттандырады. «Сен» деп қарым-қатынасқа түскен адам – ол заттардың арасындағы зат емес. Мен оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткенi мен онымен қарым-қатынастамын. Ол қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, бiлу – «Сеннiң» алшақтауына әкелiп соғады. «Мен және Сеннiң» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат сезiмi бүкiл дүниенi өзiнiң сәулесiмен жарқыратып, гүлдендiредi. Махаббат аясындағы адам қайсыбiр адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсiздi, ақылды мен наданды – бәрiн де ерекше «Сен» ретiнде қарайды. Алайда адам болмысының трагедиясы – «Мен және Сеннiң» қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса құралға айналу мүмкiндiгiнде. Экзистенциализм философиясының iрi өкiлiнiң бiрi – Виктор Франкл. Ол қазiргi қоғамдағы адамдардың қасiретi – ноогендiк (nous – грек сөзi, ақыл-ой, зерде, рух; genesis – грек сөзi, дүниеге келу, 351 пайда болу;) невроздарда, яғни адамдардың өмiр сүрудiң мәнмағынасынан айырылып қалуында деген пiкiрге келедi. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вакуум» деген ұғыммен бередi. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбiр адамдар рухани жүдеулiктен арылу үшiн «Құдайды iздеу» жолына түссе, екiншiлер нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында жүреді, үшiншiлер қоғамдағы тәртiпке қарсы бағытталған қылмыстық iс-әрекеттерге, төртiншiлер суицидке (өз-өзiн өлтiру) дейiн барады. Өзiнiң гуманистiк көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмiрдегi ахуал қандай қиын болса да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi болмасын, адам өз өмiрiнiң мән-мағынасын жоғалтпауы керек, – деген терең ойға келедi. Өзiнiң екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болған экзистенциалдық тәжiрибесiн сараптай келе, В.Франкл өз өмiрiнiң мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал өмiрдiң мән-мағынасын жоғалтқан көпшiлiктiң «малға ұқсайтын тобырға» айналып құрығанын айтады. Әрине, реформа барысындағы бүгiнгi қиын-қыстау жағдайларда бiршама адамдар бұрынғы ұстаған жан дүниесiндегi құндылықтардан айырылып, сонымен қатар жаңа құндылықтарды қабылдай алмай, экзистенциалдық вакуумде жүргендерi баршамызға аян. Мұның өзi неше түрлi «әлеуметтiк ауытқудың» түрлерiн туғызып, реформаның ары қарай өрлеуiне өзiнiң кеселiн тигiзiп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм iлiмiнiң «әлеуметтiк ахуалға» сiлтегеннен гөрi, жеке тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын таңдауға, ал оның өзi белгiлi бiр жаңа ахуалды тудырып, өмiрдiң жаңа арнасын ашуының мүмкiндiгiн көрсетедi деген құнды пiкiрiне оқырманның назарын аударғымыз келедi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет