Жаћандану жјне ќауіпсіздік.
Жаћандану жјне єылым.
Ќазаќ философиясыныѕ ерекшеліктері.
Философиялық деңгейге көтерiлсек, бұл дүниеде мәңгiлiк адам таңғалатын екi-ақ құбылыс бар. Оның бiрi – әлем, барлық, өмiр сүрiп жатқан дүние болса, екiншiсi – өзiндiк сана-сезiмi, iшкi рухани өмiрi бар адам болмақ. Бiрiншiсi – құшаққа да, ой елегiнiң ауқымына да сыймайтын шексiз де мәңгiлiк Әлем, Дүние, Ғарыш болатын болса, екiншiсi – ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бiрақ өзiнiң нәзiк жан дүниесi бар адам. Бiреуi – макрокосм, екiншiсi – микрокосм. Адам – кiшi әлем ретiнде үлкен әлемге – ғарышқа тең. Бүкiл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған.Қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға мүмкiншiлiк пайда болды. Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi, адам мәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi. Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және көшпендiлiк өмiр салтын еске түсiрсек, ол түсiнiктi де болар. Үшiншiден, отандық философияда дерексіз-теориялық жүйелер жасау өте сирек кездесетiн құбылыс – философиялық iзденiс адамның нақтылы өмiрдегi жүрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбiрек көңiл бөлiнедi. Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, арнамыс, абырой, т.с.с. санаттарға терең талдаулар жасалады. Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады. Алтыншыдан, отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткенi онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. Ендi мәселенi нақтылай түс
Достарыңызбен бөлісу: |