Ғылыми жетекші – аға оқытушы Г.К. Жантілеуова
Тіл – адамдардың бір – бірімен қатынас жасайтын, пікір алысатын, ӛзара тҥсінісетін
қҧралы , сонымен бірге оның заңдылықтары ерекшеліктерін қҧрылысын оқытатын, зерттейтін
ғылым. [1] Неміс және қазақ тілдері – туыстық және типологиялық жағынан бӛлек топтарға
жататын тілдер. Неміс тілі ҥнді – европа тілдеріне, оның ішінде герман тілдері тобына жатады.
Қазақ тілі тҥркі тілдері тобының қыпшақ тілдері тармағына жатады. Сонымен, туыстық
тҧрғыдан неміс тілі мен қазақ тілі арасында ешқандай қатынас жоқ. Бірақ осыған қарамастан
грамматика жағынан екі тілдің де тиімді әсерін қарастыруға болады.
Типологиялық тҧрғыдан неміс тілі аналитикалық – флективті, ал қазақ тілі
агглютинативтік тілдер тобына жатады.
Демек,
типологиялық тҧрғыдан да бҧл екі тіл
арасында жақындық жоқ екен. Оның ҥстіне неміс тілі мен қазақ тілі даму тарихында ӛзара
байланысты болмағанын ескерсек, екеуінің арасында ҧқсастықтан гӛрі ӛзгешеліктер кӛп
болуы – заңды қҧбылыс. Дегенмен екі тілдің арасында ешқандай ҧқсастық жоқ деуге де
болмайды. Неміс және қазақ тілдері грамматикасы саласындағы ең басты ҧқсастық – екі
тілде де сӛз таптары толық мағыналы : зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, ҥстеу, етістік
және шылау сӛздерден тҧратындығы. Сӛз таптары саласында екі тіл арасындағы мынадай
ерекшелікті ескеру қажет: неміс тілінде шылау сӛздер қҧрамында септеулік деп аталатын сӛз
табы бар, қазақ тілінде мҧндай сӛз табы жоқ. Ол әдетте зат есімнің алдында
қолданылып,оның белгілі септік тҧлғасында тҧруын талап ететін шылау сӛз. Қазақ тілінде
септеулік ҧғымының болмауы қазақ оқушыларына ҥлкен қиындық келтіреді. Оқушыларға
оны тҥсінудің ӛзі ауыр тиеді. Бҧл қиыншылықтар жеңуге орыс тілі кӛмектесе алады.
Жекелеген сӛз таптарын салыстыру арқылы да екі тілде белгілі ҧқсастықтар мен
ӛзгешеліктер барын анықтауға болады. Мысалы, неміс тілінде де, қазақ тілінде де зат есімнің
септік категориясы мен сан категориясы бар. Демек, қазақ оқушылары ҥшін неміс тіліндегі
зат есімдердің септелетінін, оның жекеше және кӛпше тҥрі барын тҥсіну қиындық
келтірмейді. Бҧл категорияны меңгеру қазақ оқушылары ҥшін жеңіл, ӛйткені бҧл жерде ана
тілі тиімді ықпалын тигізіп тҧр. Алайда неміс тілі мен қазақ тілі арасындағы ерекшелікті
неміс тілінде род категориясы бар, ондағы зат есімдердің әрқайсы ҥш родтың біріне жатады:
мужской род – der Tisch, der Lehrer, der Schüler; женский род – die Schule, die Tafel, die
Lehrerin; средний род – das Buch, das Kind, das Mädchen т.б. [2] Қазақ тілінде мҧндай род
категориясы жоқ. Екі тілде де зат есім септеледі, бірақ олардың септелуі бірдей емес. Қазақ
тілінде жеті септік болса, неміс тілінде тӛрт септік бар. Қазақ тіліндегі септіктердің
мағынасы неміс тілінде зат есімнің белгілі бір предлогпен тіркесуі арқылы білдіреді. Қазақ
тілінде барлық зат есімдер біртектес септеледі. Неміс тілінде зат есім септелуінің ҥш тҥрі
бар:
Неміс тілі мен қазақ тілінде сын есімдер арасында да ҧқсастықтар мен ӛзгешіліктер
бар. Екі тіл де сын есім екі синтаксистік қызмет атқарады: анықтауыш қызметі және кҥрделі
есім баяндауыштың есім бӛлігі Dastan ist ein fleißiger Schüler – Дастан - ҧқыпты оқушы
(анықтауыш). Der Schüler ist fleißig – Оқушы ҧқыпты (есім баяндауыш).
Екі тілде де сын есімнің 3 шырайы бар:
1. Жай шырай – lang -
2. Салыстырмалы шырай
3. Асырмалы шырай –
ҧзын
– länger - ҧзынырақ
der (die, das) – längste
– ең ҧзын
137
Екі тілдегі бҧл ҧқсастықтар қазақ тілі неміс тіліндегі сын есімнің синтаксистік
қызметтерін, шырайларын меңгеруде тиімді ықпалы тигізеді.
Етістік саласында да неміс тілі мен қазақ тілінің арасында осы сияқты ҧқсастықтар
кӛптеп кездеседі. Екі тілде де етістіктің жіктік, жақ, шақ категориялары бар. Екі тілде де
ҥш шақ бар, бірақ оларды білдіру ҥшін әртҥрлі шақ формалары қолданылады. Мысалы:
неміс тілінде осы шақты білдіру ҥшін бір шақ формасы (Präsens) , келер шақты білдіру
ҥшін екі шақ формасы (Futurum I und Futurum II) қолданылса, ӛткен шақты білдіру ҥшін 3
шақ формасы қолданылады (Imperfekt, Perfekt, Plusquamperfekt). [3] Ал қазақ тілінде
мҧндай шақ формаларының саны одан да кӛп. Осы шақтың екі формасы: нақ осы шақ
және ауыспалы осы шақ; келер шақтың 3 формасы бар: ауыспалы келер шақ, болжалды
келер шақ және мақсатты келер шақ. Ал ӛткен шақтың қазақ тілінде 4 шақ формасы бар:
жедел ӛткен шақ, анық ӛткен шақ, ежелгі ӛткен шақ және ауыспалы ӛткен шақ. [4] Екі тіл
шақ формаларының әртҥрлігіне қарамастан мағыналары арқылы ҧқсастықты айқындауға
болады. Қазақ тілінің нақ және ауыспалы осы шақтағы сӛйлемі неміс тілінде тек бір осы
шақпен беріледі. Мысалы: қазақ тілінде нақ осы шақ – ол кітап оқып отыр, неміс тілінде -
er liest ein Buch; Қазақ тілінде ауыспалы осы шақ – ол кҥнде келеді, неміс тілінде – er
kommt jeden Tag. Liest және kommt неміс тілінде бір шақта, яғни Präsens – те қолданылып
тҧр.
Қорыта келгенде, неміс және қазақ тілдері – туыстық және типологиялық жағынан
бӛлек топтарға жататындығына қарамастан екі тілдің грамматикасындағы ҧқсас
қҧбылыстар бар екені анық және ол неміс тілін ҥйренуде тиімді ықпалын тигізеді.
Әдебиеттер
1.
Ә.Хасенов «Тіл біліміне кіріспе», Алматы «Рауан» ,1990
2.
H. Schulz, W.Sundermeyer «Grammatik und Uebungsbuch», Muenchen, 1996
3.
Б.Н.Гвоздович «Deutsch ohne Lehrer», Воронеж, 1988
4.
А.Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі», Алматы, 2008