Құрметті делегаттар!
Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі мәселелермен,
соның ішінде ұлттық мәселелермен тығыз байланысты.
Менің Еуразиялық Одақты құру жөніндегі идеям, басқа
мәселелермен қоса, ұлтаралық, сондай-ақ мемлекет-
аралық проблемалар мен қайшылықтарды өркениетті
жолмен шешуді көздейді. Өрескелдікке жол бермеу
керек. Және, меніңше, саясаткердің ең мәртебелі
парызы кенеттен өз еркінен тыс түрлі елдерге шашы-
рап кеткен миллиондаған адамдардың тағдыры үшін
өзінің жауапкершілігін сезінуде деп ойлаймын. Егемен
578
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін және этностық біре-
гейлігін сақтау арқылы халықтардың бірлесуі – Еуразия
кеңістігін бейбіт жолмен дамытудың бірден-бір пара-
сатты және өркениетті жолы.
ТМД-дағы интеграциялық үдерістер көбіне-көп ЕАО
жобасының арқасында жандана түсті. Өткен жылдың
аяғында Ресей мен Қазақстан арасындағы ізгі ниетті
көршілік қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар аса
маңызды шешімдер қабылданғанын өздеріңіз білесіз-
дер. Азаматтық, әскери ынтымақтастық, біртұтас кеден
кеңістігін құру және басқа да көптеген көкейкесті про-
блемаларды шешудің жолдары белгіленді. Екі елдің
әрқайсысында тұрақты мекендейтін азаматтарымыз-
дың құқықтық мәртебесі, азаматтықты қабылдауды
жеңілдету туралы келісімдер халықаралық қоғамдас-
тықтың қағидаттарына сай келетін маңызды қадам
болып табылады және қарапайым адамдардың алдында
тұрған проблемаларды өркениетті жолмен шешеді.
Ендігі жерде әрбір ресейлік немесе қазақстандық жаңа
тұрғын жеріне келісімен өз қалауы бойынша ешқандай
заңдық сүйретпесіз-ақ сол мемлекеттің азаматы бола
алады.
Өңір бойынша өзіміздің ең жақын көршілеріміз
және бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі
серіктестеріміз – Өзбекстанмен және Қырғызстанмен
интеграцияны дамытудың республикамыз үшін зор
маңызы бар. Оның үстіне, Орталық Азиядағы барлық
мемлекеттер Арал маңындағы экологиялық апаттың
салдарын жою жөнінде бірлесіп жұмыс істеуде.
ТМД мемлекеттері басшыларының Алматыдағы
ақпан кездесуі барысында міндеттердің бүтіндей
579
бір кешені шешілді. Біздің республика ұсынған «Тә-
уелсіз Мемлекеттер Достастығындағы татулық пен
тұрақтылықты қолдау туралы меморандумның»
қабылдануын ерекше атап өткім келеді. Біз Достастық
ішіндегі орын алып отырған проблемалардан, әсіресе,
қантөгіспен, адамдардың қаза табуымен, күйзеліспен,
бейбіт халықтың қасірет шегуімен байланысты пробле-
малардан ешқайсымыз да бойды аулаққа салмауымыз
керек деп есептейміз. Меморандум қазіргі жанжал-
дардың отын өшіруге және ықтимал жанжалдардың
алдын алуға бағытталған. Осы құжаттың қабылдануы
ТМД-ға қатысушы елдердің аумақтық тұтастық пен
шекаралардың бұлжымастығын, қазіргі қоғамдық-сая-
си құрылымды құрметтеуге, сепаратизмнің, ұлтшыл-
дықтың, шовинизм мен фашизмнің кез келген көрініс-
терінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауға деген
ынтасын тағы да бір дәлелдеп отыр.
Біз интеграцияға батыл бара жатырмыз. Ал біздің
мемлекеттілігіміздің бұлжымастығына қатер төнеді
деп қорқатындар үшін Қазақстан бүгінгі таңда әскери
килігу, саяси немесе экономикалық қысым жасау, сепа-
ратизм немесе ұлтшыл шовинизм болсын, кез келген
өктемдікке қарсы тұруға қабілетті екенін тағы да еске
салғым келеді. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден,
Қытайдан қауіпсіздік кепілдігін алғанымыз маңызды
фактор болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның тә-
уелсіздігі қалыптасқан тарихи фактіге айналды және
ол халықаралық саяси, экономикалық және диплома-
тиялық құқықтық актілермен сенімді қорғалған. Біз
өз тәуелсіздігімізден, аумақтық тұтастығымыздан бас
тартпаймыз.
580
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық
келісімді нығайту жөніндегі
кейбір шаралар туралы
Қазақстан мемлекеттік егемендігін жариялап, тәуел-
сіздік алғаннан кейінгі уақыттың ішінде талай өзгерістер
болып өтті. Ол реформаны ілгерілетуге, экономикалық
дағдарысты жоюдың шебіне шығуға, әлемдік қоғамдас-
тықтың тануына қол жеткізуге мүмкіндік берген көп-
теген нақты істер мен оқиғаларға толы болды. Әрине,
кейбір кемшіліктердің де жіберілгені рас.
Бірақ, ең бастысы, біз стратегияда қате жіберген
жоқпыз. Әуел бастан-ақ, ішкі және сыртқы саясаттың
басым бағыттарын белгілей отырып, біз тұрақтылықты,
азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді нығай-
туды ерекше бөліп алдық. Бұл идеология саласындағы
мемлекеттік саясаттың қағидаттарын тұжырымдаған
«Қоғамның идеялық топтасуы – Қазақстан дамуының
басты шарты» тұжырымдамасында бекітілген.
Сондай-ақ осы тұжырымдама бойынша менің баян-
дамамда қоғамның белсенді саяси, топтастырушы күші
болуға тиісті Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру
идеясы ұсынылғанды. Бүгін, міне, ол құрылды, сөйтіп,
енді барлық мәселелерді шешуге, біздің ұлттық саяса-
тымызды, соның ішінде мемлекеттік басқару мен реттеу
деңгейінде де одан әрі жетілдіруге барынша белсенді
қатысуға тиіс деп ойлаймын. Осыған байланысты
Ассамблеяға Президенттің жанындағы, ал оның облыс-
тық бөлімшелеріне әкімдердің жанындағы ұжымдық
орган мәртебесі берілді. Сіздердің алдарыңызда орасан
зор жұмыс тұр, бірақ сол үшін бүкіл жауапкершіліктің
салмағын да сезіне білу керек.
581
Бүгіннен бастап қоғамдық проблемалардың,
әсіресе, ұлттық саясаттың барлық шоғыры бойынша
мемлекеттік актілер Ассамблеяның пікірлерін ескере
отырып және оның тікелей қатысуымен қабылдануға
тиіс деп ойлаймын. Әрі сол актілердің әрқайсысы
еліміздегі барлық халықтардың мүдделерін ескере
отырып, сараптан өткізілуі керек. Осы орайда өз респу-
бликамыздағы бай тәжірибеге сүйену қажет. Бұл тұста
осы құрылымның ұйытқысына айналған ұлттық-мә-
дени орталықтар мен ардагерлер кеңестері ерекше рөл
атқара алады.
Ұлтаралық қатынастар саласындағы кейбір нақты
проблемалар мен оларды шешуге сіздердің қатысула-
рыңыз туралы әңгіме қозғамастан бұрын, өз ойымша,
маңызды екі жағдайды атап өтсем деймін.
Біріншіден, бізде көбіне екі ұлттың – қазақтар мен
орыстардың өзара қарым-қатынасы туралы айтып та,
жазып та жатады. Бірақ осы жағдайда өздерін жәбірлен-
гендей сезінетін 20 %-ға жуық өзге қазақстандықтардың
мүдделері неге ұмыт қалуы тиіс?
Қазақстан, сөздің толық мағынасында, көп ұлтты
мемлекет екенін ұмытуға болмайды. Бұл жария етіл-
ген тұжырым емес, бұл – шындық. Міне, сондықтан
Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың «кіші»
немесе «үлкен» екеніне қарамастан, ұлттық-мәдени
құндылықтарын сақтау міндеті біз үшін өте маңызды.
Олардың әрқайсысының өз түп тамырлары, біз баға-
лауға тиісті бай тарихы, ұлы бабалары бар. Біз ұлы
Абайдың 150 жылдығы құрметіне арналған салтанат-
тар қазақ жерінде ғана емес, сонымен бірге, ЮНЕСКО
аясында бүкіл дүние жүзінде өтетінін зор құлшыныспен
қабылдадық. Сонымен қатар, біз пірәдарлар Кирилл
582
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
мен Мефодийдің еңбегінен туған славян жазуының 1100
жылдығын да атап өтеміз.
Бұл арқылы мен әрбір ұлт әлемдік өркениеттің қазы-
насына өзіндік үлесін, оның рухани әлеуеті үшін ұлы
деп саналатын үлесін қосқанын және оны халықтың
санымен ғана бағалауға болмайтынын атап өтпекпін.
Біз алдағы уақытта да республика халықтарының осы
әлеуетті сақтау мен көбейту жөніндегі ынта-жігерін
қолдайтын боламыз.
Екіншіден, Қазақстанның тек көп ұлтты ғана емес,
сонымен бірге, көп конфессиялы мемлекет екенінің де
елеулі маңызы бар. Еліміздегі халықтардың 60 % құрай-
тын мұсылмандармен қатар, мұнда православиеліктер,
протестанттар, буддашылар, католиктер, әлемдік басқа
да діндердің өкілдері өмір сүреді.
Бұл – қоғамдық-саяси тұрақты жағдайды сақтауға
көмектесетін елеулі фактор. Өйткені барлық діндердің
негізінде шын мәнінде бірдей имандылық қағидаттары
– адамдарға деген сүйіспеншілік, теріс қылықтарды
айыптап, шынымен адасқандарға кешірім жасау, басқа
ой-пікірлерге шыдамдылықпен қарау жатыр. Басқаша
айтқанда, ұстанған жолына қарамастан, республика-
дағы барлық дінге сенушілер бірдей төзімді, парасатты
және тату жандар.
Жауынгер атеизмнің өктем билігі кезінде барлық дін-
дер мемлекеттің бірдей қатаң қысымында болды. Сон-
дықтан өз дінінің қағидаларын қабылдап, өз сенімінің
уағыздарын басшылыққа ала отырып, адамдар басқа
діндерге сенушілердің құқықтық кемсітілуіне және
қудалануына аяушылықпен қарап келді. Өзіне жақын
адамды қолдау, оның қиындықтарды жеңуіне көмектесу
сезімі осындайдан туды.
583
Қазақстан басшылығында конфессиялардың жоғары
иерархтарымен өзара құрметке толы ізгі қатынастар
қалыптасты. Олардың ешқайсысына да артықшылық
берместен, біз барлық діндарлардың қажеттері мен
талаптарына үн қатуға тырысамыз. Осындай жақсы
қарым-қатынас өңірлік деңгейде де қалыптасса жақсы
болар еді.
Осының бәрін біз өз жұмысымызда ескеруіміз керек.
Қазіргі кездегі көптеген аса маңызды міндеттерді
шешуге барынша белсене қатысуға тиісті Қазақстан
халықтары Ассамблеясы да осы жайларды ескеруі тиіс.
Мәдени-ағарту қоғамдары, ұлттық-мәдени орта-
лықтар білім беру жүйесімен, бұқаралық ақпарат
құралдарымен, баспа индустриясымен мейлінше тығыз
ынтымақтастық орнатулары қажет. Мұның өзі көптеген
мақсаттарға жетуге:
– Қазақстандағы барлық халықтардың тілдерін
дамытуға;
– ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге;
– ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының қыз-
метін жақсартуға;
– ұлттық мәдениетті қорғаудың құқықтық тетіктерін
нығайтуға көмектеседі.
Егер бұдан гөрі егжей-тегжейлі айтатын болсақ,
онда таяудағы уақыттың ішінде тілдерді дамытудың
бағдарламасын қабылдамақпыз, ол білім алушылардың
қабілеті мен әлеуетті мүмкіндіктерін толық ескеруі,
жасанды емес, нақты мақсаттарды алға қоюы, айтар-
лықтай материалдық-техникалық базаға сүйенуі тиіс.
Бұл ретте азаматтардың екі немесе одан да көп тілді
білуін мемлекет барынша ынталандыратын болады.
584
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Сондай-ақ өткір бюджет тапшылығы жағдайында
қиын ахуалға ұшырап, өздерінің өмір сүруі үшін күре-
суге мәжбүр болып отырған білім беру мен денсаулық
сақтау жүйелерін дамытудың бағдарламалары қажет.
Ал шынтуайтында бұлар – экономика салалары ғана
емес, азаматтардың тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету
аясы мен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға
тікелей әсер етеді. Сірә, білім беру мен денсаулық сақтау
мекемелерінің қызметін реттейтін қазіргі заңдарға
өмірдің өзі талап етіп отырғандай өзгерістер енгізетін
кез жеткен сияқты.
Ұлттық мәдениет саясатының формаларын түбегейлі
жаңарту жұмысы алда тұр. Сіздердің өз ұлттық мәдени-
еттеріңізді, дәстүрлеріңіз бен салттарыңызды насихаттай
отырып, жүргізіп жатқан жұмыстарыңыз топтастырушы
негіз қызметін атқаратыны сөзсіз. Алайда қазір тек эсте-
тикалық тәрбие берумен, мәдени-бұқаралық шаралар-
мен ғана шектеліп қалуға болмайды. Мәдениетті дамыту
проблемаларымен кешенді түрде айналысу керек деп
ойлаймын, бұл орайда ұлттық білім беруді де, ұлттық
бұқаралық ақпарат құралдарын да, ұлттың жалпы пара-
саттылық әлеуетін де ескеру қажет.
Бізде, Қазақстанда, газеттер 8 тілде шығатын, теле-
радиохабарлары жеті тілде жүргізілетін, Қазақстан
халықтарының бірнеше тілдерінде мектептер істейтін,
оларға арналған педагогикалық кадрлар Қазақстанның
жоғары оқу орындары мен шетелдерде дайындалатын
болса да, соған қарамастан, бұл жұмысқа жаңа сапа
беруіміз керек. Кезі келгенде Ассамблея жанынан біздің
еліміздің барлық халықтарының өмірін көрсететін
жалпы республикалық газет ашу жөн болар деп есеп-
теймін. Республикалық телевизия да, Ассамблеямен
585
бірлесе отырып, Қазақстан халықтарының тілдерінде
хабар таратуды жақсарту жөнінде шараларды ойлас-
тыруы тиіс.
Айтпақшы, дүние жүзінде Қазақстандағыдай өнеге
жоқ. Мысалы, біздің «Украіньскі новини» – Украинадан
шет жердегі украиндық емес, үкімет қаржыландырып
отырған осы тілдегі жалғыз газет. Сондай-ақ біздің
байырғы басылымымыз «Коре ильбо» туралы да осыны
айтуға болады. Алматыдағы корей театры – корей-
лердің тарихи отанынан тысқары жерде орналасқан
дүние жүзіндегі жалғыз театр. Біз Ассамблеядан, ұлт-
тық-мәдени орталықтардан, ардагерлер кеңестерінен
тарап жататын кез келген игі бастаманың мемлекеттік
деңгейде қолдау табатынына кепілдік береміз. Осыған
байланысты үкімет Қазақстан халықтары Ассамблеясы
қызметін мемлекеттік қаржыландыру жүйесін ойлас-
тыруы қажет.
Көші-қон проблемалары туралы аз айтылып жүр-
ген жоқ. Өкінішке қарай, біздің отандастарымыздың
республикадан сыртқа кетіп жатқанын жоққа шығаруға
болмайды. Алайда шет жерлерге көшудің себептерін,
меніңше, бізде атымен жоқ ұлттық белгілері бойынша
кемсітуден іздеу ақылға қонымсыз. Ашығын айтсақ,
Ресей, тіпті ол тұрмақ ТМД-ның басқа елдері де бүгінгі
таңда барлық қоныс аударушыларды қабылдауға эконо-
микалық тұрғыдан әзір емес, сондықтан көшіп барушы-
лар кейде ол жақта елеулі мемлекеттік қолдаусыз еңсере
алмайтындай қиыншылықтарға тап болады.
Міне, нақ осындай қолдаудың жоқтығынан біз үшін
жаңа құбылыс – қайтадан көшіп келу пайда болып
отыр, яғни көптеген адамдар мен бүтіндей отбасы-
лар республикадан тысқары жерге ірге тебе алмай,
586
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Қазақстанға қайта оралуда. Демографтардың дерек-
тері бойынша, тек өткен жылдың өзінде ғана қайтадан
көшіп келушілердің саны 50 мыңға жетті. Бұған таңда-
нуға болмайды: біз ішкі азамат соғысына жол берген
жоқпыз, бізде адамдарды бірінші және екінші сортты
азаматтарға бөлетін қатаң заңдар жоқ, оппозицияны
тұтқынға алу мен цензура жасау да жоқ. Өткен жолғы
парламенттік дағдарыспен байланысты соңғы оқиға-
лар біздің заңға адал екендігімізді тағы да бір дәлелдеп
берді.
Жазалаушы идеологиясы бар тоталитарлық мұраны
еңсере отырып, демократиялық жолға түстік. Тәуел-
сіздіктің қысқа кезеңі ішінде Қазақстанда бірде-бір газет
жабылмағанын, ешкім де саяси қызметі үшін қамауға
алынбағанын айтсақ та жеткілікті. Бірақ демократия
мен бостандық қылмыскерлер үшін бүркенішке айнал-
мауы тиіс.
Ал күні кеше дерлік уақыттың өзінде-ақ бәрі де
басқаша болды ғой. Ғылымның, мәдениет пен өнердің
көптеген белгілі қайраткерлері өз еріктерінен тыс респу-
бликаны тастап шығып, басқа жерлерде бағын сынауға
мәжбүр болған еді. Жүйенің идеологиялық қарсылығын
бастан кеше отырып, олардың мұнда өздерін танытар-
лық мүмкіндігі болмады. Бірақ еріксіз көшкендердің
аузынан Қазақстанның атына бірде-бір шайпау сөз
шыққан емес. Қайта, керісінше, республиканы жылы
лебізбен және алғыс сезімімен еске ала отырып, олар
өздерінің қазақстандық түп тамырларын әрқашан баса
көрсетті. Ал, сонымен бірге, біздің кейбір кезбелеріміз,
қолтума саясатшыларымыз кез келген шетелдік ұсынған
бір шыны аяқ кофе үшін анасын – өзіміз айтатын Отан
мағынасындағы анасын сатып кетуге бар.
587
Ал кең ауқымда айтар болсақ, Қазақстан Ресей-
дегі, Орталық Азиядағы, Түркиядағы, Ирандағы,
Қытайдағы, алыс-жақын басқа да шетелдердегі қазақ
диаспораларымен неғұрлым берік және тұрақты
қатынастарда болуы тиіс. Өйткені 12 млн қазақтың
4 млн-нан астамы сол жақтарда өмір сүріп жатыр.
Олардың кейбіреулері, саясатты айқындай алмаса
да, адами қарекеттің ең сан алуан салаларында
айтулы табыстарға жетіп жүр. Ал Қазақстанда оларға
қалай қарайтын болса, республиканың дүниежүзілік
жұртшылық алдындағы абырой-беделі де көп ретте
соған байланысты.
Айтқандайын, өздерінің тарихи отандарына көшіп
кеткен біздің көптеген жерлестеріміз Қазақстанмен
байланысын үзбеуге, бұрынғы отандастарымен ақпа-
раттық және мәдени алыс-беріс жасасып тұруға мүд-
делі. Мұның өзі тұрақтылықтың, бейнелеп айтқанда,
қуатты белдеуін құрайды. Біздің ұлттық-мәдени орта-
лықтарымыз осы ізгі ниетті барынша қолдауға тиіс деп
санаймын, өйткені біздің еліміз туралы шындықтың
арғы-бергі шетелдерге тарауы Қазақстанның достарын,
біз жүргізіп отырған саясатты қолдаушыларды объек-
тивті түрде көбейте бермек.
Ұлттық саясат проблемаларын жинақтай келіп, ол
алдағы уақытта да айқын және әділетті қағидаттарға
құрылатынын айтпақпын, ал олардың ең бастылары:
– мәміле жолын іздестіру;
– ұлттық мәселені әділетті шешудің негізі ретіндегі
қоғамдық тұрақтылық;
– заңның үстемдігі;
– мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту және белсенді
интеграциялық саясат.
588
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Біздің қазіргі өмірімізде, қоғамды реформалаудың
өзіміз бүгін жетіп отырған кезеңінде, сірә, еліміздің
әрбір азаматына қатысты емес проблема жоқ болар.
Сондықтан Қазақстан халықтары Ассамблеясы секілді
өкілетті орган біздің қоғамымыз үшін басқа да аса
көкейкесті міндеттерді шешуге қатыса алады және
қатысуға тиіс деп санаймын.
Реформаларды ілгерілету – ортақ міндет
Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері бола
отырып, сіздер жергілікті жерлердегі жағдайды, ал ең
бастысы – әлеуметтік-экономикалық ахуалды, адамдар-
дың ой-пікірлерін басқалардан гөрі жақсы білесіздер.
Оның үстіне бұдан былай сіздер мемлекеттің жоғары
билік құрылымдары мен халықтың арасындағы екі-
жақты байланыстың өзіндік бір арнасына айналып
отырсыздар. Сондықтан мен сіздердің экономикалық
саясатты жүзеге асыруға тікелей атсалысатындарыңызға
сенемін.
Біздің таяудағы мақсатымыз – республиканың отба-
сыларына, барлық азаматтарына қалыпты тұрмысты
қамтамасыз ету. Әрбір қазақстандық өз еңбегінің
жемісін пайдалана алуы үшін оның өзін толық көрсе-
туіне барлық жағдайларды туғызу керек. Осы жұмыспен
айналыса отырып, біз отандастарымыздың еңбек
жолын таңдауына ерік береміз, ал бұл әлеуметтік тұрғы-
дан жікке бөлінбеген, кедейлер мен байлардың арасын-
дағы алшақтық тым аспандап кетпеген, ал адамдардың
басым көпшілігінің орташа дәулеті азды-көпті салысты-
руға келетіндей қоғамда ғана мүмкін.
Біз өз тұрмысымызды жақсартудың міндетті шарты
болып табылатын реформалар жолын саналы түрде
589
таңдап алдық. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп
отырғанындай, нарық дегеніміз – әлеуметтік қиял емес,
қайта көптеген халықтарды, соның ішінде біздің табиғи
ресурстарымыздың жұрнағындайы да жоқ елдерді
өркендеуге жеткізген нақты әрекет үстіндегі жүйе. Бұл
таңдауды өмірдің өзі талап етті: экономикалық қаты-
настар жүйесін өзгертпеу біздің қоғамымызды біле
тұра тоқырау мен құлдырауға душар ету болар еді.
Орта ғасырлық философ Фома Аквинскийдің дәл атап
көрсеткеніндей: «Теңіз капитанының ең басты мақсаты
кемені сақтап қалу болса, онда ол кемені айлақта мәңгі
ұстар еді».
Мемлекет басқару менің маңдайыма жазылған екен,
мен енді дұрыс бағдарларды басшылыққа алуым керек.
Ал олар кез келген аялдау мен кідіру еліміз бен қоға-
мымызды құрдымға жіберумен бірдей екенін айтады.
Осы орайда көшбасшының жүгі сырттан қараған-
дағыдай жеңіл емес екенін айтпақпын. Тарихтың
бетбұрысты кезеңдерінде кез келген мемлекет бас-
шысы біліксіздікке, әсіресе, экономикалық және саяси
дамудың үлгілерін таңдау мәселесіндегі біліксіздікке
табандап қарсы тұруға, баршаға бірдей жаға бермейтін,
бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді қабылдауға
тиіс. Кейде адамдарды қазір барғысы келмейтін, бірақ
объективті түрде баруға тиіс бағытқа еркінен тыс баста-
уына тура келеді. Әрі әңгіме еліміздің болашағы туралы
болып отырғандықтан, менің батыл, тіпті кейде қатаң
қадамдарға баруым да әбден мүмкін.
Иә, көптеген отбасыларының материалдық жағдайы
қазір онша мәз емес. Әрі бұл қиындықтарды саяси
проблемалардың шиеленісуі есебінен қолдан күрделен-
дірудің қажеті жоқ. Өйткені олардың біразын соңыра,
590
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
экономиканы қалпына келтіріп, адамдарға лайықты
өмірді қамтамасыз еткеннен кейін шешуге болады
емес пе. Сол кезде бүгін өзіміз жаға жыртысып жүрген
көптеген мәселелер қазақстандықтар үшін барынша аз
шығынмен шешілетін болады. Экономикадағы табыс
пен тәртіп қоғамдық тұрақтылықты бұрынғыдан да
нығайта түсіп, неғұрлым өткір проблемаларды күн
тәртібінен алып тастайды.
Осы тақырыпты аяқтай келіп, реформалау үдерісі
экономикадағы былық, өндірістің құлдырауы мен
жоғары инфляция өздеріне тиімді болып отырған
пысықайлар мен саясатшыларды экономикалық
істерден сөзсіз ығыстырып шығаруы тиіс екенін атап
өтпекпін. Егер олар реформашылардың бетпердесін
жамылып, билік басына шығып алса, өндірісті дамы-
туға, оның құрылымдарын қайта құруға кесел келтіре
отырып, көрінеу жалдаптық үрдісті күшейте түсетінін
айқын сезіну керек. Ал бұл барлық өзгерістерді
толықтай тоқтатумен барабар.
Сіздер Қазақстанды, оның ұлттық әралуандығын,
мәдениеттерінің байлығын, мемлекет басшысының
жанындағы осы ресми органға – Ассамблеяға өздеріңізді
сайлаған азаматтардың сенімін бейнелейтін өкілсіздер.
Мен ыңғайы келген жердің бәрінде соңғы он жылдың
жағдайындағы біздің басты байлығымыз – қоғамдық
тұрақтылық, ұлтаралық алауыздықтың және оның
негізінде болатын қантөгістің жоқтығы екеніне әрбір
қазақстандықты сендіруге тырысамын.
Осы табандылығымды мен үйдің есігін соғыс пен
ажал қаққан кезде басқаның бәрі – молшылық пен
шағын кикілжіңдер, салтанат пен игілік, адамның
қоғамдық сатыдағы жағдайы және басқалар мәні мен
591
мағынасынан айрылатынымен түсіндіремін. Өйткені
соғыс ең басты, баға жетпес құндылықты – адамның
өмірін үзеді, адамдарды үйренген жерінен аяусыз
жұлып алып, шарасыз босқындарға айналдырады.
Жаратқанның рахымымен бұл қырсық бізден аулақ
болды. Сол үшін де өз адамдарымызға, азаматтары-
мызға мың да бір алғыс айтамын. Дегенмен бұл өзінен
өзі бола қоятын нәрсе емес. Мұның астарында терең
ойлардың, талдаулар мен салғастырулардың, келісім
жолын іздеудің, тағдырын сенің қолыңа сеніп тапсырған
көпұлтты халқың үшін орасан зор жеке жауапкершілік
сезімнің талай-талай тынымсыз күндері мен ұйқысыз
түндері тұр.
Соғыс оңайшылықпен орны толмайтын орасан зор
материалдық шығындарға соқтырады. Осы ғасырдың
өзінде ғана ол жер бетіндегі бүкіл халықты 50 жылдан
астам тегін тамақтандыруға жететін немесе 500 млн-нан
астам отбасын жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге
болатын қаржыны жалмап кетті.
Шешенстанда, Тәжікстанда, Әзірбайжанда және
ТМД мен әлемнің басқа да «ыстық» нүктелерінде болып
жатқан оқиғаларға ой жүгіртіп қараңыздаршы, сонда
сіздер біздің тұрақтылығымызды бағаламайтындар,
өзінің жеке кеудемсоқтығы немесе саяси адасуы себепті
біздің тыныштығымызды бұзуға тырысатындар өз
халқының мүддесін сатқан әшкере ашық жау екенін
түсінесіздер. Сондықтан адамдар қырағы болып,
жеңіл өмірді тез орнатуға жалған уәде беретіндердің
құрығына түспеуі тиіс. Ондай жол мүлдем болмайды.
1991 жылғы 1 желтоқсанда өзіме көрсетілген сенім
менің есімде және оны бағалаймын да. Әрі соны ақтау
үшін барымды саламын және, қарсы келген күштер
592
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
мен факторлардың ешқайсысына қарамастан, қолдан
келгеннің бәрін істеймін. Оған еш күмәндарыңыз бол-
масын.
Сіздерді және барлық отандастарымды айрықша
жауапкершілікті сезінуге шақырамын, өйткені біздің
үлесімізге ұлы өзгерістер дәуірінде өмір сүріп, әрекет
ету тиіп отыр. Біз не істесек те, соның бәрінде тағдыр-
шешті мән-мағына ғана емес, сонымен бірге, тарихтың
таңбасы бар. Болашақ ұрпақ бізді бүгінгі ісімізге қарап
бағалайтын болады. Сондықтан Қазақстанның ХХІ ға сыр
табалдырығын қалай аттайтыны, өз балаларымыздың
тағдыры қалай қалыптасатыны біздің өзімізге байла-
нысты.
593
Достарыңызбен бөлісу: |