Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет26/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38

Құрметті депутаттар! 

Соңғы жылдар біз үшін сыртқы саясат саласында 

қыруар  жұмыс  атқарған  уақыт  болды.  Ең  алдымен 

Қазақстанның  бұдан  3  жыл  бұрынғыдай  мемлекет 

емес  екенін  атап  өтейін.  Біз  әлемдік  қоғамдастыққа 

тең құқықты және тәуелсіз әріптес ретінде танылдық. 

Менің Президент ретінде елдің егемендігін қалыптас- 

тыру,  оның  қауіпсіздігін,  өңірлік  және  халықаралық 

ұйымдардағы беделін нығайту үшін біраз күш жұм-

сауыма  тура  келді.  Қазақстанның  сыртқы  дүниемен 

өзара қарым-қатынасының шарттық-құқықтық базасы 

дамыды, жетекші ядролық державалар – АҚШ, ҚХР 

және Ресей тарапынан қауіпсіздік кепілдігі қамтамасыз 

етілді.


521

Қазақстанның Стратегиялық шабуылдаушы қару-жа-

рақты шектеу мен қысқарту туралы шартқа, орта және 

таяу  қашықтықтағы  зымырандарды  жою  туралы 

шартқа, Еуропадағы жай қарулы күштер туралы шартқа 

қатысуы, сондай-ақ республика Жоғарғы Кеңесінің 1993 

жылғы желтоқсанда Ядролық қаруды таратпау туралы 

шартты бекітуі – осының бәрі әлемде оң әсер туғызып

республиканың әлемдік қоғамдастыққа кірігуінің жаңа 

мүмкіндіктерін ашты.

Оның үстіне біз бастаған жұмысты жалғастыра оты-

рып, сыртқы саясат бағытын тереңдете түсуіміз керек. 

Тек проблеманы әлемдік саясатта өзімізді қандайлық 

дәрежеде көріп отырғанымыздай түсіну бүгін аздық 

етеді. Халықаралық серіктестердің бізді қалай көріп 

отырғанын білу және ескеру қажет. Одан да дәлірек 

айтсақ:  жаңа  әлемдік  шаруашылық  құрылымында 

қандай орынға ие бола алатынымызды білуіміз керек.

Қандай  қиын  болса  да,  тап  биылғы  жылы  біз  сіз-

дермен бірге өзіміздің сыртқы саяси стратегиямызды 

ақырына дейін құрып, әлемдік геосаяси кеңістіктегі өз 

орнымызды айқындауға тиіспіз. Бүгін таңда Америкада, 

Еуропа  мен  Оңтүстік-Шығыс  және  Орталық  Азияда 

жаңа жаһандық экономикалық аймақтар қалыптасып 

келеді. Өзінің аумағы, шикізат ресурстары мен басқа 

факторлары жөнінен Қазақстан, күллі Орталық Азия 

сияқты, біздің өзіміз үшін де қызықты елеулі геосаяси 

және геоэкономикалық проблемаларды шешуге сөзсіз 

тартылатын болады.

Ұрпақтарымызға  мемлекетімізді  қандай  күйде 

қалдыратынымыз сіз бен біздің осы күрделі жағдайда 

қандай  қадамдар  жасай  алатынымызға  байланысты. 

Мәселенің нақ осы қыры АҚШ-қа, Германияға, Фран-


522

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


цияға, Ұлыбританияға, Жапонияға және Ресейге мем-

лекеттік сапарлар кезіндегі, сондай-ақ Қытай үкімет 

делегациясының бізге ресми сапары барысындағы келіс-

сөздер сериясының ең басты өзегіне айналды. Біздің 

ҚХР мен Қазақстан арасындағы шекараны заң түрінде  

ресімдеу  туралы  шартқа  қол  жеткізуіміздің  тарихи 

мәні бар.

Біздің сыртқы саясатымыздың маңызды қырларының 

бірі бүгінде Азияда күш алып келе жатқан терең эко-

номикалық үдерістерді қамтиды, ал олар құрлықтағы 

саяси өмірдің жоғары қабатына, менің ойымша, осы 

ғасырдың аяғында ғана қылаң береді. Мен Азия құр-

лығында өріс алып келе жатқан экономикалық кірігу 

үдерістерін айтып тұрмын. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір 

біздің Азияда да бүкіл құрлық шеңберіндегі үйлестіру 

және  кіріктіру  жөніндегі  жұмыстар  туралы,  бәлкім, 

тіпті Азия ортақ рыногын құру туралы мәселе қойы-

лады. Біздің тарапымыздан Азиядағы өзара іс-қимыл 

және сенім шаралары кеңесі ұйымдастыру тұрғысын-

дағы жұмыс табандылықпен жалғастырылуы керек.

Сондай-ақ біздің сыртқы саясатымыздың маңызды 

қырларының бірі кеңестік кезеңнен кейінгі елдермен 

қатынас болса керек, өйткені Қазақстандағы ішкі жағдай 

едәуір  дәрежеде  геосаяси  факторларға  байланысты, 

ал  олардың  неғұрлым  маңыздысы  –  республиканың 

ТМД-дағы айрықша жағдайы, сондай-ақ біздің Ресей-

мен, Орталық Азиядағы туыстас мемлекеттермен өзара 

қарым-қатынасымыз.  Қазақстанның,  Өзбекстанның 

және Қырғызстанның арасындағы біртұтас экономи-

калық кеңістік туралы келісімді айрықша атап өткім 

келеді, ол өзінің оң нәтижелерін беріп те жатыр.


523

Биылғы жылдың наурыз айында Мәскеуде болған 

Қазақстан-Ресей  келіссөздерін  біздің  мемлекет-

теріміздің қарым-қатынасындағы маңызды жаңа кезең 

деп есептеуге болады. Ресей демократия мен нарықтық 

реформалар жолын таңдап алды, бұрынғы Одақтың 

империялық дәмегөйлігінен үзілді-кесілді бас тартты. 

Әрі бұл ризалық сезіміне бөлейді. Ресеймен іс жүзіндегі 

стратегиялық  ізгілікті  қатынаста  болу  халқымыздың 

мүддесіне сай келеді.

Қазір  Достастықты  барынша  пәрменді,  жұмыс 

істейтін бірлестікке айналдыру қажеттігі айқын көрініп 

отыр. Оның үстіне, ТМД елдерінің саяси дегдарлары 

мен халықтарының ынтасы арасында алшақтық бар. 

Достастықтағы халықтың басым бөлігі интеграцияға іш 

тартады, ал кейбір саяси топтар тек мемлекеттік оқшау-

лануды нығайтуға бағдар ұстауда. Қысқасы, қалыпта-

сып отырған жағдай интеграцияның ескі, ешнәрсеге 

міндеттемейтін түрлерінен Достастықты дамытудағы 

сапалық  жаңа  кезеңге  көшу  қажеттігін  талап  етуде. 

Менің Еуразиялық Одақты құру жөніндегі бастамам 

осыған  бағытталған.  Оны  қалыптастырудың  жобасы 

таяуда  баспасөзде  жарияланды  және  барлық  ТМД 

мемлекеттерінің басшыларына жолданды. Оның негізгі 

ережелерін мен біздің парламенттің Үйлестіру кеңесіне 

одан бұрын баяндап берген болатынмын.

Басқа мемлекеттер сияқты, Қазақстан да осы идея-

ларды жүзеге асыруға мүдделі екендігін ешкім теріске 

шығара алмайды. Экономикалық қырынан келгенде, 

шаруашылық байланыстарының жаппай бүлінуі зар-

даптарын  еңсеруге  болады.  ТМД-ның  оңтүстік  шеп-

теріндегі тұрақсыздық аясында ЕАО-ны құру Одаққа 

мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз 


524

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


етудің кепілі бола алар еді. Бұл – солардың әрбірінің 

ішкі саяси тұрақтылығының қажетті шарттарының бірі. 

Соғыс  қимылдарын,  экономикалық  тосқауылдарды 

және белгілі бір мемлекет тарапынан басқа да жазалау 

әрекеттерін тоқтату ЕАО-ға кірудің міндетті шартта-

рының бірі ретінде ұсынылуы кездейсоқ емес. Мем-

лекеттердің қорғаныс кеңістігі шеңберіндегі бірлескен 

күш-жігері мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі 

ықтимал жанжалдардың алдын алу мен оларды жою-

дың пәрменді тетігін жасауға мүмкіндік берген болар 

еді. Осы мақсатпен ұлттық Қарулы Күштерді сақтай 

отырып, мемлекетаралық бітімгершілік күштерін құру 

ұсынылады.

Интеграцияның жаңа деңгейі қас-қағым сәтте жаңа 

мемлекеттердің шекараларымен бөлініп қалған көпте-

ген адамдардың күн сайынғы проблемаларын шешуге 

мүмкіндік береді. Бір кездегі ортақ кеңістікте дағдылы 

адами байланыстарды қалпына келтіру, адамдардың 

өмірін жарасымды ету – осының бәрі, сайып келгенде, 

терең ізгілікті мақсатқа ие. Менің бастамамның басты 

мәні де осында.

Енгізілетін ықтимал түзетулерін ескере отырып, ЕАО 

идеясын жүзеге асыру барысында біздің халықтарымыз 

табиғи түрде жалпыәлемдік интеграциялық үдерістер 

арнасына түсер еді. Мұның өзі елдер мен халықтарды 

біріктірудің өркениетті жолы болар еді.

ЕАО-ны желеу етіп, Кеңес Одағын қалпына келтіру 

әрекеті жасалып жүр-міс дейтін алыпқашпа дақпырт 

мүлдем негізсіз. КСРО екі жақты жонға – жоспарлы эко-

номика мен тоталитарлық жүйеге негізделіп жасалған 

еді ғой. Қазір оның екеуі де талқандалды, ал нарық пен 

демократия  негізінде  алпауыт-мемлекет,  империя- 



525

мемлекет қайтадан бой көтеруі мүмкін емес. Демек, 

әлгіндей үрей мен күдіктің бәрі бос нәрсе.

ТМД-да болып жатқан жайларды ескере отырып, 

парламентарийлер мемлекетаралық қатынастар про-

блемаларынан  шет  қалмауға  тиіс.  Біздің  парламент 

бұл  міндеттің  өз  қызметіндегі  өзекті  бағыт  болуын 

ойластыруы қажет.

Тағы да бір маңызды тақырыпқа тоқталғым келеді. 

Әңгіме  Отанның  қиын,  бетбұрысты  кезеңінде  оның  

тағдыры үшін билік орындарының және, қандай қызмет 

атқарсақ та, біздің әрқайсымыздың асқан жауапкершілі-

гіміз жайында болып отыр. Біз ең алдымен өзіміздегі 

өкімет билігі, Конституцияға сәйкес, біреу екенін және, 

атап көрсетемін, оның заң шығарушы, атқарушы және 

сот билігі тармақтары бар екенін айқын түсінуге тиіспіз. 

Бұл: «Құдайға жарасқан патшаға жараспайды» немесе 

қазақтар айтатындай: «Бәйгеге қосарыңа жүк артпа, 

жүк артарыңды бәйгеге қоспа», дегенді білдірмейді. 

Әйтсе де осы ежелгі нақылда және халық даналығында 

өзіндік терең мән бар. Оны кей-кейде еске алып отыру 

артықтық етпейді.

Өкінішке  қарай,  кең  тарап  кеткен  таптаурын  бо -

йынша  біз  әлі  күнге  дейін  өкімет  билігін  бірінші, 

екінші, үшінші, төртінші деп бөлумен келеміз. Осыдан 

келіп  бұлдыр  жауапкершілік,  өзара  өкпе-наз  туып, 

кінәлілерді іздестіріп жатамыз, бұл ешқашан да жақ-

сылыққа жеткізген емес. Сондықтан осындай «нөмірлі» 

қисынмен жүре беретін болсақ, онда қиыншылықтан 

арыла  алмаймыз,  оны  барған  сайын  күрделендіріп, 

халықты жаңа жоқшылықтарға душар етеміз. Тек бір 

мақсатқа  қатаң  бағдар  ұстай  отырып,  барлық  билік 

құрылымдарының  іс-әрекеттеріндегі  үйлесімділікті 


526

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қамтамасыз  еткенде  ғана  біз  алдымызға  қойылған  

міндеттерді  орындап  шыға  алатынымызға  кәміл 

сенімдімін.

Президенттен бастайын. Бүкіл халық сайлаған мем-

лекет басшысы ретінде мен елде болып жатқан нәрсе-

лердің бәріне жауап беремін. Конституцияны сақтау 

кепілі  бола  отырып,  азаматтардың  онда  көзделген 

құқықтары мен бостандықтарының кепілі бола оты-

рып, мен бар күшімді биліктің барлық тармақтарының 

айқын өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін жұмсап 

келемін және жұмсай беретін боламын. 

Істі  биліктің  барлық  тармақтары  өздеріне  тапсы-

рылған  міндет  үшін  халық  алдында  толық  жауап 

беретіндей етіп қою ниетіндемін.

Менің елдің экономикалық өміріне қатысуым сапа-

лық  тұрғыдан  жаңа  пішіндерде  көрінетін  болады. 

Ең  алдымен  Президенттің  заң  шығару  бастамалары 

арқылы. Бұл жылға ондай бастамалар айқындалды. Заң 

жобаларының топтамалары белгіленген кесте бойынша 

әзірленіп жатыр. 

Біздің  Жоғарғы  Кеңес  президенттік  республика 

жағдайына сәйкес тұрақты жұмыс істейтін кәсіби пар-

ламент тұжырымдамасын іс жүзіне асыруы қажет деп 

есептеймін. Менің кәміл сенімім бойынша, Қазақстанда 

жүргізіліп жатқан заң шығару саясатының мүдделеріне 

парламенттің екі палаталы құрылымы сай келеді деген 

ойдамын. Бұл ведомстволық немесе өңірлік топқа, ал 

кей жағдайда белгілі бір жоғары лауазымды шенеу- 

ніктің мүддесіне арнап жазылған дүмбілез заңдарды 

қабылдаудың зиянды тәжірибесінен арылуға мүмкіндік 

береді. Әрине, мұнымен қатар, заң шығару қызметінде 

популизм көріністері де тыйылады. Бұл жағдайда мем-



527

лекеттік те, өңірлік те мүдделер жарасымды үйлесім 

табатын жағдай туады деп айтуға толық негіз бар.

Екі палаталы парламент құрылымы кезінде белгілі 

бір дәрежеде бүкіл заң шығару үдерісінің қиындайтыны 

да сөзсіз. Алайда мұны жағымды фактор деп бағалаған 

жөн, өйткені заңдарды қабылдаудың алдында міндетті 

түрде қоғамның жағдайы мен дамуы, басқа елдердің заң 

шығару тәжірибесі терең де риясыз түрде талданады.

Бұл контексте кейбір мемлекеттік органдардың мәр-

тебесі мен өкілеттігін, оларды қалыптастыру реті мен 

бағыныштылық тәсімін жөнге келтіру мәселелері келіп 

шығады. Белгілі бір дәрежеде  Президенттің  әртүрлі 

мемлекеттік  билік  тармақтарының  өзара  ықпалдас- 

тығына жауапты әрі соған байланысты төрелік қызмет 

жүктелген мемлекет басшысы ретіндегі конституци-

ялық өкілеттігін нақтылау қажет болады. Сондықтан 

Президент импичменті мен оның парламентті тарату 

құқығы туралы мәселеге де қайта оралу дұрыс болар еді.

Бұдан соң қолданыстағы заңдар елеулі түзетулерді 

қажет етеді. Әңгіме олардағы кереғарлықтар мен айқын 

анахронизмді жою туралы. Тәжірибе біздің заңдарымыз- 

да экономикалық ортаға сөз жүзінде де, іс жүзінде де 

сәйкеспейтін ережелер мен нормалар шектен тыс көп 

екенін анықтап беріп отыр. Бұл туралы көп айтылып 

жүр, соның ішінде парламентте де айтылуда. Пробле-

маны  практикалық  жұмыс  арнасына  аударатын  кез 

жетті. Мемлекеттің құқықтық іс-әрекетінің тиімділі-

гін ғана емес, сонымен бірге, заң шығарушы биліктің 

беделін  де  төмендететін  заңдағы  күллі  шимай-шат-

пақтан арылу қажет.

Және, ақырында, барлық заң шығару топтамасын 

реформалауға  кешенділік  пен  өзара  келісімділік 


528

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


сипатын беру керек. Айталық, білім беру немесе ден-

саулық сақтау, кәсіпкерлік немесе халықты әлеуметтік 

қорғау туралы заңдарға кіргізілетін нормалар салық 

немесе банк заңнамасына сәйкес болуы керек. Мәселен, 

ауылды, селоны және тұтастай АӨК-ті қолдау туралы 

заңға орындалуы мүмкін емес нәрселердің үйіп-төгіп 

енгізілгені сонша, ол тіпті түкке де аспай қалды. Біздің 

заңдарымызды,  тегінде,  түсіну  мүмкін  емес.  Кейде 

біреуі  екіншісіне  үйлеспейтіні  былай  тұрсын,  тіпті 

қайшы  келіп  жатады.  Ал  заңдардың  тұрақтылығы 

туралы мүлдем ауыз ашпаған жөн. 

Осыған байланысты парламенттің заң шығару қыз-

метінде реформаны жүргізу мен тереңдету жөніндегі 

мемлекеттік ортақ стратегиядан туындайтын нысаналы 

бағдар болуы тиіс деп есептеймін. Күллі заң шығару 

үдерісінің өте-мөте айқын, тиімді технологиясын да- 

йындау қажет, тіпті керек десеңіз – міндетті түрде сақта-

луға тиісті қатаң регламент орнатылуы тиіс.

Заң  актілерінің  барлық  жобаларын  Жоғарғы 

Кеңестің қарауына Министрлер Кабинеті дайындап, 

енгізетін тәртіп болуы керек. Бұл орайда заң шығару 

бастамашылдығының құқығы барлардан ол алынбайды. 

Жоғарғы Кеңестің комитеттері сараптама жасап, сонан 

соң бұл актілерді сессияның қарауына береді.

Мұндай қағидат бұрын да болған дерсіздер. Иә, бірақ 

онда ең бастысы жоқ еді. Ал оның мәні мынада: заң 

жобасына оны жүзеге асырудың дәл сол сияқты жан-

жақты әрі мұқият әзірленген барлық тұтқалары – заңға 

тәуелді актілер мен басқа да нормативтік құжаттардың 

жобалары, ұйымдық құрылымдар бойынша ұсыныстар, 

сол заңды қорғайтын құқықтық, экономикалық және 

қазыналық шаралар мен тағы басқалар тіркелуі тиіс.



529

Әрине, бұл үкіметке көп салмақ жүктейді және осы 

жұмысқа сан түрлі саладағы мамандардың әлдеқайда 

қалың тобын тартуды қажет етеді. Бірақ бұл іс үшін 

қажет. Өйткені белгілі бір заңды қабылдап, енгізгеннен 

кейін оны орындайтын күллі мемлекеттік машина бір 

дегеннен кешенді түрде іске қосылады. Заңдар өз қыз-

меті мен рөлін тоқтаусыз атқара бастайды.

Сот билігі бойынша. Үстіміздегі жылдың өзінде-ақ 

біз оның тұтастай және түбегейлі реформасын жүр-

гізуіміз қажет. Соттарды жалпы және арбитраждық 

деп бөлуден бас тартып, судьялардың ауыстырылмау 

қағидатын заңды түрде бекіту және, сонымен бірге, әділ 

қазылық жасауға қабілетсіз болған жағдайда оларды 

қызметінен босату нормаларын енгізу қажет. Сонымен 

қатар, судьяның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын 

әрекеттері  үшін  де.  Бұл  үшін,  сондай-ақ  соттарды 

ұйымдық  жағынан  нығайту  үшін  біз  Президенттің 

жанынан Жоғары Сот Кеңесін құруға баруымыз керек. 

Атап айтқанда, судьялыққа кәделеу рәсімі соның ұсы-

нысымен өтетін болады.

Атқарушы  билік  хақында  әңгіме  ерекше.  Үкімет 

алдында тұрған міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталудың 

қажеті жоқ деп ойлаймын. Жолдауда көзделген бағыт-

тар мен шаралардың басым көпшілігін соның жүзеге 

асыруына  тура  келеді.  Барлық  жұмыстардың  негізгі 

салмағы соған түседі. Бұл күнбе-күнгі ауыр жұмыс және 

көп жағдайда алғысы жоқ жұмыс. Қалай болғанда да 

бұл оның жүгі, сондықтан оны көтеруі тиіс.

Ал  үкіметті  сынауға  келгенде,  оған  барып  тұрған 

кержалқаудан басқаның бәрі қатысады. Әрі сол сын-

ның алуан бояулы болуына қарамастан, ол атқарушы 

биліктің жүргізіп отырған бағыты қате деген бір ғана 


530

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тиянаққа  негізделеді.  Дұрыс  бағыт  таңдау  жөніндегі 

ұсыныстардың  жағдайы  одан  да  асып  түседі.  Оның 

үстіне, ұсыныстардың өздері де ой тереңдігімен, сын-

дарлы  идеялардың  көптігімен  ерекшелене  қойған 

жоқ.  Әрі  олардың  мәні  көп  ретте  өзіндік  бір  орын 

ауыстырудан аумайды: ырықтандырылған баға жаман 

екен – реттелетін баға болсын; теңгенің бағамы төмен-

деп кеткен екен – оның құбылмалы бағамын тұрақты 

бағамға ауыстыру қажет. Тағысын тағылар.

Сондықтан үкімет менің тапсырмам бойынша дағда-

рысқа қарсы шаралардың жаңғыртылған бағдарлама-

сын әзірледі, ол сіздерге баяндалады. Мен оны ең жуық 

арада бекітуім керек.

Үкімет өзінің бүкіл қызметін түбегейлі түрде қайта 

құрғалы отыр. Оған соны сеніп тапсыру керек, оның 

жұмысына  қатаң  да  жүйелі  бақылау  қойып,  қажет 

болса, іс барысында түзетіп, тиісті көмек көрсетіп отыру 

керек.


Министрлер  Кабинеті  осы  аталған  бағдарламаны 

талдап жасау кезеңінде қалыптасқан пікірлестер коман-

дасы болуға тиіс. Әрі бұл команда толығымен және, 

бірінші кезекте, оның экономикалық ұйытқысы өз иде-

яларының енгізілуіне жауапты болады. Ол өз бағдарла-

масын іске асыруға Президенттен, парламенттен және 

халықтан, айталық, 15 айға «карт-бланш» алуы керек.

Ал  осы  уақыттың  ішінде  менің  де,  парламенттің 

де, Министрлер Кабинеті мүшелерінің де өз міндет-

темелерімізді орындауға байланысты жауапкершілік 

тетіктері мен шараларын әзірлеуге уақытымыз болар 

деп ойлаймын.



531

Қайталап  айтайын:  бізге  оқиғалардың  ойда  жоқ 

бағытта  дамуын  күтуге  болмайды,  реформаларды 

жақтайтындардың одағын құруға дереу кірісуіміз керек, 

ал одан мен биліктің барлық тармақтары мен сындарлы 

жұмыс істейтін қоғамдық-саяси күштерді көремін. Осы-

лай, тек осылай еткенде ғана біз Қазақстанды XXI ғасыр-

дағы өркениетті мемлекетке, әлемдік қоғамдастықтағы 

тең құқықты және лайықты серіктеске айналдырудың 

ұзақ мерзімді нысаналы бағдарламасын жүзеге асыру-

дың тиянақты негізін құра аламыз.

Сөзімнің қорытындысында мен сіздерге Президент 

Джон Кеннедидің бір кезде американ халқына арнап 

айтқан: «Еліңіз сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз, 

одан да өзіңізден еліңіз үшін не істей алатыныңызды 

сұраңыз», – деген сөзімен қайрылғым келеді.



532

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі  

он үшінші шақырылымының I сессиясында  

ел астанасын көшірудің орындылығы туралы 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 6 шілде

Құрметті депутаттар!

Сіздердің  қарауларыңызға  республиканың  өмірі, 

әсіресе, алдағы болашағы үшін аса маңызды мәселені 

–  еліміздің  астанасын  көшіру  туралы  мәселені  қой-

ғалы тұрмын. Оның көңілдерге қонақтап, жұртшылық 

арасында әр тараптан мүдделілікпен сөз болып жүр-

геніне бірталай уақыт болды. Және, тұтастай алғанда, 

қолдау  тауып  жүргенін  айту  керек.  Сондай-ақ  мен 

сіздердің алдарыңызда сөйлеген күні – 9 маусымда да 

сол  жа  йында  сөз  болғанын  естеріңізге  сала  кетейін. 

Әрі депутаттар корпусының мақұлдап қабылдағанына 


533

қарай сіздер мен біз осы мәселе бойынша дауыс бере 

жаздағанымыз да бар.

Дегенмен, байыптап қарасақ, ең бастысы – Қазақстан 

астанасын көшіруге негізгі себептер бар. Ең алдымен, 

біздің мемлекетіміздің тарихында, оның ғылымының, 

мәдениеті  мен  экономикасының  қалыптасуы  мен 

дамуында Алматының айрықша әрі даусыз орны бар 

екенін атап айтқым келеді. Бұл қала – аса ірі әлеуметтік 

және қоғамдық-саяси орталық, біздің қала салу мек-

тебіндегі талантымыздың іске асуы.

Алайда  Қазақстанның  егемендік  алуымен  байла- 

нысты  тәуелсіз  мемлекеттің  астанасы  лайық  болуға 

тиісті өлшемдердің жаңа қырлары пайда болды.

Бір жағынан, мемлекетаралық қатынастардың, елдің 

ішіндегі  және  одан  тысқары  жерлердегі  өндірістік-

қаржылық, коммерциялық және басқа да байланыстар-

дың қарқындауы, басқару міндеттерінің күрделеніп, 

кеңейе түсуі, келушілер мен кетушілер легінің үдеуі 

астана функцияларының әралуандығы мен ауқымын 

күрт өсіріп, мемлекет өмірін қамтамасыз етудің орта-

лық жүйелеріне түсетін салмақты анағұрлым артты-

рады.

Екінші  жағынан,  қазір  астананың  мәртебесі  елдің 



геосаяси жағдайы мен дүниедегі ахуалға сәйкес жоғары 

параметрлерге сай болып, ұдайы дамып, мемлекеттің 

басты рәміздерінің бірі ретінде оның әл-ауқатының өсуі 

мен тұрақтылығын паш етіп отыруды талап етеді.

Ең оңтайлысы – астана мүмкіндігінше мемлекеттің 

ортасында,  оның  шекараларынан  қашықтау  орна-

ласқаны жөн. Ол елдің барлық негізгі өңірлерінен бір-

дей қашықтықта болуы керек.



534

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ал  Алматының  географиялық  орталықтан  тым 

қашық жатуы, Қазақстанның кең-байтақ аумағындағы 

аса  тығырықты  жағдайы  айтарлықтай  проблемалар 

туғызуда. Бұрын басқару саласындағы негізгі мәселелер 

жалпыодақтық астана – Мәскеуде шешіліп келгендік-

тен, мұның соншалықты мәні бола қоймаса, қазір бұл 

проблеманың салмағы арта түсіп отыр.

Содан соң. Халқының саны 1,5 млн адамдық көрсет-

кішке жақындап қалған қаланың аумақтық тепе-теңдік 

пен кеңістікте орналасу жағынан өрісті болашағы бола 

қоюы қиын. Батысы мен шығысында оның шекаралары 

серіктес қалаларына жақындап барады, ал оңтүстігіне 

қарай  даму  мүмкіндігі  таулы  аймақпен  шектелген. 

Жалғыз жолы – біртіндеп солтүстікке қарай жылжу 

немесе  бүтіндей  жаңа  жерге,  Қапшағайдан  әріге  

ауысу.  Бірақ  бұл  жағдайда  барлық  коммуникация- 

ларды  солай  қарай  ауыстырып,  орасан  зор  көлемде 

тұрғын үй құрылысы мен абаттандыру жұмыстарын 

жүргізуге, жаңа ірі ЖЭО құрылысын және т. б. бастауға 

тура келеді. Ал мұның бәрі қыруар қаржыны қажет 

етеді.

Қалада  ғимараттар  тығыздығы  тым  жоғары  және 



бос  алаңдар  жоқтың  қасы.  Мұны  сіздердің  тұрақты 

жұмыс істейтін парламенттеріңіздің, жаңа құрылып 

жатқан мемлекеттік құрылымдардың немесе шетелдік 

дипломатиялық және басқа да өкілдіктердің орналасу 

мысалынан-ақ айқын көруге болады. Көптеген елдер өз 

елшіліктерінің әлдеқайда кең, ыңғайлы және қауіпсіз 

болатын  жаңа  ғимараттарын  салуға  жер  телімдерін 

бөлу жөнінде әлденеше рет өтініш жасап та үлгерді. 

Бірақ  мұнда  біз  оған  лайықты  мүмкіндікке  зәруміз. 

Қаланы кеңейтетін жер жоқ. 



535

Оның  үстіне,  Алматыда  жаңа  құрылыс  жүргізу, 

Қазақстанның өзге қалаларына қарағанда, өте қымбатқа 

түседі. Орта есеппен 1 шаршы метр тұрғын үй басқа 

кез келген жердегіден 2,5–3 есе қымбат. Оның себебі 

бос  аумақтардың  жоқтығына  және  қыруар  үйлерді 

бұзуға тура келетініне, үйлер мен ғимараттардың жер 

сілкінісіне төзімділігіне қойылатын талаптардың жоға-

рылығы мен қатаңдығына байланысты.

Экологиялық жағдай жылма-жыл қиындап барады. 

Тау аңғарында тұрған қаланың ауа бассейніндегі табиғи 

желдетілуі өте нашар, бұл атмосферасының ластануы 

жағынан,  әсіресе,  қыс  кезінде,  Алматыны  Қазақстан 

қалаларының бірінші орнына шығарады. Қала эколо-

гиясын сауықтыру ресми және басқа да мекемелердің 

тым көптігінен қиындай түседі, ал ондай мекемелер 

саны  болашақта  үнемі  өсе  беруі  тиіс.  Бүгінге  дейін 

елшіліктерден басқа ондаған шетелдік өкілдіктер де 

кеңселерінің құрылысына тапсырыс беріп қойды.

Осы проблеманы шешуге жүздеген миллиард қаржы 

салғанда ғана экологиялық жағдайды жөнге келтіруге 

болады. Ал егемен мемлекет ретінде біз бұрын қажеті 

болмаған  жаңа  әкімшілік  үйлерін  салуға  мәжбүр 

боламыз. Олардың қатарында Парламентке, Сыртқы 

істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық 

қауіпсіздік комитетіне, банктерге және басқа ведомство-

ларға арналған ғимараттар бар.

Көлік проблемасы асқынып келеді. Қала көшелерінің 

және,  айтпақшы,  қала  ауасының  да  алуан  түрлі  150 

мыңдай көлік армадасына шыдас берерліктей шамасы 

қалмай  барады.  Астаналық  әуежай  іс  жүзінде  қала 

шетінде, әуе қатынасын жиі үзе беретін қалың тұман 

аймағында тұр. Бүгін біздің алдымызда қала шегінен 


536

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тысқарыда халықаралық маңыздағы ірі әуежай салудың 

қажеттігі өткір тұр.

Мәселенің мынадай да мәнді астары бар: 1993 жылғы 

1 қаңтарда оңтүстік облыстардағы 1 шаршы километр 

жерде  121  адам  мекендесе,  солтүстік  облыстарда  ол 

28  адамға  кем  болды.  Оңтүстік  өңірлердегі  тұрғын-

дар тығыздығының жоғары болуы, олардың еңбектегі 

басы  артықтығы  Алматы  мен  оның  айналасындағы 

жұмыспен  қамту  проблемасын  күрделендіре  түседі, 

ал жаңадан жұмыс орнын құру үшін бос кеңістік жоқ, 

әрі бұл көбінесе материалдық жағынан ақталмайды. 

Экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан алғанда көші-

қон легін Қазақстанның өзге өңірлеріне қарай қайта 

бағыттау әлдеқайда пайдалырақ. Жаңа астана болашағы 

үлкен ірі өнеркәсіп орталықтарына жақынырақ орна-

ласқаны және жоғарыда айтылған, өкінішке қарай, кең 

өрісті шектеулерден ада болғаны жөн.

Менің бояуды баттастыра берсем деген ниетім жоқ. 

Өкінішке қарай, мұндай проблемалар біздің көптеген 

қалаларымызда бар. Әйтсе де астанаға қойылар талап 

ерекше. Сондықтан менің тапсырмам бойынша мемле-

кеттің жаңа астанасының ең оңтайлы орналасар жерін 

анықтау  мақсатымен  республиканың  күллі  аумағы 

егжей-тегжейлі тексеруден өткізілді. Ұсынылып отыр- 

ған шешім аяқ астынан асығыс түрде жасалған екен 

дейтін қауіп болмауы үшін бұл жайды әдейі баса айтып 

тұрмын.

Әлеуметтік-экономикалық, климат, жер бедері, сей-



сможағдайлар, қоршаған орта, инженерлік және көлік-

тік инфрақұрылым, құрылыс кешені, еңбек ресурстары 

және  басқа  да  көрсеткіштер  ескеріліп,  32  параметр 

бойынша жүргізілген сараптама барлық нұсқалардың 



537

ішінде ең дұрысы Ақмола екенін көрсетті. Жағдайды 

жергілікті жерде айқындау үшін ол жаққа вице-прези-

дент Е. М. Асанбаев бастаған комиссия аттанды. Оның 

жұмысына мамандардың және өзекті министрліктер 

мен  ведомстволар  өкілдерінің  үлкен  тобы  қатысты. 

Комиссия осы таңдаудың негізділігін растап берді.

Қаланың  жағдайы,  оның  аумағы  кез  келген  сәу-

летшілік  амалды  іске  асыруға:  астаналық  әкімшілік 

ғимараттарын  бұрынғы  қалаға  кіріктіруге  де  немесе 

астананың әкімшілік бөлігін өз алдына жеке, мүлдем бос 

аумақтарға салуға да, иә болмаса, сол екеуін үйлестіре 

пайдалануға да мүмкіндік береді.

Ақмоланың жаңа астанаға ықтимал орын ретіндегі 

артықшылықтары деп және мыналарды айтуға болады.

Біріншіден, ол Қазақстанның географиялық орта-

лығы деуге болатын жерге және Қазақстан экономика-

сының жетекші әрі қарқынды нүктелері болатындай ірі 

шаруашылық өңірлерге жақын орналасқан.

Екіншіден, Ақмола ірі көлік тораптарының қиылы-

сында тұр, біз үшін көптеген шетелдерге шығатын ең 

қарапайым жол ретіндегі Ресей көлік тораптарынан 

қашық емес.

Үшіншіден, қалада қазір 300 мың адам тұрады және 

қазіргі бас жоспарға сәйкес халық санын 400 мыңға дейін 

арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Жетекші сәулет-

шілердің бағалауынша, Ақмола жақсы ойластырылып, 

жинақы етіп салынған, негізгі жоспарлау аудандары 

сәтті қалыптастырылған. Тіпті сонау кезде, бұдан 30 жыл 

бұрын республикамыздың астанасын осы қалаға ауыс- 

тыру туралы ой ұшқындары болғанын еске алайықшы. 

Қаланың орталық бөлігінде 30 гектардай бос аумақ бар, 

соларға күні бүгін-ақ қажетті объектілерді жоспарлап 


538

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


әрі қазіргі бар инженерлік коммуникацияларға жалғас- 

тырып, құрылысын бастап жіберсе де болады. Жалпы 

алғанда, тұтастай қала аумағында да, жалғас жатқан 

аудандарда да бос жерлер көп және олар кез келген 

сәулетшілік ойды жүзеге асыруға: ірі объектілер салуға, 

әдемі әрі жинақы қала маңын қалыптастыруға, шағын 

қабатты құрылысты кеңінен жүргізуге жарап жатыр.

Төртіншіден,  қала  тіршілігін  қамтамасыз  етудің 

негізгі жүйелерінің жай-күйі көп алаңдаушылық туғыз-

байды. Ол тіпті халқының саны көздеген межеге жеткен-

нің өзінде ауыз су мен техникалық судан тапшылық көр-

мейді. Тіпті ұзындығы шамалы ғана «Ертіс – Қарағанды 

–  Есіл»  каналын  тарту  сумен  қамтамасыз  етудің  кез 

келген проблемасын түбегейлі шешеді. Жылумен және 

газбен жабдықтау жақсы жолға қойылған. Оның үстіне 

қазіргі бар ЖЭО-ларды дамыту мен қайта құру және 

жылумен жабдықтаудың жаңа көзін салу жоспарланған, 

1 млрд текше метрден аса газ беруді қамтамасыз ете 

алатын  жаңа  газ  құбырын  тарту  жөніндегі  жобалау 

жұмыстары аяқталып келеді. Қуатпен жабдықтау жайы 

да  тиісті  деңгейде.  Қазіргі  бар  қуаттарды  көзделген 

көлемде кеңейту қала қуат жүйелерін үш есе сақтан-

дыру кепілдігін бере алады.

Бесіншіден, Ақмолада көлік инфрақұрылымы жақсы 

дамыған.  Теміржол  стансасының  өткізу  және  тиеу- 

түсіру мүмкіндіктерінің жүк тасымалын әлденеше есе 

өсіруді қанағаттандыра алатындай қосымша резервтері 

бар. 1800 адамға арналған жолаушылар вокзалының 

жобалық қуаты да болашақта жолаушы тасымалын арт-

тыруды қанағаттандыра алады. Қала темір жол арқылы 

республиканың  көптеген  қалаларымен  байланысып 

жатыр. Атап айтқанда, Алматыға 24 сағатта жететін 



539

жедел пойыз жүріп тұрады, онда оны 16 сағатқа дейін 

қысқарту  көзделуде.  Сондай-ақ  облыс  орталықтары 

мен жақын шетелдердің қалаларына жаңа маршруттар 

ашылмақшы. Ақмола арқылы Қазақстанның оңтүстігін 

біздің негізгі және стратегиялық серіктесіміз – Ресеймен 

жалғастыратын «Екатеринбург – Алматы» автомаги-

стралі өтеді. Қала әуежайы қолайлы орналасқан. Ол 

іс жүзінде жыл он екі ай бойына дерлік ашық. Оның 

ұшу-қону жолағын небәрі 700 метрге ұзарту кез келген 

авиалайнерді қабылдауға мүмкіндік береді. Аэровок-

залдың сыйымдылығын 2 есе арттыруға болады.

Және,  ақырында,  қалада  қалыпты  экологиялық 

жағдай бар және ол болашақта да сақталуы мүмкін. 

Өнеркәсіптік аймақ тұрғын үйлер алқабынан қашықта, 

теміржол төсемінен әрі солтүстік бетте, ал оның тастан-

дыларын жел қаладан аулақ әкетеді.

Асылында,  астананы  көшіру  үдерісі  қалай  бол-

мақшы? Ол бір сәттік емес және негізінен шамамен 2000 

жылға қарай аяқталуы тиіс. Қажетті дайындық жұмыс- 

тарын  жүргізгеннен  кейін  Ақмолаға  бірінші  кезекте 

басты-басты  мемлекеттік  органдарды:  Президентті, 

парламентті, үкімет пен жоғары сот инстанцияларын, 

сондай-ақ бірқатар аса маңызды министрліктер мен 

ведомстволарды көшіру ойластырылуда. Олар уақытша 

тәсім бойынша қазір бар әрі алаңы жеткілікті жайларға 

орналастырылады. Біртіндеп оларға және Ақмолада 

болулары тиіс делінген өзге де құрылымдарға әкімшілік 

ғимараттары салынбақшы. Сәулетшілердің алғашқы 

шамалауы бойынша, астананың әкімшілік орталығын 

қаланың оңтүстік шетіндегі 300–400 гектар алаңға жеке-

дара салған тиімді болса керек. Әлемде мұндай қадамға 

бару едәуір кең тараған. 


540

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Шет  мемлекеттердің  дипломатиялық  корпусы 

қала  шегінде  орналастырылады.  Елшіліктер  қажет 

деп тапса, оларға қызмет кеңселерін, өз мемлекеттері 

басшыларының  резиденциясын  қамтитын  елшілік 

кешендерін және қызметшілерінің тұрғын үйлері мен 

басқа құрылыстар салуына жер аумағын бөліп берудің 

толық мүмкіндігі бар.

Осы  аталған  органдарды  Ақмолаға  ауыстырумен 

бірге, жекелеген министрліктер мен ведомстволарды 

республиканың  жаңа  астанаға  шектес  қалаларына 

көшіру, яғни астана қызметін ішінара әртараптанды-

руға рұқсат ету орынды болатын сияқты. Бұл Ақмола-

дан осы құрылымдарға қажетті өндірістік-тұрмыстық 

жағдай жасалғанға дейінгі уақытша шара болмақшы. 

Басқару құрылымдарын басқарылатын объектілердің 

неғұрлым  үлкендеріне  барынша  жақындату  қажет 

болған жағдайда бұл тұрақты сипат алуы да мүмкін. 

Біздің ойымызша, Ғылым академиясын, мәдениет, білім, 

баспасөз,  ғылым  мен  жаңа  технологиялар,  халықты 

әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктері 

мен шығармашылық одақтарды Алматыда қалдырған 

орынды  болар  еді.  Айтпақшы,  астанасын  көшірген 

көптеген елдерде, мәселен, Пәкстанда бұлайша әрта-

раптандыру тәжірибесі жақсы нәтижесін берді.

Ақмолаға көшеді деп белгіленген министрліктерде 

8 мыңдай адам жұмыс істейді, солардың жартысына 

жуығы  ірге  көтереді  делініп  отыр.  Сөйтіп,  отбасы 

мүшелерін қоса есептегенде, көшуге тиісті адамдар-

дың жалпы саны 15–20 мың болады. Оларға 270 мың 

шаршы метр тұрғын үй қажет. Қаланың орталық бөлі-

гінде жалпы көлемі 50 мың шаршы метр көп қабатты 

тұрғын үйлер салуға әзірленген алаңдар бар. Егер әр 



541

облыс жаңа астанаға сыйлық ретінде бір-бірден тұрғын 

үй салып беруді қолға алса, ол осы міндетті шешуді 

жылдамдатар еді және оның символдық мәні болар еді. 

Оңтүстік-шығыс тұрғын аудандарында екі бос шағын 

аудан бар, оларға 10–12 мың адамға арнап тұрғын үйлер 

салуға болады.

Енді астананы көшіруге байланысты болатын нақты 

артықшылықтар  мен  кемшіліктер  туралы  баса-баса 

айтайын.


Бірінші  кезекте  бұл  біздің  геосаяси  аренадағы 

рөлімізді  күшейтуі  тиіс.  Қазақстанның  Еуропа  мен 

Азияның  қақ  ортасындағы  орнына  байланысты 

артықшылығын толығырақ дамытуының бірегей мүм-

кіндігі туады.

Республика  аумағында  халықтың  және  өндіргіш  

күштердің  сыңаржақ  орналасуын  бірте-бірте  еңсеру 

нақты сипатқа ие болады. Оңтүстікте халықтың тым 

тығыз орналасуы жұмысшы күшінің артықшылығын, 

тым көп жасырын жұмыссыздықты, жаңа өндірістерді 

арттыру  мүмкіндігі  шектеулі  бола  тұра  халық  өсімі 

қарқынының  шарықтауын  туғызатыны  ешкімге  де 

құпия емес.

Астананың жаңа жерге ауысуы солтүстік өңірлерде 

инновациялық  және  ғылыми  ауқымды  өндірістерді, 

прогрессивті ауыл шаруашылығы машиналарын жасау- 

ды және, әсіресе маңыздысы, ауыр өнеркәсіптің тиімсіз 

салаларын қысқарту кезінде босаған адамдарды жаңа 

жұмыс орнымен қамтамасыз ететін өңдеуші ауыл инду-

стриясының кең жүйесін қарқынды дамытуға көмекте-

сетін болады. Бұл республиканың индустриялық даму 

деңгейін  көтеріп,  еңбек  ресурстарының  тиімді  пай-

даланылуы мен жоғары жұмыстылығын қамтамасыз 


542

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


етеді. Мұнда экономикалық және әлеуметтік өмірдің, 

былайша айтқанда, мәжбүрлі жандануы болады. 

Уақыт өте келе, біз Ақмоладан тек жаңа қоғамдық-са-

яси ғана емес, сонымен бірге, мән-мағынасы жөнінен 

Қазақстанның Алматыдан кейінгі екінші ғылыми, мәдени 

және іскерлік орталығын көретін боламыз. Әрі бұл біздің 

көпұлтты халқымыздың аса маңызды табысы болады. 

Әрине,  астананы  көшіру  айтарлықтай  шығынға 

түседі. Иә, шығын болады. Бірақ қайтарымсыз шығын-

дар  тек  көші-қонға  байланысты  болмақшы.  Қалған-

дары  –  күрделі  қаржы  салымы,  солардың  есебінен 

тұрғызылғандардың бәрі мемлекеттің ұлттық байлығын 

молайтады. Бұл ретте біздің тұрғын үйлерді де, мем-

лекеттік ғимараттарды да салуымызға тура келетінін 

ескеру керек.

Шығындарды  қысқартатын  бірнеше  сәттер  есте 

болғаны жөн.

Мамандардың  бағалауы  бойынша,  Ақмолада 

1  шаршы  метр  тұрғын  үй  мен  қызмет  үйлерінің 

құрылысы Алматыдағыдан арзанға түседі.

Географиялық  қиылысқа  жақын  орналасуы  көлік 

пен  байланысқа  төленетін  шығындарды  көп  үнем-

деуге  жағдай  жасайды,  іскерлік  байланыстар  мен 

аралас-құраластықты қарқындатады. Жоғары сапалы 

мейманханалар,  елшіліктерді  жайластыру  негізінен 

шетелдік инвесторлар мен шет мемлекеттердің есебінен 

болады.

Тұрғын  үйлердің,  әсіресе,  коттедж  үлгісіндегі  аз 



қабатты үйлер құрылысының шығынын көбінесе жұрт-

шылықтың өзі көтере алады.

Астананы  көшіру  Алматыға  да  пайдалы  болмақ. 

Біріншіден, босаған алаңдарды туризм, демалыс және 



543

спорт индустриясын – мұнда тиімді жағдайы бар және 

тез  әрі  мол  пайда  беретін  салаларды  дамытуға  пәр-

менді түрде пайдалануға болады. Екіншіден, қаланың 

экологиясы жақсарады. Үшіншіден, қаланың қамтама-

сыз етуші жүйелерінен шарықтау шегіндегі аса үлкен 

жүктемелер түседі және тағысын тағылар. Бұл дамушы 

елдердің бәріне тән астанада немесе оған жақын жер-

лерде тұрғысы келетін адамдар ағынын азайту есебінен 

болмақшы.

Республика  үшін  Алматы  бұрынғысынша  мемле-

кеттегі  іскерлік,  қаржыгерлік,  ғылыми  және  мәдени 

орталық болып қала береді және қоғамдық-саяси өмірге 

елеулі түрде ықпал етіп отыратын болады. Алматы-

ның мәртебесі мен оны одан әрі дамытудың қағидат-

тарын айқындайтын арнайы заң қабылдау қажет деп 

ойлаймын. Тегінде дүние жүзінің барлық жерлерінде 

бұрынғы астаналар осындай рөл атқарады. Мәселен, 

Анкара  70  жылдан  бері  Түркияның  ресми  астанасы 

болып  келеді,  ал  бұрынғы  астанасы  Ыстамбұл  сол 

қалпы елдің ең ірі қаржы, мәдени-біліми, ақпараттық 

орталығы болып отыр.

Сөзімді аяқтай келе, осы мәселенің маңыздылығын  

тағы  да  баса  айтқым  келеді.  Бұл  мәселе  алғаш  рет 

көтеріліп отырған жоқ. Бірақ бұрын оның негізінде таза 

саяси мүдделер немесе одақтық басшылықтың импуль-

сивті ниеті ғана жатқан болса, бүгінгі біздің мақсатымыз 

байсалды экономикалық қисыннан, әуелден-ақ тәуелсіз 

мемлекеттің астанасы ретінде салынған қалаға ие болу 

талабынан туған.

Астананы көшіру – кез келген елдің өмірінде қатар-

дағы оқиға емес, бірақ оны соншалықты бір төтенше 

оқиға деуге де келмейді. Қазақстанның астанасы өзінің 


544

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


орналасқан  жерін  әлденеше  рет  ауыстырғанын  еске 

алсақ та жеткілікті. 1925 жылға дейін ол Орынборда, 

содан соң Қызылордада және тек 1929 жылдан бері ғана 

Алматыда болды. Тарихты еске түсірейікші. Саяси да, 

экономикалық та тұрғыдан алғанда, бұлар оңай жылдар 

болып па еді.

Өз  астаналарын  көптеген  мемлекеттер  көшірген. 

Айталық, Санкт-Петербург – Мәскеуді, Карачи – Исла-

мабадты, Рио-де-Жанейро – Бразилианы, Мельбурн – 

Канберраны атаса да болады. Әрі бұл – мысалдардың 

толық тізбесі емес.

Әрі  мұның  өзі  әдетте  белгілі  бір  басым  себеппен 

жасалатын  болған.  Мәселен,  Бразилияда  ол  –  елдің 

алыс түкпірлеріндегі аумақтар мен жаңа экономика-

лық аймақтарды дамыту қажеттігі болса, Жапонияда 

– үкіметтік мекемелерді әбден далиып кеткен және енді 

одан әрі өсудің болашағы жоқ мегаполистен алыстату, 

Ресей  мен  Қытайда  –  сыртқы  әскери  қатердің  қаупі 

болды. Ал бізде бүгін осындай себептердің бүтіндей 

бір кешені бар және ол егемендік жағдайында астана 

қай  жерде  және  қандай  жағдайда  орналасуы  қажет 

деген сұраққа барынша байыпты әрі жауапкершілікпен 

қарауымыз керектігін міндеттейді.

Егер бүгінгі күннің проблемаларынан жоғары бол-

сақ, егер күнделікті қам-қарекетті емес, мемлекеттің 

жаһандық мүдделерін ойласақ, онда астананы көшіру 

– пісуі жеткен әрі объективтік қажеттілік, кең өрісті мәні 

бар саяси және экономикалық қадам.

Нақ сол себепті парламенттің осы мәселені қолдап, 

ресми  түрде  бетін  айқындап,  шешім  қабылдауын 

сұраймын.


545



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет