Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет139/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Әсем Мұратқызы Мұратова 

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі 

Қазақстан, Өскемен 

 

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІПТІК 

КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ЖАҢА ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 

ДАМЫТУ 

 

Бұл  мақалада  білім  алушылардың  мектепке  дейінгі  бала  тілін  дамыту 



жұмысын  жетілдіру,  білім  берудің  жаңа  технологияларын  белсенді  дамыту 

жолдарын  қолданудың  маңызы  көрсетілген.  Осы  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  сөйлеу  тілдерін  қалыптастыруда  жаңа  оқыту  технологияларды 

тиімді пайдалану арқылы дамытудың жолдары, әдістері қарастырылған. 

 

Басты  сөздер:  коммуникативтік  құзыреттілік,  технология,  ойын, 

драматизациялық ойындар, саусақ ойындары. 

 

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең 



дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың  ұзақ 

мерзімді  басымдықтары  белгіленген.    Осы  жолдағы  басым  бағыттардың  бірі 

сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының 

сапасын  жақсартуда  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс,  педагогтан  ақпаратты 

коммуникативті  құзіреттілігін  арттыруын  талап  етеді.  Осы  тұжырым 

бағдарламаны  негізге  ала  отырып,  кәсіптік  білім  берудің  ұлттық  жүйесін 

қалыптастыруда  педагог  құзіреттілігі,  білім  алушының  кәсіби  құзіретті  маман 

қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді азаматтар тәрбиелеуді жүктейді [1]. 

ХХI  ғасыр  –  ақпараттық  қоғам  дәуірі.  Сондықтан  жас  ұрпаққа,  жас 

буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке 

тұлға  яғни  дарынды,  шығармашыл  тұлға  қалыптастыру  тәрбие  мен  білім 



398 

 

берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын 



жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі 

ең  озық  тиімді  ізденістерін,  тәжірибелерін  жалғастырып,  тың  жолдар  іздеу 

педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса  бермек.  Ол 

біздің Қазақстан Республикасының «Тіл  туралы», «Білім беру туралы» заңдары 

мен  Қазақстанда  тілдерді  дамытудың  «2010—2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында»  белгіленген  міндеттер  еліміздің  білім  беру 

жүйесінде  нақты  тілдік  коммуникацияны  меңгерген  субъектіні  қалыптастыру 

мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етеді. 

Ұстаз  еңбегі,  оның  шеберлігі  мен  тәжірибесіне,  шығармашылығына 

байланысты.  Оқытушының  педагогикалық  технологияларды  дұрыс  және 

орынды пайдалана білуі білім сапасын  көтеруге, қойылған мақсаттарға жетуге  

көмектеседі. 

Педагогикалық  технология  -  бұл  тек  қана  техникалық  құралдарды, 

компьютерді  пайдалану  емес;  бұл  оқу-тәрбие  жүйесіндегі  ынталандыру  әдісін 

әрекетті  қорытындылау  жолымен  өрбіту,  құралдар  мен  әдістерді  пайдалану 

және құрастыру жолымен білім берудің тиімділігін арттыру және қолданылған 

әдістерді бағалау болып табылады. 

Сонымен  қатар  білім  мазмұны  негізімен  қатар  дамиды,  оқу  процесін 

белсендіруге көмектеседі, оқу элементтерінің қатарын меңгертеді. 

Білімнің  сапасын  көтерудің  қазіргі  таңда  жолдары  көп.  Ең  бастысы 

білімді  де  білікті,  ұшқыр  ойлы  шығармашылық  қабілеті  мол  оқытушы  білім 

алушы мен бірлесе еңбек етуі талап етіледі [2].

 

Қазіргі  таңда  Шығыс  Қазақстан  гуманитарлық  колледжі  білім 



алушыларының  өз  мамандықтарына  сәйкес  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінде 

қолданылатын 

ойын 


технологиясын 

іс-тәжірибеде 

қолдануларының маңызы зор. 

Әлем  педагогикасында  ойын  –  белгіленген  ережелері  бар,  бір  мақсатқа 

жету  үшін  ойыншылар  арасындағы  сайыс  пен  жарыс  ретінде  қарастырылады. 

Ойын ең алдымен қарым – қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау 

жолындағы әлеуметтік мәдени ерекшелік болып табылады. 

Отандық  педагогикада  ойын  іс-әрекетінің  негізін  Н.К.  Ахметов,  Ж.С. 

Хайдаров еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды 

жолдарының бірі – ойын элементтерінің  тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. 

З.Фрейд  теориясы  өмірде  жүзеге  аспаған  тілектерді  ойын  арқылы  іске 

асыру  деп  біледі.  Ойын  өмірдің  әдемілігі  мен  сәнін  мадақтайтын 

шығармашылық  белсенділікке  айналады  деген.  Ал  Л.С.  Выготский  мен  оның 

оқушыларының  пікірінше  ойында  ең  маңыздысы  –  адам  ойнай  отырып,  өзіне 

қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды. Осы ойларды 

негізге ала отырып, ойын – білу және үйрену, адамның ойнай отырып, өзіндік 

білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. 

Бүгінгі 


таңда 

мектепке 

дейінгі 

мекемелерде 

ойын 

оқыту 


технологиясының  мақсаты  -  дидактикалық,  тәрбиелік,  дамытушылық, 

әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойын  технологиясының  ерекшелігі 




399 

 

ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі  жеке  бастың  өзіндік  талап-



талғамдарына 

сүйенеді. 

Баланың 

бойындағы 

білімділік, 

танымдық, 

шығармашылық  қасиеттерін  аша  түсуді  көздейді.  Ойын  -  оқу  да,  еңбек  те. 

Ойын  айналадағы  дүниені  танудың  тәсілі.  Сонымен  қатар,  ойын  өмірде 

кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын  үйретіп  қана  қоймайды,  олардың 

ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады. 

Білім  алушылардың  білім  беру  мекемелерінде,  білім  беру  міндеттерінің 

негізгілерінің  бірі  -  баланы  шынайы  жағдайындағы  өмірге  дайындау.  Ұлы 

педагог 

В.А.Сухомлинский: 

«Ойынсыз, 

музыкасыз, 

ертегісіз, 

шығармашылықсыз,  қиялсыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой  тәрбиесі  болмайды»  - 

дейді. Демек, баланың ақыл-ойы парасатты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы 

байи түспек. 

Білім  алушылардың  білім  сапасын  арттыруда  оқытушы  бала  дамуының 

мынадай 


негізгі 

белгілерін: 

дербестігін, 

проблемалық 

ситуация, 

шығармашылық  таным  әрекетін,  диалектикалық  ойлауы  мен  сөйлеуін 

қадағалап, балалар мен жеке, дара ойын жұмыстары жүргізіледі. 

Баланы  жан  –  жақты  дамыту,  дербестікке  тәрбиелеу,  бала  санасында 

нәрселер  әлемі  мен  ойлау  әрекетінің  бірігуі.  Оқыту  баланың  дамуына  сәйкес 

табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін - өзі дамытады. Мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  білім  беру  саласында  өзіндік  із  қалдырған  М.Монтессори 

педагогикасының ұраны: «Мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» 

деуіне жету [3]. 

Бүгінгі  таңда  инновациялық  технологиялар,  оның  ішінде  ойын 

технологиясы  сапалы,  кәсіби,  құзіретті  мамандарды  даярлауда  тиімді 

әдістерінің бірі болып отыр. 

Осыған  орай  колледж  білім  алушыларының  кәсіби  коммуникативтік 

құзіреттіліктерін  дамыту  мақсатында  ашылған  педагогикалық  шеберхананың 

атқаратын  маңызы  зор.  Педагогикалық  шеберханада  кәсіби  мамандарды 

даярлауда  теориялық  -  әдістемелік  білімдерін  іс  –  тәжірибе  жүзінде 

қолданылуына  толықтай  жағдай  жасалынған.  Осы  шеберханамызда  ойын 

технологияларын кеңінен қолданылады. 

Ойын түріне қарай: 

-  Драматизациялық ойындар 

-  Саусақ ойындары 

-  Сюжетті – рөлді ойындар 

-  Дидактикалық ойындар 

Дидактикалық  ойындардың  түріне  қарай  түрлі  тақырыптарда  білім 

алушылар  теориялық  білімді  алғаннан  кейін,  оны  іс-тәжірибе  жүзінде 

қолданады.  Мысалы  мына  ойын  түрлерін  білім  алушылар  өз  беттерімен 

жүргізіп, нәтижесі қандай болғанын аңғара білді. 

Саусақ  ойындарына  тоқтала  кетсек,  бұл  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасын 

тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақтардың 

көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау 

болып  табылады.  Саусақ  ойыны  арқылы  білім  алушылар,  мектепке  дейінгі 



400 

 

мекемедегі  балалардың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы 



артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылатынын  байқай  білуі  шарт. 

Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды, 

жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Төменде саусақ 

ойынының бір түрінің жүргізілу үлгісі көрсетілген. 

Тақырыбы: «Саусақтар сәлемдеседі» 

Мақсаты:  Саусақтарының  қозғалыс-қимылына

 

қарап,  сөзді  айту  және 



өлеңдегі  үйренген  сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде  сақтау, 

балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді 

бағдарлай алуды үйрену. 

 

Ойын  шарты:  Мұнда  бас  бармақ  ұшы  әр  саусақтың  ұшымен 



кезекпен  түйіседі.  «Адамдар  келеді».  Оң  қолдың  сұқ  саусағы  мен  ортаңғы 

саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. 

 

Ойын  түрін  білім  алушылар  жасай  келе  мынадай  қорытынды 



жасалынды:  бұдан  шығатын  нәтиже,  саусақ  ойындарын  іс-тәжірибе  жүзінде 

жүргізу  арқылы  білім  алушылар  мектепке  дейінгі  балалардың  саусақтарының 

нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі 

мен  ойлау  қабілеттерін  дамытатынына  көз  жеткізді.  Яғни  коммуникативтік 

сөйлеу  әрекетінің  қай  түрі  болса  да  лексикалық-  грамматикалық  дайындық 

деңгейіне  сүйенеді.  Білім  алушының  тиісті  лексикалық  қоры,  сондай-ақ 

грамматикалық білімі  болуымен бірге, ол  бұларды  сөйлеу  барысында  меңгере 

түседі [4]. 

Осы  саусақ  ойындарын  әр  жас  ерекшелігіне  байланысты  топтастыра 

отырып, білім алушылар кіші топтарда: "Добым", "Қайық", "Құлып", "Қазым": 

ал  орта  және  ересектер  топтарында:  "Қоян",  "Әтеш",  "Ешкі",  "Ақ  тауық", 

"Торғай" ойындарын ұйымдастырады. 

 

 

 



1 сурет. Білім алушылардың ертегіні сахналау сәтінен көрініс 

Шеберхананың  "Көркем  әдебиет"  орталығында,  білім  алушылар 

балалардың  қызығушылықтарын,  ұнайтын  әрекеттерін,  сүйікті  ертегілерін 

айқындап, 

көрнекі 

ұйымдастырылған 

ертегі 

қойылымдарын 

драматизациялайды. Соның бірі "Шалқан" ертегісін сахналаудағы мақсат білім 

алушылардың  тілін  дамытып,  ертегіге  қызығушылықтарын  арттыру,  достыққа 

тәрбиелеу. 

Жүргізілу барысында білім алушылар ертегі кейіпкерлерін таңдап, рөлге 

бөлінеді. Сол бойынша арнайы сахнада ертегінің желісі бойынша жүргізеді. 



401 

 

Бұл ойынды іс-тәжірибеде жүргізіп, мынадай нәтижеге ие болдық: ойын 



арқылы  ақыл  ойы  мен  сөздік  қоры  толығады,  бір-бірімен  қарым-қатынасқа 

түсіп  сөйлеседі,  бір-бірлерін  бақылайды.  Осы  қасиеттер  кәсіби  шеберліктерін 

шыңдауда кеңінен қолданды. 

Сонымен, болашақ мамандардың кәсіптік коммуникативтік құзіреттілігін 

ойын  технологиялары  арқылы  тиімді  пайдалану  арқылы  жүзеге  асыруға 

болады.  Сондықтан  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  білім  алушылардың 

қызығушылықтарын  ой  толғаныстарын  ояту  аса  қажетті.  Өз  үйренгендерін 

саралап,  салмақтап,  оны  қандай  жағдайда  қолдану  керектігін  ой  елегінен 

өткізеді, технологияны ұтымды пайдалану арқылы пәнге қызығушылық артып, 

сөздік қоры молайғанына көз жетеді. 

«Ойын  баланың  алдынан  өмір  есігін  ашып,  оның  шығармашылық 

қабілетін  дамытады,  ойынсыз  ақыл-ойдың  қалыптасуы  мүмкін  емес»  -  деп 

кеңес  педагогы  В.А.Сухомлинский  айтқандай,  жаңашыл  білім  тәрбиеші 

даярлауға  қойылатын  талаптар  білім  алушыларды  оқытудың  жаңа  түрлерімен 

қаруландыра  отырып,  қазіргі  уақыттағы  кәсіптік  дағдыларын  игеруге 

бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізу заман талабынан туындап отыр. 

Бұл  кәсіптік  техникалық  білім  беру  саласындағы  мамандарлы  даярлаудағы 

білім  берушінің  педагогикалық  шеберлігімен  қатар  жауапкершілігінің  негізі 

болып табылмақ. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Н.Ә  Назарбаев  «Қазақстан  жолы  -2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» Жетісу газеті,18.01.2014ж. 

2. К.Ж.Бұзаубақова.  Жаңа  педагогикалық  технология.  Оқулық.  Тараз. 

ТарМУ. 2003. 

3. А.К.Ахметов.  Принципы  технологии  и  содержание  образовательной 

программы. Алматы.1995. 

4. Қ.М.Нағымжанова,  Н.М.  Нұрғазиева  «Бастауыш  білім  берудегі  жаңа 

технологиялар». 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет