Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет140/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250
Асел Кадыровна Мұхаметқажина 

«Би Боранбай атындағы орта мектебі»КММ 

ШҚО Тарбағатай ауданыҚызыл кесік ауылы 

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

«Ағылшын  тілі  сабағында  оқушылардың  функцияналдық  сауаттылығын 

дамыту»  тақырыбындағы  баяндамасында      функцияналдық  сауаттылық,соның 

ішінде  оқу  сауаттылығы  жайында    толық    мағлұмат  берілген.  Оқушылардың 

ағылшын  тіліне  деген  қызығушылығын,  ойлау  қабілетін,  сөйлеу  дағдыларын 



402 

 

қалыптастыруға 



баса 

назар 


аударған. 

Құрастырған 

тапсырмалары 

оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынасқа түсуіне бейімдейді. 

 

Басты  сөздер:  оқу  сауаттылығы,  ағылшын  тілінің  сауаттылығы, 

коммуникативтік құзыреттілік, мәтінмен жұмыс. 

 

Ақпараттық  кеңістікті  кеңейту  және  әлемдік  қоғамдастыққа  кіру 



жағдайында  адамзат  ресурстарының  қалыптасуындағы  білім  беру  рөлінің  өсуі 

еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейінің  өлшемдері  ретінде 

мектептің  білім  беру  жүйесін  жаңа  талаптар  бойынша  жоспарлауы  үшін 

маңызды.


 

Функционалдық  сауаттылық,  кеңінен  алғанда,  тұлғаның  мектепте  алған 

білімі,  білігі  мен  дағдысын  адамзат  қызметінің  әртүрлі  саласында,  сонымен 

бірге  тұлғааралық  қатынастар  мен  әлеуметтік  байланыстарда  кездесетін 

тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

 

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау 



аясында  функционалдық  сауаттылықтың  мынадай  түрлері  бағаланады:  оқу 

сауаттылығы 

(қазақ 

тілі, 


орыс 

тілі); 


математикалық 

сауаттылық; 

жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

 

Оқу  сауаттылығы  –  оқушылардың  мәтін  мазмұнын  түсіне  білуі  және 



оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана 

білу,  қоғам  өмірінде  белсенділік  таныту  мақсатында  білімдері  мен 

мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

 

Осыған  орай,  Қазақстандағы  мектептегі  білім  беру  жүйесі  балалардың 



дағдыларын  дамытуда  әртүрлі  оқу  және  өмірлік  жағдаяттар,  тұлғааралық 

қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастар  білімін  қолдануға  бағытталуы  тиіс. 

PISA зерттеуінде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді 

ұғына  оқу  қабілеттігі  және  оларға  рефлексия,  олардың  мазмұнын  өз 

мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  қолданылуы,  білімдері  мен  дағдыларын 

қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы деп түсінуге болады.



 

Оқу 


сауаттылығының  мазмұны:  «біртұтас»  тақырыптар  (прозалық  шығармалар, 

суреттеу, 

түсіндіру, 

аргументтеу); 



дискретті 

мәтіндер 

(графиктер, 

форма,ақпаратты  беттер).



 

Оқу  сауаттылығын  тексеру  оқу  техникасы  немесе 

мәтінннің мазмұнын нақты түсінуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген 

білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  ептіліктерін 

бағалауға  бағытталған.  Оқу  сауаттылығын  бағалау  барысында  үш  аспекті 

есепке  алынады:  оқу  материалдардарының  форматы,  тапсырманың  түрі, 



мәтіннің  қолдану  жағдайы  немесе  мақсаттары.  Зерттеу  барысында  мәтінді 

толық  түсінгенін  дәлелдейтін  машықтары  мен  меңгере  білу  деңгейлері 

бағаланады:  мәліметті  табу,  мәтінді  түсіндіріп  беру,  мәтіннің  мазмұнына 

немесе  оның  формасына  рефлексия  және  олардың  бағасы.  Мәтіннен  мәлімет 

таба  білуді  бағалау  үшін,  мәтінді  қарап  шығып,  оның  негізгі  элементтерін 

анықтау  және  сұрақтан  гөрі  қажетті  (синонимдік)  форманы  бейнелеген 

мәліметті  іздестіру  үшін  тапсырмалар  қолданылады.  Оқушылардың  мәтінді 



403 

 

түсіндіріп  беру  қабілетін  бағалау  барысында  мәтінде  берілген  әртүрлі 



мәліметтерді  салыстыру,  автордың  сипаттаған  ойларынан  қорытынды  жасау 

немесе  мәтіннің  мәнін  түсіну  ұсынылады.  Рефлексияны  бағалау  барысында 

мәтіннің мазмұны  немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында 

мәтіндегі  мәліметтерді  өзге  де  ақпарат  көздерінен  алған  білімдерімен 

байланыстыра  бөлуі,  мәтінде  берілген  бекітулерді  өмір  туралы  өз 

көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет