Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет190/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   250
Айгүл Өтегенқызы Тілепова  

Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы білім  

басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға  

арналған облыстық арнайы мектеп  

интернаты» КММ директоры 

 


553 

 

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТАНУ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Жаһандану  аясындағы  тәуелсіз  еліміздің  гүлденіп,  өсіп-өркендеуі  әр 



адамзаттың  денінің  саулығы  мен  толыққанды  дамуы  және  білім  сапасының 

маңыздылығын дәлелдейтін бәрімізге айқын.  

Қазіргі кезде табиғат экологиясына байланысты, физиологиялық жағынан 

дамуында  әр  түрлі  кемістіктері  бар  сәбилер  дүниеге  көптеп  келуде,  Қазір 

қоғамның алдында, осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге әлеуметтік 

бейімдеу,  мәселесі  тұрса,  ал  арнайы  мамандарымызбен,  ғылымдарымыздың 

алдында олардың түзету бағытында, жақсы нәтижелер беретін әдіс, тәсілдерді 

ойлап табу жұмыстары,  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр.  

Тіл  -  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасу,  қарым-қатынас  құралы, 

мәдени  және  рухани  өсуінің  басты  көрсеткіштерінің  бірі.  Кезінде  тіл  туралы 

Антуан  де  Сент  –Экзюпери  «Жер  бетіндегі  ең  үлкен  байлық  адамдардың  бір-

бірімен  тілдесуі»  деген  екен.  Сөйлегенге  дейінгі  кезеңдер  негізгі  мақсат  

баланы сөйлеуге үйретіп, ой-өрісінің одан әрі дамуына әсер ететін сөздік қорын 

қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі, 

күшті  қарқынмен  күн  санап  дамитын  және  кез  келген  дыбысқа  еліктегіш, 

қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілгіш келетінін әр кез есте сақтау 

керек. Баланың анық сөйлеуі, сөзді меңгеріп, оны өз сөз қорында пайдалануы, 

айтылған сөзді түсінуі, оның білім денгейінің көтерілуімен тығыз байланысты. 

Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  тіл  кемістігі  дұрыс  анықталса,  неғұрлым 

түзете-дамыту,  оқыту  (ТДО)  жұмысы  ерте  және  жүйелі  түрде  жүргізілсе, 

соғұрлым сөйлеу тілінің дамуы нәтижелі болмақ. Сондықтан  тіл кемшіліктерін 

түзету  үшін дыбыстың  артикуляциялық  қалпын,  бұзылу  түрлерін бейімдейтін, 

себептерін  түзету  тәсілдерін  және  түзету  жұмысының  жоспарын  дұрыс 

ұйымдастыра  білу  қажет.  Көптеген  сурдопедагогтар  Э.И.  Леонград,  Ф.Ф.  Рау, 

Э.Ф.  Рау,  Н.Т.  Шматко  естімейтін  балаларды  ауызша  сөйлеу  тілін 

қалыптастыру  әдістемелері  мен  жетілдірудің  оңтайлы  жолдарын  іздестіруде. 

Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  үшін, 

есту  қабілетінің  төмендеу  мен  дамуына  кедергі  келтіретін  басқа  факторларды 

жеңуге бағытталған жұмыс істеу қажет. 

Жұмыстарды  жүзеге  асырмас  бұрын  баланың  тіл  кемістігі  туралы  дәл, 

нақты  диагноз  қоя  алу  керек.  Тіл  кемістігі  -  дегеніміз  сөйлеу  қабілетінің 

психофизиологиялық  механизмнің  бұзылу  салдарынан  сөйлеушінің  сөйлеу 

тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуы. 

Жалпы  тіл  кемістігі  қатынас  теориясы  бойынша  ауызша  сөйлеу 

қатынасының  бұзылуы  деп  есептеуге  де  болады.  Сөйлеу  қабілетінің  немесе 

сөйлеу  жүйесінің  құрамдарының  төмен  денгейде  қалыптасуы  сөйлеу  тілінің 

жетілмеуі  деп  саналады.  Сөйлеу  тілі  құрамының  әр  түрлі  бөлімдерінің  сөздік 

қоры  граматикалық  құрылысының  мөлшерден  ауытқуы  және  тілдің  негізгі 

функциялары  –  қарым-қатынас,  ойлау  қабілеттерін  атқара  алмауы  –  тіл 

кемістері болып саналады. Ол ауытқулар әр балада әр түрлі денгейде кездеседі. 




554 

 

Тіл  кемістіктерінің  негізгі  себебі,  сыртқы  және  ішкі  зияндық  факторлардың 



немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі. 

Сөйлеу тілінің бұзылуы немесе тіл кемістігін төмендегідей сипаттауға болады: 

1)  Бұзылу өз бетінше пайда болады, ол жоғалмайды, қайта бекиді; 

2)  Сөйлеу тілі сөйлеушінің  жас мөлшеріне сәйкес келмейді

3)  Сөйлеу тілінің жеке ерекшеліктеріне байланысты нақты логонедиялық 

ықпал жасауды талап етеді; 

4)  Сөйлеу  тілінің  бұзылуы  баланың  одан  әрі  дамуына  жағымсыз  әсерін 

жиі тигізеді. 

5)  Сөйлеу  тілінің  психофизиологиялық  механизмнің  ақаулықтармен 

байланысты. 

Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының ғалым 

қызметкерлері 

Р.Е.Левина, 

Н.А.Никашкина, 

Г.А.Кани, 

А.Ф.Спирова, 

Г.И.Жаренкова сияқты т.б. 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп 

жасындағы  балалардың  тіл-кемістіктерін  жан-жақты  зерттеп,  қорытынды 

нәтижесін  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеді.  Дыбыстарды  бұзып,  айтуы 

фонематикалық  есту  қабілетінің  дамымауы,  сөздік  қоры  мен  грамматикалық 

сөйлем  құрылысының  артта  қалуы  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың 

барлығына тән кемшілік болып табылады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  айналасындағылармен  тілдесіп  сөйлесе 

алады,  бірақ  сонда  да  өзінің  айтайын  деген  ойын  анықтап  түсіндіре  алмайды. 

Бұл  жағдайда,  бала  өмірден  алған  тәжірбиесінің  нәтижесінде  күнделікті 

тұрмыстағы  өзіне  жақсы  таныс  болып  қалған,  заттың  атын,  түсін  ,  тұлғасын, 

сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. 

Олар  өздерінің  үй-іші  туралы,  айналасындағы  болып  жатқан  тіршілік  туралы 

емін еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастыра алады. 

Мұнда  баланың  сөйлеу  тілінің  бір-бөлігінің  дамымауын  айқындайтын 

көріністі  көруге  мүмкіндік  туады.  Бала  ауызекі  сөйлескенде  өзінің  тілі 

келмейтін  қиын  сөзді,  нақышты  сөз  тіркесін  айтпауға  тырысады.  Сонымен 

қорыта айтқанда сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын 

сөздердегі  буындардың  бұзылуы  байқалады.  Бұл  денгейде  балалар  септік 

жалғауларды,  жұрнақтарды  қолдануда  қате  жібереді,  сөз  өзгерту  қабілеті 

мүлдем  дамымаған.  Олардың  қарым-қатынасының  жақсаруы  ересек 

адамдардың, мамандардың көмегін қажет етеді. 

Сондықтан, бастауыш мектептерде ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие 

беруде және оларды  дамытуда  мынадай  қағидалар басшылыққа  алынады: 

1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды,  шәкірт  ұғымына 

сай  келетін,  анық  та  дәл,  көркем  тілмен  жазылған    материалдарды    іріктеп  

алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға  міндетті

2.  Балаларды  дәл,  анық,  бейнелі  сөйлеуге  жүйелі  түрде,  үнемі  

дағдыландырады; 

3.  Көркем  шығармалар  арқылы  білім  бере  отырып,  балалардың  

сезімдеріне    әсер  етіп,  адам  баласына    қажетті  моральдық  қасиеттер, 

адамгершілік  мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады. 



555 

 

Жалпы  айтқанда,  балалардың  сөйлеу  тілінің  дамуы,  есту  қабілетінің 



бұзылуына  байланысты  болады.  Егерде  балада  неғұрлым  есту  қабілеті  төмен 

болса, соғұрлым сөйлеу тілінің дамуы да төмен болады. Есту қабілеті бұзылған 

бала сөйлеу тілін тек арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, олардың сөйлеу 

тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Бұл балалар 

өзі  сөйлеу  тілінде  қолданатын  сөздерді  ғана  жақсы  түсінеді.  Балалардың 

сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды. Олар мағынасы мен дыбысталуы 

ұқсас  сөздерді  ауыстырады.  Сөйлеу  тілінің  тәжірбиесінің  аздығы,  сөздік 

қорының таяздығы, тілдік грамматикалық құрлысын меңгеруге әсер етеді. Есту 

қабілеті бұзылған балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты айқын 

емес, көңілсіз болады. Мұнда балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс 

қоя  алмайды.  Ал  енді  дыбыстану  дағдыларын  қалыптастыру  екі  бағытпен 

жүреді. Олар: 

1) Мұғалімнің сөйлеу тіліне еліктеу әдісі. 

2) Дыбыстануды арнайы оқыту әдісі. 

1-ші  әдіс  бойынша  балалалардың  фронтальді  (жалпы)  және  индивидуальды 

(жеке)  сабақ  барысында  есту  қабілетін  дамыту,  яғни  мұғалімнің  сөзін,  естіп 

көру, есту арқылы үлгісін қайталауға ұмтылу қарастырылады. 

2-ші  әдіс  балаларды  жеке  сабақтарда,  дыбыс  қою  кабинетінде,  күнделікті 

фонетикалық жаттығу кезінде орындалады. Арнайы оқыту сабағының мазмұны, 

дауыстың  қалыпты  биіктігін  күші  және  ырғағын  қолдана  білу,  сөйлеуі  тілін 

дамыту, сөздің жеке және екпінмен дыбыстану әдістерін қамтиды. 

Бұл  екі  бағыт  бойынша,  біздің  байқағанымыз,  есту  қабілеті  бұзылған 

балалар  бір  –бірімен  есту  мүмкіндігімен  (қалдық  есту  арқылы)  фонетикалық 

элементтерді  өңдеу  сапасын,  оларды  менгеру  мерзімімен  ерекшеленеді. 

Баланың  сөйлеу  тілінің  дамуына  оның  тұрақты  зейіні,  салмақтылығы,  есте 

сақтау  қабілеті,  зердесінің  дамуы  және  жалпы  дамуының  әсері,  оның  арнайы 

педагогикалық  жағдайда  құрылған  сөйлеу  тілін  жақсы  және  тез  меңгеруіне 

себебін тигізеді. 

Біз  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  жұмыс  жасау,  жұмыстарын  жинақтай 

келе, мынандай негізгі теориялық қағидаларды бөліп көрсетеміз: 

-  Мектепке  дейінгі  даярлық  тобындағы  балаларға  сөйлеу  тілін  дамыту 

және түзету жұмыстарын ерте жүргізу. 

-  Дауыспен  жұмыс,  тыныспен  жұмыс  және  дыбыспен  жұмыс  әруақытта 

біртұтас болуы. 

- Балалардағы қалдық есту қабілетін мүмкіндігі барынша көп қолдану. 

- Баланың жеке ерекшелігін, дербестігін есепке алу. 

Баланың  сөйлеу  тілін  дамыту  дауыспен,  тынысып,  дыбыспен  тығыз 

байланысты. Зерттеу жұмысымызды қорыта келе, жасаған болжау төмендегідей 

бекітіледі: есту қабілеті бұзылған балалардың тіл кемістігі дұрыс анықталғанда, 

неғұрлым балаға түзету - дамыту, оқыту (ТДО) жұмысы ерте және жүйелі түрде 

жүргізілсе, соғұрлым сөйлеу дамуы нәтижелі болады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 




556 

 

1. А.О.Малдыбаева, 



Э.Ә.  Орынбаева.  «Дефектология  негіздері». 

Шымкент 2007. 

2. Н.М.Назарова. Специальная педагогика. Москва, 2006. 

3. К.С. Тебенова.  Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық  құрал. 

Қарағанды, 2003. 

4. Ж.И.  Намазбаева,  Р.А.  Сулейменова.  Дефектологиялық  сөздік. 

Алматы 1993. 

5. А. Әбілқаев «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»  Алматы,  Санақ, 1999. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет