Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет192/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Райкул Ибраевна Тожыбаева 

Өскемен қ. № 3 көпбейінді мектеп-гимназиясының 

 бастауыш сынып мұғалімі 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 



ДАМЫТУДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ РОЛІ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  талдау 

жасалған.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың 

негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетілген. 



 

Түйін  сөздер:  Инновациялық  тәсіл,  функционалдық  сауаттылық,  өзгеріс 

динамикасы,



 

интербелсенді әдіс. 

 

Бала  құштарлығын  ояту  үшін  заман  талабына  сай  мұғалім  -  «ақпарат 



тасушы»  емес,  сол  ақпаратқа  жету  жолын  көрсетуші,  соны  әртүрлі  әдіс-

тәсілдермен  ұйымдастырушы.  Сонда  ғана  уақыт  алға  тартып  отырған  талап 

үдесінен  шыға  алады.  Сонымен  қатар,  білім  берудегі  инновациялық  үдерісті 

басқара  алуы  да  тиіс.  Ал  оқу  мен  оқытудағы  инновация  дегеніміз  табысты 

оқытудың  жүзеге  асуын  қамтамасыз  етіп,  ынталандырып  отыратын  әдіс-

тәсілдерді өз жұмысында ұтымды пайдалану  болып табылады. 

Инновациялық  тәсіл  оқытуға  өмірдің  өзгеріс  динамикасының 

ерекшелігіне  негізделген  жаңалық  енгізу  үдерісіне,  тұлғаның  мұқтаждығын 

қамтамасыз  етуге,  әлеуметтік  пайдалы  білім  беруге,  тұлға  бойында  өз  пікірін 

дәйектей  алатын,  айналасындағыларды  сендіре  білетін,  қарым-қатынастағы 

шынайылық пен тең құқылыққа бағытталады [1]. 

Бүгінгі  таңда  тұлғаны  басқару  емес,  оның  даму  үдерісін  басқару 

керектігін уақыт көрсетіп отыр. Мұғалім өз жұмысында басымдылықты тікелей 

педагогикалық  қатынасқа  түсуге  беру  керек  дегенді  білдіреді.  Тікелей 

педагогикалық  қатынасқа  түсе  отырып,  бұрынғыдай  үндеу  тастаудан,  артық 

уағыз  айтудан,  дидактикадан  арылып,  олардың  орнына  қатынасқа  түсудің 




563 

 

диалогтік  әдісін,  ақиқатқа  бірге  жету  жолын  іздестіруді,  жағдаяттар  тудыра 



отырып, оқыту мен тәрбиелеуді қойып отыр. 

Негізгі  әдістемелік  инновациялар  бүгінгі  таңда  оқытудың  интербелсенді 

әдістерін қолданумен тікелей байланысты. Интербелсенділік өзара әрекеттесуді 

немесе  біреумен  не  бірдеңемен  (мысалы,  компьютермен)  диалогтік  қатынаста 

болуды  білдіреді.  Бұдан  шығатын  қорытынды  интербелсенді  оқыту  дегеніміз 

бұл  –  бәрінен  бұрын  оқытушы  мен  білім  алушы  өзара  қатынасқа  түсетін 

диалогтік оқыту. 

Осындай өзара белсенді қатынас жасау нәтижесінде: 

білім  беру  субъектілерінің  мағынасы  бір  кеңістікте  болуы,  яғни  бір 



мәселе төңірегінде ой бөлісуі, сол туралы ойлануы; 

бірыңғай  шығармашылық  кеңістікке  енулері,  яғни  қойылған 



проблемалық мәселеге бәрінің бірдей бір мезгілде шешім іздеуі

мәселені  шешудің  тәсілдері  мен  әдістерін  іздестіруде  келісімнің 



болуы; 

мәселені  шешуді  жүзеге  асыру  барысында  болатын  әртүрлі 



эмоционалдық  жағдайларды  топ  мүшелерінің  бәрінің  бірдей  бастарынан 

өткізуі. 

Интербелсенді  оқытудың  мәні  оқушылардың  барлығының  таным 

үдерісіне тартылуында, жаңа тақырыпты меңгерту барысында  мұғалім барлық 

білім  алушыларға  топтық  жұмыс  арқылы  тапсырма  бере  отырып,  олардың 

қатысуын  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  олар  өздері  нені  біледі,  нені 

меңгере  алған  жоқ  сияқты  мәселе  төңірегінде  ойлана  отырып,  өз  әрекеттеріне 

рефлексия  жасай  алады.  Оқушылардың  бірлескен  әрекеті  нәтижесінде  әркім 

өзінің  қолтаңбасын  қалдырады:  білімдерімен  алмасады,  бір-бірінен  жаңа 

ақпарат  алады,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  үйренеді.  Осының  барлығы  бірін-бірі 

қолдау, жағымды қатынас орнату түрінде жүзеге асып отырады. 

Интербелсенді оқыту жоғары технологиялар заманында жүзеге асырылып 

жатқандықтан,  адамға  жан-жақтан  түрлі  ақпарат  келіп  түседі,  сондықтан 

олардан  ақпараттармен  жұмыс  жасай  біліп,  қажетін  алып  қолдана  алу 

бейімділігін  қажет  етеді.  Оқуды  және  диалог  түрінде  оқытуды  белсендіруге 

ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең 

бөлінген  орын  екенін  білдіретін  фактіні  растайды;  сабақ  беру  мен  оқыту 

талқылау  үдерісінде  жүзеге  асырылуға  және  ынтымақтастық  қолдануға  тиіс, 

сондықтан  мұғалімдер  оқушыларға  өз  бетінше  орындау  құқығын  беретін, 

сыныпта  аса  демократиялық  атмосферасын  қалыптастыратын  тәсілмен  оқыту 

үдерісіне баса назар аударылуы тиіс. 

Бүгінгі таңда білім беру үдерісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып 

қарастырылатын  болды.  Бұның  өзі  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау, 

даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор 

міндеттер жүктейді. Екінші жағынан, оқушыдан да тұлға ретінде өзіндік «Мен» 

тұжырымдамасын  терең  түсіне  отырып,  өзінің  барлық  әлеуетін  дұрыс 

пайдаланып, таным үдерісінде белсенділік танытуды талап етеді. 



564 

 

Бүгінгі  күні  ғалымдар  бір  ауыздан  дерлік  білімнің  негізгі  екі  түрін 



көрсетіп жүр: 

-  репродуктивтік; 

-  конструктивтік. 

Философ  Джон  Дьюи,  психологтар  Жан  Пиаже  мен  Лев  Выготский, 

математик  және  логик  Алфред  Уайтхэд,  педагог  Т.Лешкевич,  философ 

Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өз қасиеттері бойынша 

бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үдерісін 

ажыратуға  болады:  репродуктивтік  тұрғыдан  білім  беру  өткен  дәуірдің 

әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі 

күннің білімі [1]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет