Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет216/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   250
Оқушыларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға  жұмылдыру  арқылы  оқу 

сауаттылықтарын дамыту 

 Қазіргі  жастар  дайын  ақпаратпен  жұмыс  істеуге  дағдыланған. 

Өздіктерінен ойлау, өзіндік пікірін ортаға салуға тілдік қорлары аз. Орыс тілді 

мектептерде  оқушылар  мәтінмен  жұмыстарға,  теориялық  тестерге  жақсы 

қалыптасқан,  ал  еркін  сөйлесуге,  өзіндік  пікірін  қазақ  тілінде  жеткізуге 

ұмтылыстары аз.  

Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың 

нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге 

бағытталады [1].  

 Сабағымда  оқушының  оқу  сауаттылығын  сыни  тұрғыдан  ойлау  арқылы  

«ой  шақыру»,  «мағынаны  ашу»,  «ой  қорыту»  сатыларында  «Талдау», 



634 

 

«Синтездеу»,  «Бағалау»,  «Модельдеу»,  «Салыстыру»,  «Дамыту»    сияқты    



әдістер мен тәсілдер ойластырылды.   

«Диалог-ертегі»  Ойынның  шарты:  мұғалім  не  бір  оқушы    кез-келген 

әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар бір-бір сөйлемнен әрі 

қарай  жалғастырады.  Оқушылар  бұл  қай  ертегі  екендігін  анықтаулары  керек  

және  ертегіні  өздерінше  аяқтайды.  Бұндай  тапсырма  оқушының  тілдік 

байланыс дағдысын дамытады, қызыға отырып, өз-өзін жетілдіреді, сенімділік 

пайда болады. 

 Оқушыларға  «Оқушы  мұғалім  ретінде»  деген  тапсырма  ойластыру 

арқылы  оның  сабақ  бойынша  алған  білімін  оқудың  түрлі  тәсілдерін  қалай 

меңгергендігін анықтауға бағыттала ұйымдастырылады.   

 Сабақтарда  оқушының  қиялын  кеңейтуге,  өмірмен  байланыстыруға, 

айналаға деген  көзқарасын  жаңа  заман талабына сай қалыптастыруға  «Егер  ... 

болмаса,  онда  ...»  деген  шығармашылық    болжам  жасауға  тапсырма  беремін. 

Олар  аяқталмаған  ойды  жалғастыру  арқылы    ойлауға,  керектіні  табуға, 

жүйелеуге үйренді.   

Оқу сауаттылығын дамыту үшін жасалатын рефлексия 

   


Сабақта айнаға қарап отырған қызды байқадым. Оны сабаққа жұмылдыру 

үшін  мына  тәсілді  қолдандым:  «осы  айнаға  қарап  отырып,  бүгінгі  оқыған 

сабақтың  мазмұнын  керісінше  жазып  шық».  Оқушы  мұндай  тапсырманы 

орындау  үшін  алдымен  сабақта  не  өткенін  түгел  еске  түсіріп  отырып,  жазу 

керек.  Содан  соң  оны  керісінше  жазу  керек.  Әрине  ол  үшін  адамның  ойлау 

логикасы дамыған, білімі бар және тыңдап отырған  адам ғана орындай алады. 

Бұл тапсырма оқушыны сабақта зейінмен тыңдауға, ойды жүйелей баяндауына, 

жазабаша монологтық жауап беру дағдысы дамиды.  

Жоғарғы  сынып  оқушылары  сабақта  партаның  үстіне  ұялы  телефон 

қойып қоятын әдеттері бар. Мұндай жағдайда оқушының бұл әрекетін пайдалы 

жағдайға  айналдыруды  ойластырамын.  Оқушыға  тақырып  бойынша 

интернеттен  қосымша  мәлімет  алып,  оны  аударып,  сабақтың  қорытынды 

бөлігіне  қосуды  ұсынамын.  Немесе  сабақ  бойынша  естіген,  білгеніңді  СМС 

арқылы нөмірге жіберуді ұсынамын. Оның бағаланатынын ескертемін. Оқушы 

бұндай  тапсырмаға  қызыға  ұмтылады  және  бұл  тапсырма  арқылы  мен 

оқушының  сауаттылығын,  алған  білімін  тексеруге  мүмкіндік  алсам,  ауызша 

жауап беруге қорғанған бала өз білімін көрсете алады, сөйтіп оқушы жазбаша 

сауаттылығын көрсете алады. 



Білім  беру  үшін  бағалау  және  оқуды  бағалау  арқылы  оқушының 

функционалдық сауаттылығын дамыту 

Жаңа  курс  бағдарламасы  мұғалімге  еш  уақытта  дайын  тапсырманы 

беруге,  оның  шешімін  дайын  ұсынуға,  немесе  тақырыпты  дайын  қалпында 

ұсынуға  болмайтындығын  үйретті.  Сондықтан,  қазіргі  сабақтарды  даярлаған 

кезде  әрбір  тақырыпты  «қалай  оқушыны  ойлантсам  екен?  Нені  ойластырсам, 

оқушы  білімді  өздігінен  алады?»  деген  сауал  күнделікті    тұрады.  Қазақ  тілі 

сабақтарында 

оқушының 

сауаттылығын 

дамыту 


тапсырмаларын 


635 

 

ойластырғанда, алдымен, тапсырманың ең биік шыңы қандай болуы керектігін 



критериалды бағалау өлшемдерімен құрастырамын.  

Мысалы: 11 сыныпта өткен «Ұлттық тағамдар. Домбыра» тақырыптарын 

өткенде алдымен оқушылар өз білімдері арқылы мәтін құрастырды, содан соң 

берілген  дайын  материал  арқылы  өлшемдер  беріліп,  соған  бағыттап  мәтін 

құрастырады.   

 

Критерий  бойынша 



бағалау: 

«Өте жақсы» 

Тағамдар неше түрге бөлінеді? 



Ет тағамдары қандай болады? 

Сүт тағамдары қандай болады? 



Нан тағамдары қандай болады? 

Ең сыйлы тағам не? 



Қонақтарға не беріледі? 

Күйеу балаға, келінге қандай ет береді? 



Еттен кейін не береді? 

Тамақтан соң үлкендер дастарханға не береді? 



Критерий  бойынша 

бағалау: 

«Өте жақсы» 

 Домбыра қандай аспаптың түріне жатады? 



Домбырада неше ішегі болады? 

Домбыра арқылы нелер ойналады? 



Домбыраның қандай бөлшектері бар? 

Домбыраны неден жасайды? 



Домбыраны кімдер ойнайды? 

Домбыра қазақ отбасының несі? 



Домбыраның қандай түрлері болады? 

Қандай атақты домбырашы-күйшілерді білесің? 



 

Қазақ тілі сабақтарын грамматикалық талдауды жаттығулар орындағанда 

көпшілік  мамандар  Н.Оразақынқызының  «Сатылы  кешенді  талдау» 

технологиясы  бойынша  талдатуды  қолданып  жүр.  Бұл  әсіресе,  оқушыларды 

ҰБТ – ке даярлауда септігі көп технология. Сондықтан, мен осы технологияны 

өзімше  әдебиетте  және  қазақ  тілінде  мәтінмен  жұмыс  жүргізгенде,  оқушыны 

сабақта  зерттеу  жұмыстарына  жұмылдырғанда  қолданып  жүрмін.  Ол  үшін 

мәтінді  зерттеудің  критерийлерін  ойластырдым.  Мысалы:  Мәтінді  сатылы 

кешенді талдаудағы критериалды бағалау: 

 

  



Ұпайлар   

Өлшемдер   

«5» 

Барлығы 61- 65 



ұпай 

Сөйлем түрлері – 10 

Сөйлем мүшелері – 5 

Сөз тіркестері - 5 

Синтаксистік  талдау  талаптары  толық: 

сөйлем  түрлері,  сөйлем  мүшелері,  сөз 

тіркестері. 

Сөз құрамы – 8 

Сөз таптары – 10 

Күрделі сөздер - 5 

морфологиялық 

талдау 


талаптары 

толық: сөз құрамы, сөз таптары, күрделі 

сөздер  туралы толық талданған. 

Барлығы  - 6 

лексикалық  талдау  талаптары  толық: 

синонимдер,  антонимдер,  омонимдер, 

көп 

мағыналы 



сөздер, 

тұрақты 



636 

 

тіркестер, мақал-мәтелдер. 



Әріп, дыбыс -2 

Буын – 3 

Тасымал – 1 

Үндестік заңы – 4 

Айтылуы, жазылуы - 1 

фонетикалық  талдау  талаптары  толық: 

әріп,  дыбыс,  буын,  тасымал,  үндестік 

заңы (ықпалдар), айтылуы мен жазылуы 

әр түрлі сөздер. 

Грамматикалық сауаты - 5 

қатесіз  жазылса,  таза  жазылса,  1-2 

қатесі болса. 

 4 

3-5 қате, 1-2 түзетуі болса 



6-8 қате, 3-5 түзетулер болса. 

9-11 қате, 6-8 түзетулер болса 



12-15 қате, 9-10 түзету болса. 

«4» 

50 – 60 ұпай 



 

«3» 


39 – 49 ұпай 

 

«2» 



38-ден төмен 

 

 



Мұндай  тәсіл,  біріншіден,  мәтіннің  мағынасын  толық  ашуға,  екіншіден, 

үзіндіні  автордың  қандай  тәсілдермен  құрастырғанын  зерттеуге,  үшіншіден, 

грамматикалық  талдауды  жүйелі  меңгеруге,  төртіншіден,  ҰБТ-ге  сапалы 

даярлануға,  бесіншіден,  өзіңнің  нақты  еңбегің  бойынша  бағалануға, 

алтыншыдан,    өзіңді-өзің  жетілдіруге,  сапалы  жазуға,  сауаттылыққа  толық 

мүмкіндік береді.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет